Геометриялық фигуралар жасау

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Мұғалім

Байдилдаева М. Ш.

Пән

Математика

Сабақтың тақырыбы

Геометриялық фигуралар

Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш; текше, шар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды қайталау.
  • Сандардың құрамын бекіту.
  • Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш, текше және шар туралы түсінік қалыптастыру.
  • Қоршаған ортадан осы пішіндерге ұқсас заттарды табуға үйрету.

Дамытушылық

  • Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Ойын арқылы танымдық қабілет пен логикалық ойлауды жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Тапсырмаларды ұқыпты әрі таза орындауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем әдебиет

Оқу іс-әрекет түрлері

Қайталау, түсіндіру, ойын

Күтілетін нәтиже

Оқушылар геометриялық фигураларды танып, ажыратып, өмірмен байланыстырады.

Психологиялық ахуал

Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Шаттық шеңбері

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Қызығушылықты ояту: «Паровоз» тапсырмасы

Паровозға 10 вагон тіркелген. Балалар тапсырмаларды дұрыс орындап, «жолаушыларды» өз вагондарына отырғызады. Дұрыс жауап берген оқушылар мадақталады.

1-вагон

2 − 1 = 1

Арыстан

2-вагон

4 − 2 = 2

Піл

3-вагон

0 + 3 = 3

Керік

4-вагон

5 − 1 = 4

Түлкі

5-вагон

2 + 3 = 5

Қоян

6-вагон

3 + 3 = 6

Мысық

7-вагон

8 − 1 = 7

Қасқыр

8-вагон

6 + 2 = 8

Ит

9-вагон

5 + 4 = 9

Маймыл

10-вагон

7 + 3 = 10

Аю

Мағынаны тану: геометриялық денелер туралы ертегі

Ертеде «Математика елінде», геометриялық фигуралар қамалында сиқырлы геометриялық денелер өмір сүріпті. Бір күні олар: «Бәрінен де кім күшті?» — деп дауласып қалыпты.

Текшенің сөзі

«Мен бәрінен де күштімін. Өйткені менің бұрыштарым көп», — деп мақтаныпты.

Шардың жауабы

«Босқа мақтанба. Сенің бұрыштарың кімге керек? Міне, менде бұрыш жоқ. Мен үнемі дөңгеленіп, көңілді жүремін. Менің басым да, аяғым да жоқ», — депті.

Цилиндрдің пікірі

«Босқа айтыспаңдар. Мен бәріңнен де күштімін. Менің арқамда адамдар ауыр заттарды үстіме қойып, итеріп, қозғалтады. Сондықтан мен күштімін», — депті.

Пирамиданың түйіні

«Неге босқа дауласып тұрсыңдар? Біз барлығымыз адамдарға өте қажетпіз. Біз әрбір үйден табылады. Адамдар бізді балабақшадан бастап танып-біледі. Сондықтан біз әрдайым керекпіз, адамдар бізді жақсы көреді», — депті.

Қорытынды сұрақтар

  • Балалар, ертегі сендерге ұнады ма?
  • Ертегі не туралы болды?
  • Ендеше геометриялық денелер туралы түсінігімізді толықтырайық.

Мұғалім оқушылардың назарын экранға аударып, алдын ала дайындалған слайд арқылы түсіндіреді.

Оқулықпен және дәптермен жұмыс

Оқушылар тапсырмаларды орындайды, фигураларды ажыратып, атауларын дұрыс қолдануға жаттығады.

Сергіту сәті

Өлең жолдары

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан,

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ, есепте,

Тоқылған салса себетке?

Сергіту жаттығулары орындалып, балалардың ойы сергіп, шаршағаны басылады.

Ой толғаныс: шығармашылық тапсырма

Суретпен жұмыс: тақтада көрсетілген геометриялық фигураларды атап, олардың түстерін және негізгі ерекшеліктерін (бұрыштары, қабырғалары, дөңгеленуі) ажыратып айту.

Атау

Фигураны дұрыс атау: үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш, текше, шар.

Түс

Берілген түстерді атап, ұқсас түсті заттарды мысалға келтіру.

Ерекшелік

Бұрыштары бар ма, қабырғалары қанша, әлде домалақ пішін бе — соны салыстыру.

Үй тапсырмасы, бағалау және кері байланыс

Үйге тапсырма

Геометриялық фигуралар жасап келу. Тапсырма күнделікке жазылады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау жүргізіледі. Оқушылар бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Оқушылар өз таңдауы бойынша смайликтерді тиісті нұсқаға жабыстырып, сабақ туралы пікірін білдіреді.