Өсімдіктерді жіктеу
Сабақтың тақырыбы
Өсімдіктердің тіршілігімен танысу және оларды жіктеу
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
Өсімдіктердің тіршілік үдерістерімен танысып, олардың жіктелуі мен жүйеленуін оқып-үйрену.
Негізгі нәтижелер
- Өсімдіктердің ортақ белгілерін түсіндіру.
- Көбею түрлерін (өсімді, жыныссыз, жынысты) ажырату.
- Жүйелеу сатыларын және «түр» ұғымын нақтылау.
Міндеттері
Білімділік
Білімнің маңызын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсенді әрі өз бетінше орындау; тапсырмаларды таңдап, ақпаратты өздігімен іздеу; сабақта пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізу.
Дамытушылық
Оқушының дүниетанымын кеңейту, рухани өсуіне жағдай жасау және жеке тұлға ретінде өзіндік пікірін қалыптастыру.
Тәрбиелілік
Табиғатты сүюге және қорғауға, туған ел мен жерді қадірлеуге, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, жан-жануарларды аялап күтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер жинақтамасы
- Кестелер, суреттер
- Ылғал препараттар
- Балдырлар мен саңырауқұлақтар жинақтамасы
Пәнаралық байланыс және әдістер
Пәнаралық байланыс
Маңғыстау өсімдіктер дүниесі, Биология (6-сынып)
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар, кестелер мен суреттер арқылы жұмыс.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Қажетті құрал-жабдықтарды реттеу.
- Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың ерекше өтетінін айтып, сыныпты екі топқа бөлемін: «Інжугүл» және «Раушангүл». Сабақ соңында әр топ өз атауына сәйкес сурет салып, қорғап көрсетеді.
Үй тапсырмасы: пысықтау (деңгейлік тапсырмалар)
Тапсырмалар оқушылардың деңгейіне қарай таңдалады. Төмендегі сұрақтар өткен бөлімдер: вирустар, бытыранықтар (бактериялар), саңырауқұлақтар және қыналар тақырыптарын қайталауға бағытталған.
І топ — «Інжугүл»
I деңгей
- Мақта өсімдігінде ауру тудыратын вирус.
- Бактерия жасушасына енетін вирус.
- Көзге көрінбейтін тірі ағзаларды зерттейтін ғылым.
- Бактерия спораларының қызметі.
II деңгей
- Өлі ағза денесінде тіршілік ететін бактериялар қалай аталады?
- Тұмау ауруын тудыратындар.
- Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.
- Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қор затының атауы.
III деңгей
- Талшығы бар спораның атауы.
- Споралар түзілетін орын.
- Нан ашытуға пайдаланылатын саңырауқұлақ.
- Көгілдір зең саңырауқұлағының атауы.
- Лимон қышқылын алуға пайдаланылатын саңырауқұлақ.
ІІ топ — «Раушангүл»
I деңгей
- Лимон қышқылын алуға пайдаланылатын саңырауқұлақ.
- Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемісті денесі неден тұрады?
- Саңырауқұлақтың өсімдікпен селбесуі (симбиоз) қалай аталады?
- Қызыл қалпақты улы саңырауқұлақ.
II деңгей
- Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ ішінде көрінбей жататын бөлігі.
- Қайыңқұлақ саңырауқұлағы: улы ма, усыз ба?
- Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ.
- Жүгері сабағында болатын паразит саңырауқұлақ.
III деңгей
- Тасқа жабысып өсетін қына қалай аталады?
- Қына денесін құрайтын балдыр қандай болады?
- Бұғы қынасының ғылымдағы атауы.
- Қынаның жақсы өсуіне қандай жағдай қажет?
- Қалалардың лас ауасында қына өсе ме? Неге?
Жаңа тақырыпқа кіріспе (байланыс)
Оқушылардың үй тапсырмасына жақсы дайындалғанын атап өтемін. 1-бөлімде тірі ағзалар әлемін 5 дүниеге бөлген едік: вирустар, бытыранықтар (бактериялар), саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар. Алдағы бөлімде өсімдіктер дүниесін қарастырамыз.
Білеміз
Өсімдіктер туралы бұрынғы білімді еске түсіру.
Білгіміз келеді
Жіктелуі мен көбею ерекшеліктерін нақтылау.
Білдік
Сабақ соңында қорытындылаймыз.
Өсімдіктердің негізгі топтары
Өсімдіктер жалпы төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер болып екі ірі топқа бөлінеді.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер
- Бұл топқа негізінен балдырлар жатады.
- Балдырлар біржасушалы да, көпжасушалы да болады.
- Сабақ, жапырақ сияқты мүшелері болмайды.
Бұрын төменгі сатыдағы өсімдіктер қатарына енгізілген қыналар қазіргі кезде тіршілік ерекшеліктеріне байланысты саңырауқұлақтар дүниесінде жеке бөлім ретінде қарастырылады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
- Тамыры, сабағы, жапырағы болады.
- Жыныс мүшелері көпжасушалы.
- Көбеюі: спора арқылы (мүктер, қырықбуындар, плауындар, қырықжапырақтар) және тұқым арқылы (ашық, жабық тұқымдылар).
Өсімдіктерге тән ортақ белгілер
Тіршілік үдерістері
Өсімдіктер барлық тірі ағзалар сияқты зат алмасу, қоректену, тыныс алу, көбею және тітіркену үдерістеріне қатысады.
Жасуша және ұлпалар
Өсімдіктер жасушалардан тұрады. Көпшілігінде түзуші, жабын, тірек, фотосинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар болады.
Өсу және мүшелер
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы болады және олар тіршілігінің соңына дейін үздіксіз өседі.
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктер өсімді, жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Көбею — жеке санының артуы, ұрпақ қалдыру арқылы түрдің сақталуын және табиғатта таралуын қамтамасыз ететін қасиет.
Өсімді көбею
Денеден бөлініп шыққан, өз бетінше тіршілік ете алатын бөліктер арқылы жеке санының артуы.
Жыныссыз көбею
Споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Қолайлы ортаға түскенде олардан жас өсімдік дамиды.
Спора
Талшығы болмайды. Спора түзілетін қалта балдырларда бір жасушадан, ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде көп жасушадан түзіледі.
Зооспора
Қозғалғыш спора; талшықтары болады. Әсіресе суда немесе ылғалы мол топырақта өсетін балдырларға тән.
Жынысты көбею
Қасиеттері әртүрлі гаметалардың қосылуынан зигота түзіледі. Ұрықтану кезінде гаметалардың цитоплазмасы мен ядросы қосылады.
Жынысты көбею нәтижесінде жас ұрпақтың тіршілікке бейімділігі және қолайсыз орта әсерлеріне төзімділігі артады.
Өсімдіктерді жіктеу және жүйелеу
Адамдар ерте кезден-ақ өсімдіктердің жемісін, тамырын және басқа мүшелерін тұрмыста пайдаланып келген. Сондықтан өсімдік түрлерін ажырату үшін оларды атау және жүйелеу қажеттілігі туған. Қазір жер бетінде шамамен 500 000-дай, ал Қазақстанда 5600-дей өсімдік түрі бар.
Жүйелеудің логикасы
Ұқсас өсімдіктер топтарға біріктіріледі: ұқсас түрлер — туысқа, ұқсас туыстар — тұқымдасқа, әрі қарай қатар, класс және бөлімге біріктіріледі.
Жүйелеу сатылары
дүние → бөлім → класс → қатар → тұқымдас → туыс → түр
Жүйенің ең кіші бірлігі — түр
Түр ұғымы даралардың бір-біріне ұқсастығына және өзара будандасып, өзіне ұқсас ұрпақ бере алуына байланысты қалыптасқан.
Түрді анықтауда ескерілетін белгілер
- Барлық белгілерінің ұқсас болуы.
- Экологиялық жағдайының ұқсас болуы.
- Таралу аймағының ортақ болуы.
Қорытындылау және бекіту
Семантикалық карта
Берілген өсімдіктерді тиісті бағандарға орналастырып, дәлелдеңіз.
| Ашық тұқым | Жабық тұқым | Дара жарнақ | Қос жарнақ |
|---|---|---|---|
| Арша, Шырша | Алма, Асқабақ, Қияр, Помидор, Картоп, Раушангүл | Інжугүл | Алма, Асқабақ, Қияр, Помидор, Картоп, Раушангүл |
Венн диаграммасы
«Білеміз — Білгіміз келеді — Білдік» бөліктерін толтырыңыз.
Сабақты бекіту (деңгейлік сұрақтар)
I деңгей
- Өсімдіктерге тән ортақ белгілер қандай?
- Жынысты көбею дегеніміз не?
- Түр дегеніміз не?
II деңгей
- Өсімдіктерді жіктеу дегеніміз не?
- Жыныссыз көбею дегеніміз не?
- Өсімдіктер қалай жүйеленеді?
III деңгей
- Жынысты көбеюдің басқа көбею түрлерінен айырмашылығы неде?
- Жіктеу мен жүйелеудің айырмашылығы неде?
- Жоғары сатыдағы өсімдіктердің қандай мүшелері бар?
Бағалау
Оқушылардың алған білімін бағалау маусымдық әдіспен жүргізіледі:
- 5 — сары жапырақшалар
- 4 — көк жапырақшалар
- 3 — жеміс-жидек түстес қызыл гүлдер
Үй тапсырмасы
- «Өсімдіктердің тіршілігімен танысу және оларды жіктеу» тақырыбын оқу.
- Өсімдіктерді жіктеу сызбасын (суретін) салу.