Жаңа сабаққа дайындық
Математика · 1-сынып
7 санын қосу және азайту
Бұл сабақта оқушылар 7 санын қосу және азайту тәсілдерімен танысып, есептеу дағдыларын бекітеді. Жұмыс барысында логикалық ойлау, есте сақтау және шапшаң әрекет ету қабілеттері дамытылады.
Сабақтың мақсаты
Білімділігі
7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылығы
Логикалық ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту; бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге, өзіндік талдау жасауға және тапсырмаларды шапшаң орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі
Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу және тез шешім қабылдауға үйрету. Халық болжамдары мен қағидаларының мағынасын түсіндіру, 7 санының қасиетті сан екенін таныту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (амандасу рәсімі)
Амансыз ба, құтты күн!
Амансыз ба, ұстаздарым!
Амансыз ба, достарым!
Аманменен бастайық,
Бір-бірімізді сыйлайық.
II. Өткен сабақты пысықтау
«Кім жылдам?» ойыны
Жылдамдық пен дәлдікті дамытуға арналған қысқа тапсырмалар.
Кестені қайталау
2, 3, 4, 5, 6 сандарының қосу және азайту кестесін пысықтау.
Жұмбақ есеп
6 бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын 1 алма.
Тағы біреуін қосқанда,
Сонда болмақ қанша алма?
Жауабы: 7
III. Жаңа сабаққа дайындық
Қызығушылықты ояту
Жұмбақ
Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп бесеуін,
Тағы да алдым екеуін.
Алдым сонда нешеуін?
Жауабы: 7 (алдым сонда жетеуін)
Талқылау сұрағы
Жұмбақтың шешуінде қандай сан кездесті?
Негізгі жауап: 7. Осы санмен бүгін қосу және азайту тәсілдерін үйренеміз.