Оқушыларды топтарға бөлу

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Антоним сөздерді салыстыру арқылы анықтамасын оқушылардың өздері ой қорытып шығаруына бағыт беру.

Дамытушылық

Білім мен танымды кеңейту, жылдам қабылдауға ықпал ету, өз пікірін толық жеткізуге баулу және ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік

Адамгершілік қасиеттерге жетелеу, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Мотивация

  • Ұйымдастыру жұмыстары: оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқушыларды топтарға бөлу.
  • Дауыс беру арқылы топ жетекшілерін сайлау.
  • Слайд арқылы «Оқушы білімін есепке алу картасын» таныстыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау және бекіту

Миға шабуыл

Әр топқа арнайы сұрақтар қою арқылы өткен сабақ еске түсіріледі:

  1. 1 Лексика дегеніміз не?
  2. 2 Омонимдердің анықтамасын айтып, мысал келтіріңдер.
  3. 3 Күнделікті өмірде омоним және синоним сөздерді қаншалықты жиі қолданасыңдар?

Оқушылардың омоним мен синоним сөздерге құрастырған өлеңдері мен мақал-мәтелдері тыңдалады, талданады.

III. Мақсат қою

  • Жаңа тақырыпқа берілген мысалды оқып, оқушылардың өздеріне ереже шығарту.
  • Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы білімді кеңейту.
  • «Антоним» сөзінің қай тілден шыққанын және жасалу жолдарын таныстыру.

IV. Жаңа сабақ

Өзіндік ізденіс — білімнің негізі. Интерактивті тақтада биік тау мен аласа тау суреттері, сондай-ақ кактус гүлі мен адыраспан шөбі көрсетіледі. Оқушылар салыстыру арқылы өз түсінігін айтып, ереже шығарады.

Терминнің шығу тегі

«Антоним» сөзі грек тілінен шыққан: anti — «қарсы», onoma — «атау».

Маңызды ажырату

Антонимдер мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды/болымсыздық мағыналар өзара тең емес. Мұны салыстыру арқылы анықтауға болады.

Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, олардың ішінен: антонимдерді және болымды/болымсыздық мәндегі сөздерді табу тапсырмасы орындалады.