Сөйлемдерді оқыңдар
Сабақтың тақырыбы
Сөйлем. Сөз. Аққала.
Сабақтың мақсаты
-
а) Сөйлем мен сөздің арасындағы байланысты түсіндіру; өлең туралы түсініктерін қалыптастыру.
-
ә) Оқушылардың есте сақтауын дамыту, сөздік қорын байыту.
-
б) Сөйлем мен сөздің айырмашылығын ажырата білуге үйрету; жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Ұйымдастыру және әдістемелік бөлік
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекі құралдар
Кеспе қағаздары, аққалалар.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс
Дүниетану.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
- Сынып бөлмесінің тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақтар
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Кім айтады?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөз дегеніміз не?
- Сөйлемнің сөзден қандай ерекшелігі бар?
Үй тапсырмасының бір бөлігі: Абайдың «Қыс» өлеңін жаттау және жаңылтпашты жаттау.
Өте жақсы. Ендеше, кім дайын?
III. Өткен материал бойынша білімдерін тексеру
- Жылдың неше мезгілі бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қысқы табиғатты кім сипаттап береді?
- Қыс туралы қандай ақындардың өлеңдерін оқыдық?
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын сергіту.
IV. Мақсат қою кезеңі
Балалар, қыс қызығын кім айтады?
Қыста сырғанақ тебеміз, сондай-ақ аққала жасаймыз.
V. Жаңа сабақ
Бүгінгі тақырыбымыз қыс мезгілімен байланысты. Оқулықтың 7-бетін ашып, 3-жаттығуды орындаймыз. Әр сөйлемнен кейін дауыс ырғағын сақтап, кідіріс жасап оқыңдар.
Мәтін: «Сырғанақ»
Қыс қызығы басталды.
Айбол жылы киінді.
Ол шанасын алды.
Төбеге барды.
Онда сырғанақ тепкен балалар көп.
Ойын қызықты болды.
Талдау сұрақтары
- Әңгімеде неше сөйлем бар?
- Бірінші сөйлем неше сөзден құралған?
- Екінші сөйлемде кім туралы айтылған?
- Соңғы сөйлемде не туралы айтылған?
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығуларын орындау.
4-жаттығу
-
1) Сөйлемдерді оқыңдар. Неше сөйлем бар екенін анықтаңдар:
Күн суытты. Қар жауды. Аяз болды. Су қатты.
- 2) Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіріңдер.
Келесі тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқу: «Аққала».
VI. Жаңа материалды пысықтау
5-жаттығу
Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар:
- Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазыңдар.
- Сөйлем соңына қандай тыныс белгісін қойдыңдар?
VII. Бекіту кезеңі
«Қысқы ойын» тақырыбына қысқа әңгіме құрастырып, ауызша айтып беріңдер.
VIII. Үй тапсырмасы және бағалау
Сабақ соңында аққаланың бөліктеріне арналған тапсырмаларды орындау арқылы құрастырған оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма: 6-жаттығу (9-бет). Оқушылар жауаптарына қарай бағаланады.