Ұсақ моторикасына жаттығу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы

Қатынас

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Тіл дамыту

Лексикалық тақырып

Ас – адамның арқауы

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы

Азық-түліктер

Мақсаттары мен міндеттері

Негізгі мақсат

Балаларға азық-түлік туралы түсінік беру; оларды танып білуге, атауын дұрыс айтуға, дәмі мен пішінін ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік бағыт

  • Азық-түлікті бүлдірмеуге үйрету.
  • Сүтті төкпеуге, нанды баспауға тәрбиелеу.
  • Тамақты ұқыпты ішу дағдысын қалыптастыру.

Тілдік-танымдық міндеттер

  • Нұсқауларды түсіну және орындалған әрекеттерді айту.
  • Жағдайға сай жақын әрекеттерді ажырату: пісіру, қуыру.
  • Өткен шақтағы жекеше етістіктерді ажырату.
  • Екі сөзден тұратын фраза құрау: зат есім + келісілген етістік.

Түзетушілік мақсат

Баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру; 1–2 сөзден сөйлем құрастырып, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Құрал-жабдықтар мен әдістер

Көрнекіліктер

  • Азық-түлік бейнеленген суреттер
  • Шынайы тағамдар

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу

Сөздік жұмыс

пісіру қуыру

Сабақ барысы

Мотивациялық-ынталандыру кезеңі

Амандасу тренингі

Балалар шеңберге тұрып, бәрі бірігіп қайталайды:

Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң, жер-ана!

Қайырлы таң, достарым!

Сендерді көрсем қуанамын!

Тыныс алу жаттығулары

  • «Шар үру»
  • «Мақтаны ұшыру»

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезеңі

Сұрақ-жауап

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс айларын атаңдар.
  • Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Фонематикалық есту

Аяздың дыбысын және қар үстінде жүрген адамның сықырлаған жүріс дыбысын ажырату.

Тіл жаттығулары

«Сағат» «Түтікше» «Тәтті тосап» «Ат шауып келеді» «Саңырауқұлақ» «Жылан»

Тақырыпты түсіндіру

«Ас – адамның арқауы» дегеніміз — тамақтанудың маңызын білдіретін ұғым. Біз күнделікті тамақтанамыз. Тамақтану — ағзамызды азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Азық-түлікке нан, шұжық, қант, сүт, май, печенье, тұз, су, айран және басқа да тағамдар жатады. Әрбір азық-түліктің құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер болады.

Жіктелуі

Тағамдар еттен, сүттен және ұннан жасалатын түрлерге бөлінеді.

Дұрыс тамақтану

Денсаулықтың мықты болуы үшін дұрыс әрі ұқыпты тамақтану қажет.

Суретпен жұмыс

Суреттегі азық-түліктердің атауын айтып, олардың неден жасалғанын түсіндіру.

Сергіту сәті

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса, баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ұсақ моторика

Ермексаздан нанның бейнесін жасау.

Сурет салу

Нанның суретін салу.

Ойындар мен тапсырмалар

Жұмбақ

Өзі аппақ қардай,

Шайға салсаң балдай.

Аспан түстес сұйық,

Әркім ішер құйып.

Сұрақ: «Бұл не?»

Суреттермен жұмыс

Балалар суреттегі тағамдардың атауын табады және атап айтады.

«Дәмінен тап!» ойыны

Балалардың көзін жұмып, шынайы тағамның кішкентай бөлігін дәмін татқызып, аузына түскен тағамды тауып айту.

Рефлексиялық-түзетушілік кезең

Қайталау сұрақтары

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қыс айларын ата.
  • Тағамдарға нелер жатады?
  • Қандай тағамды ұнатасыңдар?
  • Еттен қандай тағамдар дайындаймыз?

Бүгінгі оқу іс-әрекетіне белсенді қатыстыңдар. Жарайсыңдар! Рахмет!