Сорпа ішеміз қалайы қасықпенен, Жер бетінде күмістің аздығынан

Мұхтар Шаханов

Алтын, күміс және қалайы
(Шыңғыс Айтматовқа)

Пәстеу соғып сырт көркі мазмұнынан,
Бекер болды - ау, мезгілсіз тозды бір ән.
Мыстан құйдық тұлғасын ұлылардың,
Жер бетінде алтынның аздығынан.
Міне, тағы құлашын жазды бір ән,
Көркі осалдық етпегей мазмұнынан.
Сорпа ішеміз қалайы қасықпенен,
Жер бетінде күмістің аздығынан.
Жасық жайлы жасампаз ойға қалып,
Жарар еді кетпесек майдаланып.
Сары шымшық сан рет той бастады,
Бұлбұлдардың аздығын пайдаланып.
Қалайы өтсе күмістің есімімен,
Үйреніппіз қарауға кешіріммен.
Соның бәрі асылдың аздығынан,
Азға зорлық жасаудың кесірінен.



Ұқсас жұмыстар

Түркия Республикасы
Химиялық элементтердің адам ағзасы үшін маңызы
Қазы жент
Ет және оның сапасы
Мейірбан металдар және қорытпалар
Жануарлардың қорғасын қосылыстарымен улануы
Хром элементінің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы
Томатты көкөністер
Бала-бақша топтарнын бағдарламалары
Консерві қалбырларының таңбалануы
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Алтай осы жерден басталады
Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
Жер үсті ж/е жер асты суларының ластануы.
Жер-су реформасы.
Біз бүгін қай жерде тұрмыз
Қазақстан жер қыртысы ресурстары оны пайдалану және қорғау
Қазақстандағы жер ресурстарын басқарудың казіргі жүйесін қалыптастыру әдіснамасы