Соңғы сабақ қай сабақ
Астана қаласы • №53 мектеп-лицей
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қошқарбаева Айжан Тоқтарқызы
Сабақтың тақырыбы
«Мектептегі бір күнім». Жатыс септігі (6-сынып)
Мақсаты
-
Білімділік
Оқушыларға мектеп туралы толық түсінік беру, тілдесу әрекетіне бағыттау, жатыс септігін қайталау.
-
Дамытушылық
Ой-қабілетіне әсер ету арқылы өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту; жинақтау, қорытынды жасай білуге үйрету; сөздік қорын байыту.
-
Тәрбиелік
«Мектеп — кеме, білім — теңіз» мақал-мәтелі арқылы білімге құштарлықты арттыру және «мектептегі бір күн» тақырыбында әңгіме жүргізу.
Сабақ туралы қысқаша
Сабақтың типі
Білім жүйесі бойынша білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Көрнекіліктер
Суреттер, кестелер.
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, сурет.
Негізгі назар
Тілдік қарым-қатынас, жатыс септігін тәжірибеде қолдану, шығармашылық жазба жұмыс.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Назарды сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы сабақтағы тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап және қысқаша талдау жүргізіледі.
III. Жаңа сабақ (Блум таксономиясы бойынша)
1) Білу
Ой шақыру- Мектебіміз қай көшеде орналасқан?
- Бүгін неше сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Соңғы сабақ қай пән?
- Сабақ сағат нешеде аяқталады?
2) Түсіну
- Сен қандай мектепте оқисың?
- Сенің сыныбың қай ауысымда оқиды?
- Аптасына неше рет қосымша сабақтарға барасың?
- Сен сыныпта неше рет кезекшілік атқарасың?
3) Қолдану
Сөздікпен жұмыс
- кезекшілік
- сыныптағы тәртіп пен міндеттерді кезекпен атқару
- ауысым
- оқу уақытының бөлігі (I/II ауысым)
- қосымша
- негізгі сабақтан тыс қосылатын жұмыс/сабақ
- Жаңа сөздерді қолданып сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру.
- Жаңа сөздерді пайдаланып «мектептегі бір күн» туралы шағын мәтін жазу.
- Жазылған мәтіннен жатыс септіктегі сөздерді табу.
4) Талдау
Жазба жұмысы
Оқулықтағы 6-тапсырманы жазбаша орындайды: бос орындарға жатыс септігінің жалғауларын қойып жазады.
Жұптық жұмыс
«Өз мектебіңнің тарихын білесің бе?» тақырыбында талқылау, негізгі ойды қысқаша тұжырымдау.
5) Жинақтау
«Мектеп — кеме, білім — теңіз» мақал-мәтелі төңірегінде ой толғау жазу: негізгі ойды дәлелдеп, мысал келтіру.
IV. Сабақты бекіту және бағалау
Қорытынды тапсырма
«Менің мектептегі бір күнім» тақырыбына эссе жазу.
Бағалау
- Жатыс септігін дұрыс қолдануы.
- Сөздік қорды орынды пайдалануы.
- Ойдың жүйелілігі және мәтіннің сауаттылығы.
V. Үй тапсырмасы
Берілген сөздерді пайдаланып, өз мектебіңнің қысқаша ережесін құрастырып кел.
Қажетті сөздер