Өттің бастан, қызық жас

Ахмет Байтұрсынов

Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің,
Қыздыратын жасты қайдан ал дейсің?
Өмірімнің таңын қосып кешіне,
Бер қайтадан өткен күннің һәммесін!
Бере алмасаң, кең салалық бейілді,
Жас қызығын көрсін жастар кейінгі.
Тәтті өмірмен нәпсі көңілін ауладық,
Қалғанымен алданталық зейінді!
Уа, дариға!
Өттің бастан, қызық жас!
Өзіңе жөн, өзгелерге бұзық жас.
Қайғы, қасірет дертін жанға батырмай,
Қайран жастық!
Қызуымен қылған мас!
Көрінбестен өмір көбі өткен шақ,
Тіршіліктің сән, ләззаты кеткен шақ.
Ойын, күлкі, мәжілістен, қызықтан
Мезгіл қуып: Шық! - деп әмір еткен шақ.
Жасың айтса, көнбегеннен не пайда?
Уақыттың тілі шолақ: жүр! , айда!
Тұрлауы жоқ, өзгерілгіш өмірдің
Өтпесіне еткен, сірә, кім айла!
Мүмкін десек адамзатқа екі өлмек,
Бірі соның - жасым жетті деп көнбек.
Бұл өлімнің ардақтысы, аруы,
Мұнан кейін өлім бе сол дем сөнбек?!
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны



Ұқсас жұмыстар

Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі жайлы
АБАЙДЫҢ МАХАББАТ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Түркия Республикасы
Ветом - пробиотиктерінің ветеринария саласында қолданылуы
Мәшһүр жүсіп Көпейұлының оқу білім шығармалары
Адам денсаулығына зиянды тағамдардың құрамы және адам ағзасына әсері
Абай - лирик ақын
Абайдың махаббат консепциясы
Балұстаұлы Есбай
Өт қабының және өт шығару жолдарының гистологиясы
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
ӨМІРҰЛЫ ЖАСЫБАЙ
Брокерлік фирманың қор операциялары жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру
Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құрылымдаудағы машина жасау өнеркәсібінің маңызы
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Қазақстанда жастарға арналған әлеуметтік қызмет
Жастардың әлеуметтік қазіргі жағдайы мен перспективасы
Қазақстанның аграрлық өнеркәсіп кешені және машина жасау өнеркәсібі
Жасушаның химиялық құрыдысы туралы