Сигнал ақпарат тасушы
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты түрлендіру
Сабақтың мақсаты
Ақпаратты қабылдау, жеткізу, өңдеу және сақтау тәсілдерін үйрету. Кодтау ұғымын түсіндіру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекі құралдар
- Компьютер
- Интерактивті тақта
- Электронды оқулық
Білімділік
Ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютер арқылы беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, екілік санау жүйесімен және ASCII кодтарымен таныстыру.
Тәрбиелілік
Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлауды дамыту.
Сабақтың өту барысы
-
1
Оқушыларды ұйымдастыру
-
2
Үй тапсырмасын тексеру
-
3
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
4
Тапсырмаларды орындау
-
5
Сабақты бекіту
-
6
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
-
Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
-
Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
-
Байланыс тілі деп нені айтады?
-
Қандай тілдерді білесің?
-
Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
-
Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір.
Сабақты бекіту сұрақтары
-
Кодтау және кері кодтау (декодтау) деген не?
-
Бит пен байт деген не?
-
Неліктен техникалық жүйелерде екілік алфавитті қолдану тиімді?
Жаңа түсініктер: ақпаратты кодтау және ұсыну
Кодтау, код және декодтау
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсыну процесі кодтау деп аталады.
Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі код деп аталады.
Кодтаудың кері процесі декодтау деп аталады. Кей жағдайларда кодтау шифрлау ұғымымен де қолданылады.
Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері оның ұсынылу түріне тікелей байланысты.
Екілік алфавит және құрылғылардың екі күйі
Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларынан тұрады.
Ақпаратты екілік кодпен көрсету үшін құрылғы екі түрлі күйді ажырата білуі керек: 1 — ток бар (немесе жоғары кернеу), 0 — ток жоқ (немесе төмен кернеу).
Осындай екі мәннің бірін ғана қабылдай алатын ең кіші бірлік бит деп аталады.
Байт
8 биттен тұратын код байт деп аталады. Бір байт арқылы 256 түрлі символды кодтауға болады.
Кодтау кестесі
Символдарды кодтаудың барлық комбинацияларының жиынтығы кодтау кестесі деп аталады.
Санау жүйелері
Кодтау ондық, екілік және оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендірулері арқылы да қарастырылады.
ASCII коды
Есептеуіш техникасында кең қолданылатын кодтардың бірі — ASCII (American Standard Code for Information Interchange).
ASCII кодтау кестесі әдетте 16 жол және 16 баған түрінде беріледі.
Кесте бөліктері
- Стандартты бөлік: алғашқы 128 символ (0–127) — цифрлар, латын әріптері және басқарушы арнайы символдар.
- Баламалы бөлік: 128–255 — әртүрлі ұлттық алфавиттер (орыс, қазақ және т.б.).
Сигнал және ақпараттың берілуі
Сигнал дегеніміз не?
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагниттік сәуле немесе физикалық әсер түрінде келіп түседі. Мұндай әсерлер сигнал деп аталады.
Сигнал — адам немесе құрылғы ақпаратты қабылдайтын процесс және ақпараттың тасымалдаушысы.
Ақпарат жіберу — сигналдарды жіберу.
Аналогтық және дискретті сигнал
Сигнал аналогтық (үздіксіз) және дискретті (үзілісті) болуы мүмкін.
Дискретті түрде ұсынуға сан қатары, алфавит әріптері, музыкалық нота сияқты мысалдар келтіруге болады.
Уақыт бойынша өлшеулер саны артқан сайын, кернеудің өзгеруін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Қажет болса дискретті процесті аналогтық түрге, ал аналогтықты дискретті түрге айналдыруға болады.
Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды көбіне аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техника негізінен дискретті сигналдармен жұмыс істейді.
Ақпараттың сапасы және көлемі
Ақпараттың құндылығы
Ақпарат адам үшін жаңа және түсінікті болуы керек. Хабардан ақпарат алу үшін сол сала бойынша белгілі бір бастапқы білім қажет.
Егер ақпарат толық, объективті, жаңа, пайдалы және нақты болса, ол бағалы болып саналады.
Ақпарат көлемі
Хабардың ақпарат көлемі — хабардың ұзындығы, яғни ондағы символдар саны.
Техникада ақпарат көлемінің ең кіші өлшем бірлігі — 1 бит. Одан кейін — 1 байт.
Өлшем бірліктері
- 1 байт = 8 бит
- 1 КБ = 1024 байт
- 1 МБ = 1024 КБ
- 1 ГБ = 1024 МБ
Практикалық жұмыс
Электронды оқулықпен жұмыс
№1 және №2 тапсырмаларды орындау.
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу: «Ақпаратты түрлендіру».