Дара және күрделі сын есімдер

Қазақ тілі • 6-сынып

Сын есім туралы түсінік. Дара және күрделі сын есімдер

Жалпы мақсат

  • Сын есім туралы түсінік беру.
  • Оқушыларды бірін-бірі бағалауға баулу.

Күтілетін нәтиже

  • Дара және күрделі сын есімдер туралы түсінеді.
  • Оларды бір-бірінен дұрыс ажыратуға дағдыланады.
  • Бірін-бірі бағалай алады.

Сілтеме

Жоспар

Негізгі идеялар

1) Ойтолғау және кіріспе сұрақ

«Әдепті бала — арлы бала» ойтолғауында сын есімдер бар ма? Осы сұрақ арқылы сын есім туралы бастапқы түсінік беріледі.

2) Сын есімнің маңызды белгілері

Сын есім заттың сынын, сапасын, түр-түсін және басқа да белгілерін білдіреді.

  • 1 Түрін, түсін білдіреді: қызыл, көкпеңбек.
  • 2 Көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін білдіреді: тар, ауыр, үлкен.
  • 3 Сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы, жаман, тентек.
  • 4 Дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы, тұщы, қышқыл, тәтті.
  • 5 Затқа, қимыл-іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сындық мағына білдіреді: тастақ, сулы, шөпті.

3) Жаттығулар

Жаттығу

127

Жаттығу

128

Жаттығу

125

125-жаттығу (топтық жұмыс): I топ — 2 сөйлем, II топ — 3 сөйлем, III топ — 4 сөйлем жазады. Жазылған мәтіннен зат есімдерді түріне қарай ажыратады.

4) Сөзжұмбақ (топпен)

Оқушылар топ ішінде ақылдасып, зат есімдерді жаза отырып, сөзжұмбақтың жауабын табады және кестеге түсіреді.

с ы б ы с ж ұ м ы с к ө р і с ұ р ш ы қ с а л ы қ

5) Қосымша жұмыс және сергіту

  • Ф: Әдеби, достық, білім.
  • Сергіту сәті: қысқа қимыл-қозғалыс үзілісі.
  • С: «Айжан, сен дүкенге барасың ба?»

6) Мақал-мәтелдермен жұмыс (топтық)

I топ

Деректі және дерексіз зат есімі бар мақал-мәтел жазады:

«Аққуды атпа, махаббатты сатпа».

II топ

Негізгі және туынды зат есімі бар мақал-мәтел жазады:

«Өнер – білім бұлағы, білім – өмір шырағы».

III топ

Дара және күрделі зат есімі бар мақал-мәтел жазады:

«Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің».

7) Емле бойынша бекіту

Зат есімнің дұрыс жазылуын көрсететін бірнеше мысал жазу.