Мың теңгенің тапсырмасы
Ашық сабақ (3-сынып)
Тақырыбы: «Қанша тұрады?»
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Өтілген материалмен сабақты байланыстыру, білімді жүйелеу және бекіту.
Дамытушылық
Түрлі әдістерді қолдана отырып оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту; тапқырлықты, жылдамдықты, есте сақтау қабілетін арттыру; сөйлеу тілін жетілдіру және сауатты жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Еңбекқорлық пен төзімділіктің маңызын түсіндіру; еңбекті бағалауға, еңбекқорлыққа және үнемшілдікке баулу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Топқа бөлу, ойын әдістері
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, теңгелер, калькулятор
Пәнаралық байланыс
Математика
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Балалар сабаққа қатысушы ұстаздармен амандасады:
Армысыздар, ұстаздар!
Нанын тауып еңбектен,
Жемісін көрген шәкірттен,
Бас иеміз құрметпен! (бас иеді)
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Еңбек туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту.
III. Сабақтың мақсатын хабарлау
Бүгінгі сабақта «Қанша тұрады?» тақырыбы бойынша тілдік білімімізді өмірмен байланыстырып, тапсырмалар арқылы бекітеміз.
IV. Бекіту
Сабақтың ұраны
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Сабақ мазмұны еңбек тақырыбымен байланыстырылып жүргізіледі.
V. Қызығушылықты ояту: «Ақша ағашы»
Ағашта тұрған «ақшаларды» алу үшін оқушылар тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырманың құны — оның деңгейін білдіреді.
Фонетикалық талдау
Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:
- I топ: «Көйлек»
- II топ: «Шалбар»
- III топ: «Бөрік»
Сілтеу есімдіктерін табу
Мәтіннен сілтеу есімдіктерін тап:
Сөз тіркестерін құрастыру
Суретке қарап сөз тіркестерін құра:
- Сын есім + зат есім
- Сан есім + зат есім
- Зат есім + етістік
Ереже: сын есім
Сын есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.
Қалып етістіктері
Суретке қарап, қалып етістіктерін қатыстырып сөйлем құра.
Дәптермен жұмыс
3-тапсырма: «Қанша тұрады?» тақырыбы бойынша сөйлем құра.
Ереже: зат есім
Зат есім дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?
Зат есімге мысал келтір.
Ереже: сан есім
Сан есім деген не? Оның сұрағы қандай?
Реттік сан есімнің жұрнақтарын ата. Мысал келтір.
Иелік форма (сәйкестендіру)
Төмендегі сөздерді иелік форма жұрнақтарын жалғау арқылы дұрыс сәйкестендір:
Киімдер
- Костюм
- Тон
- Шалбар
- Көйлек
Иелері
- Айжан
- Болат
- Сәуле
- Мұрат
Оқулықпен жұмыс (1-тапсырма)
Сөз тіркестерін сұрақпен аяқтап айт:
- Менің тоным …
- Менің бас киімім …
- Менің пальтом …
- Менің күртем …
- Менің көйлегім …
- Менің туфлиім …
- Менің костюмім …
- Менің етігім …
Оқулықпен жұмыс (4-тапсырма)
Сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құра:
Сен кидің — ты одел(а)
Мен кидім — я одел(а)
Дима киді — Дима одел
Сара киді — Сара одела
Оқулықпен жұмыс (2-тапсырма)
Сызбада берілген киім атауларын оқып, жуан дауысты сөздер мен жіңішке дауысты сөздерді ажыратып айт.
Бір сөзді тәуелде.
VI. Сергіту сәті: «Ұйқасын тап»
Берілген сөздермен өлең жолдарын толықтыр:
Сен … ұлансың. Бәрі саған … .
Керекті сөздер
- әкең
- жүрегің
- қуансын
- бақытты
VII. Қорытынды: «Дүкендерге саяхат»
Әр топ өздері жинаған «ақшасына» дүкендерден зат сатып алады. Тапсырмалар қорытындыланып, білім мен белсенділік бағаланады.
VIII. Бағалау
- Топтардың жұмысын бағалау.
- Белсенді оқушыларды атап, ынталандыру.
IX. Үй тапсырмасы
- Оқулық: 5-тапсырма.
- Келесі сабаққа дайындық.