Мұғалімнің көмегімен оқыған тыңдаған аудиовизуалды материалдар бойынша таныс заттардың атауын жазу
Оқу мақсаттары
О.1.3.4.1
Мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қоя білу (кім? не? қандай? қанша?).
Ж.1.4.2.1
Мұғалімнің көмегімен оқыған/тыңдаған аудиовизуалды материалдар бойынша таныс заттардың атауын жазу.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар
Жеміс-жидек пен көкөніс атауларын үйренеді.
Оқушылардың көпшілігі
Жемістердің тәтті және қышқыл дәмін ажырата алады.
Кейбір оқушылар
Жемістердің атауын жаза алады.
Жетістік критерийлері
- Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.
- Қарапайым сұрақтар қоя алады.
- Жемістер мен көкөністерді салыстырып сипаттайды және атауларын жаза алады.
Сабақ барысы
Сабақтың басы: қызығушылықты ояту
- 1 Берілген суреттер 4 бөлікке бөлініп, қиылады.
- 2 Оқушылар қиылған суреттерді таңдап алып, бөліктерін біріктіреді.
- 3 Құрастырылған суреттер бойынша 3 топқа бөлінеді.
- 4 Әр топ өз суретіндегі жемісті анықтап, сол жеміс туралы білетін мәліметтерін айтады.
1-топ
Лимон
2-топ
Алма
3-топ
Алмұрт
Сабақтың ортасы: мағынаны тану
Сөздікпен жұмыс
Оқушылар тақырыпқа қатысты негізгі сөздермен танысады.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| Жемістер | фрукты |
| Көкөністер | овощи |
| Тәтті | сладкий |
| Қышқыл | кислый |
| Құлпынай | клубника |
| Алмұрт | груша |
| Жүзім | виноград |
| Сәбіз | морковь |
| Картоп | картошка |
Буындап оқу
Оқушылар суретке қарап, алақанын шапалақтай отырып, жеміс атауларын буынға бөліп оқиды.
Мысал
ба — нан
Мысал
а — нар
Мысал
сә — біз
Кейін оқушылар жеміс атауларын дәптерлеріне жазады.
Тапсырма 1: «Тәтті» және «қышқыл» сөздерін қолдану
Диалог арқылы сөйлеуАлдымен мұғалім оқушыларға лимон мен кәмпит көрсетеді. Кәмпитті көрсете отырып, «тәтті» сөзін бірнеше рет қайталайды. Лимонның «қышқыл» екенін бет-әлпет мимикасы арқылы байқатады.
Одан кейін оқушылардың назарын оқулықтағы жеміс-жидек суреттеріне аударып, әр жемістің тәтті не қышқыл екенін талқылайды. Оқушыларға суреттер таратылады, олар оқулықтағы диалог үлгісімен бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
Диалог үлгісі
— Алма қышқыл ма?
— Жоқ, алма қышқыл емес. Алма тәтті.
Жетістік критерийі
Оқушы «тәтті», «қышқыл» сөздерін орынды қолданса және сұраққа дұрыс жауап берсе, мақсатқа жетеді.
Бағалау
Топаралық бағалау жүргізіледі: 1-топ 2-топты бағалап, пікір білдіреді (кейін топтар кезектеседі).
Тапсырма 2: Жемістер мен көкөністерді салыстырып сипаттау
Сипаттау және жазуАлдымен слайд арқылы жемістер мен көкөністер көрсетіледі. Оқушылардың алдына жемістердің суреттері қойылады. Әр оқушы суретті таңдап алып, салыстыра сипаттайды.
Мұғалім бағыттаушы сұрақтар қояды. Мысалы: «Кәмпит тәтті ме?» — «Иә». Оқушылар оқулықтағы үлгіге сүйеніп, жемістерді сипаттап жазады.
Жетістік критерийі
Оқушылар жеміс атауларын жаза алса, қарапайым сұрақтар қоя алса және топ болып 3 смайлик жинаса, топ мақсатқа жетеді.
Бағалау
Оқушылар жинаған смайликтер саны бойынша өз-өзін бағалайды.
Сабақтың соңы: рефлексия
«Алма ағашы» әдісі
Сабақ басында әр оқушыға екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оқушы өз таңдауын алма ағашына іледі.
- Жасыл алма: «Мен бүгін бәрін жақсы орындадым. Көңіл-күйім көтеріңкі».
- Қызыл алма: «Мен тапсырманы орындай алмадым. Көңіл-күйім жоқ».
Материалдар
Толық нұсқасы және слайды (жүктеу үшін):
Сілтемелерді өз файлыңыздың URL мекенжайымен ауыстырыңыз.