Көл суының қасиеттері

Мақсаттары

1) Білімдік

Өзен мен көл туралы бұрынғы сыныптардан және өмір тәжірибесінен білетіндерін еске түсіру арқылы Қазақстанның өзендері мен көлдері жөнінде бастапқы түсінік қалыптастыру.

2) Дамытушылық

Судың пайдасы мен қасиеттері туралы білімін дамыту, дүниетанымын кеңейту; ой-өрісін және шығармашылық қабілетін жетілдіру.

3) Тәрбиелік

Табиғатты қорғауға, аялауға және Отанға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Психологиялық дайындық

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: сыныпты сабаққа жұмылдыру, зейінін шоғырландыру.

II. Білімді тиянақтау

А) Сұрақ-жауап

  1. Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?
  2. Табиғаттағы суларды дәміне қарай қалай жіктейміз?
  3. Жер ғаламшарындағы судың мөлшері қандай?
  4. Тұщы су қайда кездеседі?
  5. Тұщы суды қолдан қалай алуға болады?
  6. Минералды сулар қалай пайда болады?
  7. Сарыағаштың шипалы суы қашан ашылды?
  8. Оның қандай пайдасы бар?
  9. Адам ағзасында қанша су бар?

Ә) Жұмбақтар

Жылт-жылт етеді,
Жырадан өтеді.
Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады.
Көзге көрінгенімен,
Ұстасаң қолға ілінбейді.

III. Сергіту сәті

Туған жердің белбеуі
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты.
Ауыл сыртында, сайда
Жатыр үлкен айна.

IV. Жаңа сабақ

А) Тақырыпты ашу (өлең арқылы)

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген, оттай жанған жануарлар,
Өзеннен рахат тауып басылады.

Ел қыстап күн көреді жағасында,
Дәм болар алуан-алуан балығында.
Тас тас та, алтын тас та, сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.

Ә) Сұрақ-жауап

  • Су қайда кездеседі?
  • Өзеннің ерекшеліктері қандай?
  • Өзендер мен көлдер не үшін пайдаланылады?
  • Жергілікті жерде қандай су көздері бар?

Б) Түсіндіру (карта бойынша жұмыс)

1) Өзендердің өркениет дамуындағы рөлі

  • Қалалар мен елді мекендер көбіне өзен жағасына салынады.
  • Өнеркәсіп орындары тұщы суға тәуелді болғандықтан өзен маңына жақын орналасады.
  • Ірі өзендер — маңызды қатынас жолы.
  • ГЭС стансалары салынып, су күшінен электр энергиясы өндіріледі.

2) Қазақстанның ірі өзендері

Қазақстанда өзендер көп. Негізгілері: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, Торғай және т.б.

Картадан өзендердің бастауын, бағыт-бағдарын, қайда құятынын белгілеу ұсынылады.

3) Көлдер және көл суының қасиеттері

Көлдер тіршілік үшін маңызы жағынан өзендерден кем түспейді. Кейбір өте үлкен көлдер теңіз деп аталады. Солардың ең ірісі — Каспий.

Көлдер ойыс жерлердің суға толуынан пайда болады. Аумағы, тереңдігі және қасиеттері әртүрлі. Көп көлдерге өзендер құяды; буланған судың орнын толықтырып отырады.

Ағынсыз көлдерде су көбіне тұзды келеді. Тұйық емес көлдерден өзен ағып шығуы мүмкін.

Каспий

Көлдердің ең үлкені. Ауданы шамамен 371 000 км².

Арал

Бұрын көлемі бойынша дүние жүзіндегі көлдердің ішінде 3-орын алған. Қазір суы күрт тартылған.

Байкал

Дүние жүзіндегі ең таза әрі ең терең көл. Тереңдігі — 1637 м. Оған 336 өзен мен бұлақ құяды, ал көлден Ангара өзені ағып шығады.

Көркем пайым
«Аспанның көз жасынан жаралған сексен көлі бар — Көкшетау. Тәңірдің мейірімі түскен жер бетіндегі бір нүктесі. Мұнда адам өзінің ғарышпен байланысын сезініп, тылсым бір күйге түседі».

V. Оқулықпен және топпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді бөлімдерге бөліп оқып, әр бөлімнің негізгі ойын анықтау.

Топтық жұмыс

  • I топ: «Су — тіршілік көзі» тақырыбына шағын шығарма жазу.
  • II топ: Су туралы мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер жинақтау.
  • III топ: Физикалық картадан Қазақстандағы ірі өзендер мен көлдерді көрсету.

Білімді бекіту

  1. Қазақстанның өзендері мен көлдерінің адам өміріндегі маңызын түсіндір.
  2. Арал теңізіне, Каспий теңізіне және Балқаш көліне қандай өзендер құятынын ата.
  3. Өзің тұратын жерде қандай су көздері бар? Олар қандай мақсатқа пайдаланылады?

VI. Қорытындылау

1) Топтастыру

Адам өмірінде және табиғатта судың маңызын топтастырып, дәлелдер келтіру.

2) Сауалнама

Негізгі ұғымдарды қысқа сұрақтар арқылы қайталау және жауаптарды талдау.

3) Рефлексия

«Біз бүгін не үйрендік?» сұрағына әр оқушы қысқаша қорытынды жасайды.

VII. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді түсініп оқу.
  • Жергілікті жердегі өзен-көлдер туралы деректер жинақтау.

VIII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі, карта және топтық жұмыстардағы белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.