Гүлдің құрылысы
Сабақ жоспары: Жемістер (Биология, 6-сынып)
БҚО, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылы — Жамбыл ЖОББМ-балабақшасы
Биология пәні мұғалімі: Бақытжанова Баян Темірханқызы
Сабақтың мақсаты
- Жемістердің түрлерімен таныстыру және олардың адам үшін маңызын түсіндіру.
- Жемістер туралы жалпы түсінікті қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Біледі
Жемістер туралы негізгі мәліметтерді меңгереді.
Ажырата алады
Жеміс түрлерін бір-бірінен ерекшеліктері бойынша ажыратады.
Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгерту.
Қолданылатын әдістер
Дереккөздер
- «Қазақстанда кездесетін жануарлар» энциклопедиясы.
- Биология, 7-сынып оқулығы: Қ. Қайым, Р. Сәтімбеков, Ә. Әметов, Ж. Қожантаева — Алматы: «Атамұра», 2012.
- «Биолог анықтамалығы», №1, 2015.
Көрнекіліктер
Материалдар
Постер, суреттер, мәліметтер.
Құралдар
Бағалау парағы, түрлі түсті маркерлер, кластер.
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім оқушылармен амандасып, сабақтың жұмыс тәртібін түсіндіреді және топқа бөліну тәсілін таныстырады.
Топқа бөлу
Оқушылар жеміс түрлері бойынша 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз жемісінің адам ағзасына пайдасын қысқаша айтып шығады.
- 1-топ: алма
- 2-топ: алмұрт
- 3-топ: жүзім
2) Психологиялық тренинг
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Мақсаты
Сыныпта ашық қарым-қатынас пен сенімді орта құру.
3) Үй тапсырмасын тексеру
I. «Білім минуты» (сұрақтар)
- Гүлдің құрылысы қандай?
- Тозаңдану дегеніміз не?
- Тозаңданудың қандай түрлері бар?
- Жынысты көбею дегеніміз не?
- Аталықтың құрылысы қандай?
- Аналықтың құрылысы қандай?
II. «Ұшқыр ой» (миға шабуыл)
Мұғалім оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып, өткен тақырып пен жаңа тақырып арасындағы байланысты анықтайды.
4) Жаңа сабақ: «Жемістер»
Оқушылардың жауаптарын қорытындылай отырып, мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбын жариялайды және тақырыпты тақтаға жазады.
Оқыту тәсілі
Жаңа материал «Хан жарлығы» әдісі арқылы меңгертіледі.
5) Жаңа сабақты бекіту
I. Сәйкестендіру
Ұғымдарды, анықтамаларды немесе суреттерді өзара сәйкестендіру тапсырмалары.
II. Биологиялық диктант
Тақырып бойынша негізгі терминдер мен тұжырымдарды бекітуге арналған жұмыс.
III. Сәйкестендіру тест
Қысқа тест тапсырмалары арқылы білімді тексеру.
6) Рефлексия
«Жеміс ағашы»
Оқушылар сабақтан алған әсері мен түсінгенін «Жеміс ағашы» рефлексиясы арқылы білдіреді.
7) Үй тапсырмасы және бағалау
Мұғалім үй тапсырмасын мұқият жазып алуды талап етеді. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалайды.
Ескерту
Бағалау үшін бағалау парақтары қолданылады және кері байланыс қысқа, түсінікті түрде беріледі.