Қалқаман - Мамыр поэмасы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Шәкәрім Құдайбердиев. «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі
Дәстүрлі
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар, үнтаспа
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Ішінара іздендіру, мәнерлеп оқу, баяндау
- Сатылай кешенді талдау
- Терминдермен болжау
- Дискуссиялық карта
- «Поэма кестесі» стратегиясы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Ш. Құдайбердиевтің шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, «Қалқаман – Мамыр» поэмасының мазмұнын меңгерту; тақырыбы мен идеясын ашу; композициялық құрылымына талдау жасау.
Дамытушылық
Сөйлеу тілін дамыту; көркем шығарманы түсініп оқу дағдысын қалыптастыру; талдау қабілетін және танымдық белсенділікті арттыру.
Тәрбиелік
Шынайы сезімді құрметтеуге, адамгершілікке, уәдеге беріктікке тәрбиелеу.
Поэманың тақырыбы — екі жастың бір-біріне деген адал махаббаты. Ал идеясы — уәдеге беріктікті, адал сезімді, сүйіспеншілікті дәріптеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың қатысуын тексеру, сабаққа назарын аудару.
- Әдебиет туралы ой қозғау: З. Қабдоловтың «Сөз өнері — ең қадірлі, ең қасиетті өнер» деген тұжырымы арқылы сабаққа кіріспе жасау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта өлең құрылымы мен ұйқас түрлеріне талдау жасалды. Абайдың «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы…» деген жолдарын тірек етіп, теориялық білім пысықталады.
Берілген тапсырмалар
- I қатар: 2, 3, 4 тармақты өлең жолдарына мысал жазу.
- II қатар: 5, 6 тармақты өлең жолдарына мысал жазу.
- III қатар: 7, 8 тармақты және 1–4 (не көп) бунақты өлеңдерге мысал келтіру.
Екі оқушыға жеке тапсырма беріледі: біреуі интерактивті тақтадағы шумақты құрылысына қарай талдайды, екіншісі өз өлеңіне сатылай кешенді талдау жасайды. Кейін жалпы сыныппен тексеру жүргізіледі.
III. Өткен сабақты қорытындылау
Тақтадағы шумақтарды ұйқасына қарай талдай отырып, төмендегі сұрақтар арқылы негізгі ұғымдар жүйеленеді.
- 1 Өлең дегеніміз не?
- 2 Шумақ дегеніміз не?
- 3 Бунақ дегеніміз не?
- 4 Қандай ұйқас түрлерін білесіңдер?
- 5 Қазақ өлеңдері негізінен қандай ұйқасқа құрылады?
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Өлең туралы сөз қозғалғанда қазақ поэзиясының биік шыңы — Абайдың есімі ойға оралады. Абай шәкірттері де ұлттық әдебиетіміздің төрінен орын алған. Солардың бірегейі — Абай тәлімін көріп, ақындық мектебінен өткен Шәкәрім Құдайбердиев.
- Оқушыларға «Шәкәрімнің қандай өлеңдерін білеміз?» деген сұрақ қойылып, бұрынғы білім еске түсіріледі.
- Үш оқушыға алдын ала ізденіс тапсырмасы беріледі; электрондық оқулықтан қосымша мәлімет тыңдалады.
- Шәкәрім шығармашылығы бойынша кесте көрсетіліп, поэмаларына қысқаша шолу жасалады.
- Суреттер арқылы поэманың мазмұнын болжау: «Поэма не туралы болуы мүмкін?» деген сұрақпен қызығушылық ояту.
- Оқулыққа сүйене отырып мазмұнды жан-жақты түсіндіру, проблемалық сұрақтар қою, үзінділерді мәнерлеп оқу.
V. Жаңа сабақты бекіту (топтық жұмыс)
I қатар
Композициялық құрылымға сатылай кешенді талдау
- Авторы
- Тақырыбы
- Оқиғаның болған кезі
- Оқиғаның басталуы
- Байланысы
- Дамуы
- Шиеленісуі
- Шарықтау шегі
- Шешімі
II қатар
Дискуссиялық карта арқылы пікір білдіру
III қатар
«Поэма кестесі»
- Поэма авторы
- Шәкәрім Құдайбердиев
- Поэма тақырыбы
- Адал махаббат
- Поэма идеясы
- Уәдеге беріктік, адал сезім, сүйіспеншілік
- Оқиға болған жер
- Оқушы жауабына сай толықтырылады
- Жағымды кейіпкерлер
- Оқушы жауабына сай толықтырылады
- Жағымсыз кейіпкерлер
- Оқушы жауабына сай толықтырылады
- Өзіңе ұнаған жері
- Оқушы жауабына сай толықтырылады
- Несімен ұнады?
- Оқушы жауабына сай толықтырылады
VI. Жаңа сабақты қорытындылау
Сабақ басында терминдер арқылы болжау жасап, оқиға желісіне жақын ой түйгеніміз байқалды. Шәкәрім бұл поэма арқылы өз дәуіріндегі қатыгез қағидаларға наразылық білдіреді.
Жырда Мамыр — еркіндікке ұмтылған, жүрек қалауына адал қазақ қызы; Қалқаман — махаббатына берік, батыр да қайсар ер. Сонымен бірге шығарма қазақ қоғамындағы туыстық қатынастардың беріктігін, салт пен танымның күрделі сипатын танытады.
VII–VIII. Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- 1 83-бет: сұрақтар мен тапсырмалар.
- 2 Поэма құрылысына сатылай кешенді талдау жасау.
Бағалау: оқушылардың жауап беру белсенділігі, мәтінді түсініп оқуы, талдау дәлдігі, топтық жұмысқа қатысуы негізінде жүргізіледі.