Қазақстанның пайдалы қазбалары

Сабақтың тақырыбы

Астана – бас қала.

Мақсаты

  • а) Астана қаласы туралы терең түсінік беру, еліміздің пайдалы қазбаларымен таныстыру.
  • ә) Ой-өрісті, есте сақтау мен сөйлеу қабілеттерін дамыту.
  • б) Елін, жерін сүюге, туған жерін мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Әдісі

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Бейнефильм көру

Түрі және ресурстар

  • Түрі: саяхат сабақ
  • Көрнекілігі: интерактивті тақта, Астананың суреттері
  • Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Сыныпты сабаққа дайындау, құралдарды түгендеу, назарды шоғырландыру.

2) Психологиялық дайындық

Туған тілім — бабам тілім — өз тілім,

Туған тілім — анам тілім — өз тілім,

Туған тілім — далам тілім — өз тілім,

Туған тілім — адам тілім — өз тілім.

Осы шумақпен ардақты ана тілімізді құрметтей отырып, сабағымызды бастаймыз.

3) Үй тапсырмасын тексеру

Балалар, біз үлкен тарауды аяқтадық. Соған байланысты бірнеше сұрақ қоямын. Сұраққа жауап берген әр оқушыға «билет» беріледі.

Тәсіл

Сұрақ-жауап арқылы қайталау

Мақсат

Бұрынғы білімді бекіту және белсенділік қалыптастыру

4) Жаңа сабақ: «Астанаға саяхат»

Балалар, билеттің берілу себебі — бүгін біз Астана қаласына саяхат жасаймыз. Саяхатқа поезбен шығамыз.

Астана кеше ғана басқа қала,

Айналды Бәйтеректі Астанаға.

Астанаға жеткенше, елорда туралы қысқаша мәліметпен танысайық.

Елорда болған қалалар

  • 1925: Қызылорда (Ақмешіт)
  • 1929: Алматы (Верный)
  • 1997: Астана (Ақмола)
  • 1998, 6 мамыр: Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді

Қала атауларының өзгеруі

  1. 1961: Ақмола
  2. 1961–1992: Целиноград
  3. 1993–1998: Ақмола
  4. 1998, 6 мамыр: Астана

Астананың көрнекті орындары

Астана Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қалада Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Пирамида және басқа да сәулетті ғимараттар бой көтерген.

Бәйтерек

Ертегі гүлін еске түсіретін мұнара. Биіктігі — 105 м.

Әлемдік мәртебе

Астанаға көптеген елдердің Президенттері мен мәртебелі қонақтары жиі келеді. Осыған байланысты қалаға ЮНЕСКО «Әлем қаласы» атағы берілген.

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Қазақстанның жері бай. Оны бір күнде аралап шығу мүмкін емес. Еліміз күміс, хромит, қорғасын мен мырыш өндіруден алдыңғы қатарда. Мұнай, көмір, мыс, никель және фосфат шикізатын өндіру бойынша да жоғары орындарда. Алтын өндіру көлемі бойынша да көшбасшылардың бірі.

5) Сергіту сәті

Поездің дыбысын салып, аяқ-қолымызбен қимыл жасап, «тоқтау» белгісінде тоқтаймыз.

Арманның асқарындай — Астанамыз,

Елорда, алтын орда — бас қаламыз.

Жыл сайын жеткен жеңіс, асқан асу,

Ерен ерлік үлгісі — дастан-аңыз!

Енді Астана қаласының театрына кіріп, елорда туралы шағын бейнефильм көреміз.

6) Дәптермен жұмыс

Қазақ жерінің табиғаты, кен орындары және атақты адамдары туралы мәліметтерді дәптерге жазыңдар:

Табиғаты

  • Таулары:
  • Көлдері:
  • Ағаштары:

Ел байлығы мен тұлғалар

  • Кен байлықтары:
  • Атақты адамдары:

7) Сөздікпен жұмыс

ЮНЕСКО
Білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйым. 1946 жылы Париж қаласында құрылған.
Конгресс-холл
Ағылшын тілінен аударғанда — жиналыс залы (жиналыс бөлмесі).
Пирамида
Тастан салынған Мысыр перғауындарының мазары.
Руда
Кен орны, пайдалы қазба шоғырланған жер.

8) Ойын: «Қазақстанның пайдалы қазбалары»

Сендер — геологсыңдар. Қазақстан картасынан қазба байлықтары бар кен орындарын табыңдар (газ, мұнай және басқа да нысандар).

Дағды

Картамен жұмыс

Нәтиже

Кен орындарын ажырату

Топтық жұмыс

Талқылау және дәлелдеу

9) Сабақты қорытындылау

Сұрақтар арқылы негізгі ойды бекітеміз:

  • Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
  • ЮНЕСКО сөзін қалай түсінесің?
  • «Конгресс-холл» аударғанда қандай мағына береді?
  • Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?

Заман жаңа, ел жаңа,

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам — өз Ордам,

Сүйенерім сен ғана!

Қорытындылай келе, Астана көшелерін аралап, Бәйтеректі көрдік, картадан өзен-көлдерді және пайдалы қазбалар орналасқан аймақтарды таныдық. Енді Қанат пен Света Айтбаевтардың «Астана» әнін тыңдай отырып, Ақтөбеге ораламыз.

10) Үйге тапсырма

Ойпат, өзек, ылғал, алып, қойнау сөздерінің мәнін түсіндіріп, әрқайсысына мағынасы жақын сөздер тауып кел.

11) Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, сұрақтарға жауаптары және тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау жүргізіледі.