Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Пейзаж – табиғатты бейнелеу. «Шуақты көктем»

Бұл материал бейнелеу өнері сабағына арналған: оқушылардың жанрларды ажырата білу дағдыларын дамыту, көріністі дұрыс бейнелеуді үйрету және табиғатты суреттеу арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, ана тілі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды бейнелеу өнері түрлері мен жанрларын ажырата білуге үйрету; көзге көрініп тұрған нысанды дұрыс салуға, алыстаған сайын нысанның кішірейіп көрінетінін (перспектива) сақтай отырып бейнелеуге дағдыландыру; қатесіз әрі ұқыпты жұмыс істеуге баулу.

Дамытушылық

Живопись өнеріндегі пейзаж жанры туралы білімді тереңдету, байқағыштық пен көркемдік ойлауды дамыту.

Тәрбиелік

Қоршаған ортаны бейнелеу барысында ұйымшылдыққа, дербестікке, достыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік және құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Акварель бояулары
  • Көрнекі суреттер мен слайдтар

Сабақтың әдісі

Баяндау, үйрету, бағыттау және қажет кезде көмектесу арқылы оқушының өздігінен жұмыс істеуіне жағдай жасау.

Сабақтың жоспары

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Амандасу, түгелдеу, сынып тазалығын тексеру, назарды сабаққа аудару, құрал-жабдықтарды реттеу.

  2. 2

    Үй жұмысын тексеру

    Слайдтар арқылы сұрақ-жауап ұйымдастыру, негізгі ұғымдарды қайталау.

  3. 3

    Жаңа сабақ

    Живопись пен оның жанрлары, пейзаж жанрының ерекшелігі туралы түсіндіру.

  4. 4

    Өзіндік жұмыс

    Пейзажды («Шуақты көктем») акварельмен орындау, перспективаны сақтау.

  5. 5

    Сабақты қорытындылау

    Жұмыстарды талдау, негізгі ұғымдарды бекіту, кері байланыс.

  6. 6

    Бағалау

    Орындалу сапасы, композиция, бояу үйлесімі және ұқыптылық бойынша бағалау.

Қайталау сұрақтары (үй тапсырмасын тексеру)

1) Бейнелеу өнері дегеніміз не?

Бейнелеу өнері — айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта және кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

2) Бейнелеу өнері неше түрге бөлінеді?

Графика, живопись, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет өнері.

3) Қай өнер түрінде бояулар көбірек қолданылады?

Бояу түрлері көбіне живопись өнерінде қолданылады.

Живопись және негізгі жанрлар

Живопись — жазықтық бетінде бояулар арқылы орындалатын көркем шығарма. Орындалу ерекшелігіне қарай ол бірнеше жанрға бөлінеді.

Натюрморт

Жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарма.

Портрет

Адам келбетін бейнелейтін көркем шығарма.

Тарихи жанр

Белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдерді бейнелейтін көркем шығарма.

Батальдық жанр

Соғыс оқиғаларын және әскери тақырыптарды бейнелейтін көркем шығарма.

Маринистік жанр

Теңіз, көл сияқты су кеңістігін бейнелейтін көркем шығарма.

Пейзаж

Табиғат көрінісін бейнелейтін жанр; кеңістік, ауа перспективасы және жарық-көлеңке айқын көрінеді.

Мұғалім туралы

Пән мұғалімі

Бердимуратова Бақыткүл Омаркуловна

Бейнелеу өнері

Тақырып

Пейзаж – табиғатты бейнелеу

«Шуақты көктем»