Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар

Сабақтың тақырыбы

Формуланы енгізу және көшіру

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Microsoft Excel бағдарламасында формула енгізуді, формулаларды көшіруді және ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыруды үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың Microsoft Excel-де жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау мен зейін қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың форматы мен ресурстар

Сабақ түрі

Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.

Көрнекі құралдар

  • ДК құрылғысы
  • Проектор
  • Кеспе қағаздар
  • Оқулық
  • Венн диаграммасы
  • Семантикалық карта

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгелдеу.
  • ТҚЕ (техника қауіпсіздігі ережелері) бойынша қысқаша еске түсіру.
  • Топтарға бөлу.
  • Оқушы назарын сабаққа аудару.

«Білгенге маржан…» сұрақ-жауап

  1. 1Кесте дегеніміз не?
  2. 2Электрондық кесте дегеніміз не?
  3. 3Жол, бағана және ұяшық деген не?
  4. 4Ең алғашқы электрондық кесте қай жылы пайда болды және оның атауы қандай?
  5. 5Жұмыс кітабы неден тұрады?
  6. 6Электрондық кестені қандай жағдайда қолдануға болады?
  7. 7MS Excel дегеніміз не?
  8. 8Excel-де құжатты қалай сақтайды?
  9. 9Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады?

Техникалық диктант

Бос орындарға қажетті сөздерді жазыңыз.

Сұрақ Жауап (үлгі)
1 Excel құжатының кеңейтілімі: ________ .xls
2 Құжат атауы мен терезені басқару элементтері ______________________ орналасқан. Тақырып жолағында
3 ______________________ әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан тұрады. Бас мәзір
4 Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою сияқты батырмалар ____________________ құрамына кіреді. Стандартты құралдар үстелі
5 ________________________ — мәтін параметрлерін және оның құжатта орналасуын баптауға арналған. Пішімдеу құралдар үстелі
6 Баған мен жол қиылысында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі — ________________ орналасқан. Ұяшық
7 Жұмыс парағы _________ бағаннан, ______________ жолдан және ___________ ұяшықтан тұрады. 256 баған, 65 536 жол, 16 777 216 ұяшық
8 Егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені ______ болады. F7
9 ______________ — логикалық тізбектер құрайтын ұяшықтар тізбегі. Қатар
10 Файл аты өрісіне кітап атын енгізіп, ____________ батырмасы арқылы сақтаймыз. Сақтау

Келесі қадам: сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Жаңа тақырыпты түсіндіру: формула

Формулалар — жұмыс парағындағы мәндер бойынша есептеулерді орындайтын теңдеулер. Формула әрқашан теңдік белгісінен басталады: =.

Қарапайым формула

Тұрақты мәндер мен амал таңбалары арқылы құрылады.

Мысал:

=5+2*3

Алдымен көбейту амалы (2*3) орындалады, содан кейін нәтижеге 5 қосылады.

Функция арқылы формула

Есептеуді жеңілдету үшін дайын функциялар пайдаланылады.

Мысалдар:

=SUM(A1:A2)

=SUM(A1, A2)

Екі формула да SUM функциясы арқылы A1 және A2 ұяшықтарындағы мәндерді қосады.

Автоқосынды (Автосумма)

Электрондық кестеде SUM (СУММ) функциясы жиі қолданылады. Жалпы қосындыны жылдам табу үшін қосылатын ұяшықтар ауқымын белгілеп, стандартты құралдар тақтасындағы Автоқосынды (Автосумма) батырмасын пайдалануға болады.

Есте сақтаңыз

Жасалатын формуланың түріне байланысты, формула төмендегі бөліктердің кез келгенін немесе барлығын қамтуы мүмкін.