Жуан дауысты дыбыстар
Ашық сабақ: 1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар. Ж. Смақов: «Қозы» өлеңі және «Қой» мәтіні.
Негізгі ұғым
Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
Оқу нысаны
Өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқу; сауатты жазу.
Тәрбиелік мән
Үй жануарларының пайдасын түсіну, жануарларды аялау.
Сабақтың мақсаттары
Білімдік
- Жуан дауысты дыбыстарды меңгерту және ажырата білуге үйрету.
- Өлеңді шапшаң әрі мәнерлеп оқуға төселдіру.
- Әдемі, таза, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық
- Сөйлеу әрекеттерін және ой-өрісті дамыту.
- Сұраққа тиянақты жауап беруге дағдыландыру.
- Тіл байлығын, сөздік қорды молайту.
Тәрбиелік
- Үй жануарларының адамға пайдасын түсіндіру.
- Жануарларды аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
СТО, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын элементтері.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта.
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім оқушыларды сабаққа жұмылдырып, тақырыпты үй жануарлары тарауымен байланыстырады: ана тілі — қазақ тілі, ата-бабаның кәсібі — мал бағу, төрт түлік туралы түсінік.
Сұрақ-жауап (жылдам қайталау)
- Сұрақ Жылқы бағатын адам қалай аталады? — жылқышы
- Сұрақ Қой бағатын адам қалай аталады? — шопан
- Сұрақ Үй жануарларын жалпы қалай атаймыз? — төрт түлік
Сабақ «саяхат» түрінде өтеді: оқушылар қойлы ауылға қонаққа барады. Қонақкәде — білім. Жолдағы «кедергілерден» өту үшін тапсырмалар жылдам әрі дұрыс орындалады.
II. Үй тапсырмасын тексеру (1-кедергі)
Тапсырма:
«Сиыр. Ақ бұзау» өлеңін жатқа айту.
Еске түсіру:
Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, ұ
III. Өткен сабақты пысықтау
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстардың түрлері қандай?
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады және қандай түрлері бар?
Оқушылар белсенді жауап берген соң, «бірінші кедергі» еңсеріледі.
IV. Жаңа сабақ
«Адасқан әріптер» ойыны
Әріптерден сөз құрастырып, қай ауылға баратынымызды және бүгінгі тақырыпты анықтаймыз.
Қорытынды: Қойлы ауылға, яғни Шопан ата ауылына қонаққа барамыз.
Автор туралы: Жақан Смақов
Жақан Смақов (1932) Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Ынталы ауылында дүниеге келген. 1953 жылы «Пионер» журналында балаларға арналған «Арамшөп пен бидай» атты алғашқы өлеңі жарияланды. Ол «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар», «Күлдірген», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ» сияқты жинақтарымен танылды. Сонымен қатар бірнеше ертегі мен поэманың авторы. «Опай-сопай», «Тамшы», «Бұршақ туралы ертегі», «Кім күшті, кім мықты», «Ұзын аяқ», «Аю қалай адасты» секілді шығармалары балалар әдебиетінде кең тараған.
Жұмыс түрлері
- Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.
- Сөздік жұмысы жүргізіледі.
- Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.
- Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.
- «Қозы» өлеңі оқылып, 1–2 оқушыға мәнерлеп оқытылады.
Сөздік жұмысы
- Уақ
- Ұсақ, кішкентай.
- Ашатұяқ
- Тұяғының арасы ашық, екіге бөлінген тұяқ.
- Туырлық
- Киіз үйдің уықтың орта тұсынан керегенің басына дейін жабылатын қалың киіз.
- Түндік
- Киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.
- Үзік
- Киіз үйдің жоғарғы жағына, уықтың үстіне жабылатын қалың киіз.
Мәтін бойынша сұрақтар
- Мәтінде не туралы оқыдыңдар?
- Қой қандай мал?
- Қандай шөп жейді?
- Қойдың адамға қандай пайдасы бар?
- Қойдың төлін қалай атаймыз? — қозы
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы сергіп аламыз.
V. Дәптермен жұмыс (2-кедергі: өзен)
1-тапсырма: «Өзің жалғастыр…» (дәптерге жазу)
Түйе боздайды.
Сиыр мөңірейді.
Қой маңырайды.
Жылқы кісінейді.
Жуан дауысты дыбыстары бар сөздердің астын сызыңдар.
VI. Суретпен жұмыс (3-кедергі)
Өзеннен өткен соң, жолымызды «қойшының иті» бөгейді. Алға жылжу үшін келесі тапсырманы орындаймыз.
Тапсырма (ауызша):
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
VII. Сабақты пысықтау
Ойлан, жауап бер:
Неліктен қойшылар көп ит асырайды деп ойлайсыңдар?
Шешуші тапсырма:
«5 жол өлең» құрастыру (дәптерге жазу).
«Ауылға жеттік»: Шопан атаға апаратын сыйлығымыз — бүгінгі жинақтаған біліміміз.
Қорытынды сұрақ: Бүгінгі сабақтан не білдіңдер? Қой туралы және оның адамға пайдасы туралы.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- «Қой» мәтінін оқу, мазмұндау.
- «Қозы» өлеңін жаттау.
- 33-жаттығу.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындаған оқушылар бағаланады.
Келесі сабақта төрт түлік туралы білімімізді толықтырып, жаңа мағлұматтармен танысамыз.