Сөз ойла, көп ойла ойынын ойнату
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Бөлімі
- Сауат ашу
- Тобы
- Даярлық топ
- Тақырыбы
- «Ә» дыбысы мен әрпі
- Сабақтың түрі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
- Көрнекілігі
- Әріптің баспа және жазба түрі, «әтеш», «әткеншек», «әліппе» суреттері
Сабақтың мақсаттары
Танымдық
«Ә» дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру.
Дамытушылық
Сөздік қорын молайту, тіл байлығын байыту; есте сақтау мен сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Сауатты оқып, жазуға тәрбиелеу; ұқыптылық пен ынтымақтастыққа баулу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастырушылық-оятушылық
Тәрбиешінің әрекеті
Балалармен амандасады және жылы көңіл күй қалыптастырады.
Өлең жолдары:
Нұр құшақтап алыпты,
Арайлап таң атты.
Жарқырап күніміз,
Жер-көкті оятты.
Қайырлы таң, достар!
Қонаққа әже келгенін айтып, әжемен амандасуға шақырады.
Балалардың әрекеті
Бір-бірімен амандасады.
«Есенсіз бе, әже?»
2) Іздену-ұйымдастырушы кезең
Тәрбиешінің әрекеті
Әженің жұмбақ әкелгенін айтып, балаларды мұқият тыңдауға шақырады.
Жұмбақ:
Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ауық-ауық азан салып,
Өңеш керген айқайы бар.
Сұрақ: Бұл не?
Талқылау сұрақтары
- Біз бірінші қандай дыбысты естіп тұрмыз?
- Бүгін қай әріппен танысамыз?
- «Ә» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер?
Негізгі түсіндіру
«Ә» — дауысты дыбыс. Ол сөздің басында және ортасында кездеседі: әже (басында), пәтер (ортасында).
Балаларға «Ә» дыбысын ауада жазып көруді ұсынады.
Балалардың әрекеті
Жұмбақтың шешуін табады: әтеш.
«Ә» дыбысынан сөздер:
әже, әке, әпке, әтеш, әткеншек, әліппе
«Ә» әрпін ауада жазып үйренеді.
Сергіту сәті
Отырамыз, тұрамыз,
Мойнымызды оңға, солға бұрамыз.
Қолымызды жаямыз —
Құстар болып ұшамыз.
Аяқты бір басамыз,
Тез-тез қадам жасаймыз.
Қол соғамыз жабыла,
Кәне тағы, тағы да!
Жазылым
«Ә» әрпін дәптерге таза әрі көркем етіп жазу.
Ойын: «Сөз ойла, көп ойла»
2 топқа бөлініп, «Ә» дыбысынан келетін сөздерді жарыса айту.
Сөйлеу дағдысы
- Сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру.
- Әліппе дәптеріндегі сөздерді оқып беру.
3) Рефлексия және түзету
Сұрақтар
- Бүгін біз қандай әріппен таныстық?
- «Ә» дыбысы қандай дыбыс?
- «Ә» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Күтілетін жауаптар
- «Ә» әрпімен таныстық.
- «Ә» — дауысты дыбыс.
- Сөздің басында және ортасында кездеседі.