Қазақ ұлты
Іс-шара тақырыбы
«Бейбітшілік – ел тілегі» — 1 мамыр, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мектепішілік іс-шара.
Мақсаты
- 1 мамырдың Қазақстан халқының бірлігі күні екенін оқушыларға түсіндіру.
- Ынтымаққа, достыққа, Отанды сүюге және қорғауға тәрбиелеу.
- Елімізде тұратын өзге ұлттардың озық мәдениеті мен өнегесін оқушылар бойына сіңіру.
Көрнекіліктер
- «Қазақстан халықтарының бірлігі» жазуы.
- Жалаулар, шарлар.
- Ұлт өкілдері туралы слайдтар, достық туралы нақыл сөздер.
- Ұлттық киім киген оқушылар.
Негізгі идея
Бір шаңырақ астындағы халықтардың татулығы — елдің берекесі. Бірлік бар жерде тірлік бар.
Өту жоспары
- Сахнаны безендіру.
- Сыныптарды әр ұлт өкілдері ретінде бөлу.
- Әр ұлттың музыкасы, ұлттық киімі және сол ұлт тіліндегі құттықтауы.
- Концерттік нөмірлер.
- «Достық» биі.
- Хор: «Бейбітшілік туы — берік қолда».
Концерттік нөмірлер (ұсынылатын рет)
- Қазақ ұлты
- Орыс ұлты
- Кәріс ұлты
- Қырғыз ұлты
- Өзбек ұлты
- Украин ұлты
- Неміс ұлты
- Татар ұлты
Іс-шараның өту барысы
Жүргізушілердің ашылу сөзі
1-жүргізуші (қазақша)
Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі, ынтымақ күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі нығая берсін. Еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, ынтымақ пен бірлік мәңгі жасай берсін!
«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Ауызбірлік пен түсіністік орнаған ортада әрдайым берекелі іс алға басады. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміз өркендеп келеді.
2-жүргізуші (орысша)
Здравствуйте, дорогие гости, учителя, ученики! Поздравляем вас с праздником Единства народов Казахстана! Желаем счастья, успехов, здоровья, мира и благополучия!
Дружба, труд, мир — на всём земном шаре, на всех языках звучат эти заветные слова. Мир — чтобы трудиться, радоваться весне и мечтать. Народ Казахстана делает всё для того, чтобы с каждым днём крепнул мир на земле.
Құттықтау сөздер
Мектеп директоры
Құттықтау сөз мектебіміздің директоры А. И. Игентаевқа беріледі. Поздравительное слово предоставляется директору школы Игентаеву А. И.
Ата-аналар комитеті
Келесі құттықтау сөз ата-аналар комитетінің төрайымы Жолдабекова Зауреш Сарсенбаевнаға беріледі. Следующее поздравительное слово предоставляется председателю родительского комитета Жолдабековой Зауреш Сарсенбаевне.
Достық туралы өлең шумақтары
1-жүргізуші
Ортақ мекен — жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы — Достығымыз жарасқан. Ортақ бізге бір Отан, Еңбек ортақ, жыр ортақ. Ортақ бізге барлығы, Байлықтың ең үлкені — халықтар достығы.
2-жүргізуші
Наша дружба, наша вера С нами будет навсегда. Наша сила, наша воля Не погибнет никогда! И пока на белом свете Солнце светит нам во след, Казахстанцам всем желаем Быть едиными навек!
Қазақстан халқы Ассамблеясы және қоғамдық келісім
1-жүргізуші (қазақша)
Егемен елдің еңсесі жыл өткен сайын биіктеп келеді. Көпұлтты қоғамда бірлік пен ынтымақтың сақталуы — ел дамуының маңызды негізі. Осы бағыттағы жұмыстардың бірі — Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жүйелі түрде дамыту, ұлттардың тілі мен дәстүрін дәріптеуге жағдай жасау.
Слайд: «Ассамблея».
2-жүргізуші (орысша)
В нашем обществе ни у кого нет этнических преимуществ — все равны перед Законом. Все казахстанцы — дети одной родной земли. У нас одна забота — благополучие народа, одна цель — процветание общей Родины.
Ассамблея идёт в ногу со временем. Президент неоднократно подчёркивал: единство и сплочённость — главные ценности общества. Слайд: «Ассамблея».
Көпұлтты Қазақстан — ортақ үй
Қазақстанда жүзден аса ұлт пен ұлыс тұрады. Олардың барлығы еліміздің ашық аспаны мен көк байрағының астында бейбіт өмір сүруде. Түріне, ұлтына қарамастан, барлығы тең білім алып, Қазақстан Республикасының Конституциясына сай ортақ Отанға қызмет етіп келеді.
Кеңпейілді қазақ жерін мекендеген барша ұлт өкілдері бұл өлкені «Отаным» дейді — осы сөздің өзі жүрекке жылу береді.
Праздник весны и единства проникнут духом дружбы и солидарности. Велика наша Родина — Казахстан. Многонациональна наша республика: казахи и русские, украинцы и белорусы, татары и немцы, корейцы и поляки, узбеки и уйгуры — и многие другие. Первомай объединяет всех.
Ұлт өкілдерінің құттықтаулары
Бүгінгі мерекемен Қазақстан халқын құттықтауға әр ұлт өкілдері келді. Чтобы поздравить народ Казахстана, к нам в гости пришли представители разных национальностей.
Қазақ ұлты (3–4 «А» сынып)
Жеткен арман — жаса, тәуелсіздігім! Өз қолыма берген ерік тізгінін. Әлемнің ілтипатына ие болып, Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
Примите тёплые пожелания от представителей Казахского народа (3–4 «А» класс).
Орыс ұлты (3 «Б» сынып)
Жолым түсіп, тағдыр талап, Орыспен де дос болдым қонақ. Қазағымдай кең пейілің, Дастарханды жайдың мол-ақ.
Родина! Земля отцов и дедов! Мы влюбились в эти клевера, Родниковой свежести отведав, С краешка звенящего ведра.
Примите тёплые пожелания от представителей Русского народа (3 «Б» класс).
Кәріс ұлты (1–2–4 «Б» сыныптар)
Қазақстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан! Жеттім сенде арманыма аңсаған. Қарыздармын, бас иемін мен саған. Сенде туып, сенде ержетіп оқыған, Саған келіп ес жинаған өзімдей кәрістердің атынан.
Примите тёплые пожелания от представителей Корейского народа (1–2–4 «Б» классы).
Қырғыз ұлты
Қазақ, қырғыз — бір сананың егізі, Екі жұрттың бірге екен негізі. Қазақ озса — ол қырғыздың мерейі, Қырғыз озса — ол қазақтың жеңісі. Қазақ-қырғыз — туыссыңдар, доссыңдар, Бір тамырдан сендер өскен қос шынар. Дос-туыстар көп болса да дүниеде, Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Қырғыз ұлтының жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Қорытынды ой
Бұл жоспардың түпкі мәні — оқушыларға ынтымақ, сыйластық және бейбітшілік құндылықтарын терең сезіндіру. Бірлігі бекем елдің болашағы да берік.