Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Бұл коучинг-сабақ оқу үдерісінің әрбір кезеңінде оқыту сапасын жақсартуға бағытталған критерийалды бағалаудың маңызын түсіндіруге және оның тиімділігін тәжірибе арқылы көрсетуге арналған.
Сілтеме
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, интернет ресурстары.
Жалпы мақсаттары
- Оқу үдерісінің әр кезеңінде оқыту сапасын жақсарту үшін критерийалды бағалауды жүргізудің маңызын ұғындыру.
- Критерийалды бағалаудың тиімділігін нақты мысалдар арқылы көрсету.
Мұғалімдер үшін күтілетін нәтижелер
Мұғалімдер критерийалды бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оларды сабақ барысында орынды және жүйелі қолданады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- 1 Тренинг
- 2 Топтық жұмыс
- 3 Жеке жұмыс
- 4 Кері байланыс
Қажетті құралдар
Психологиялық ахуал: тренинг
Мұғалімдермен амандасу: «Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын».
Гүл тарату арқылы көктемгі жылы лебіз білдіру. Төмендегі тілектер қатысушыларға кезекпен оқылады немесе стикер ретінде ұсынылады:
-
Тілек 1
Жаңа тарихымыздың жарқын болашағы жолында еңбегіңіз жана берсін.
-
Тілек 2
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз. Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз. Дәулет пен мерейіңіз тасы берсін, арта берсін абырой-беделіңіз.
-
Тілек 3
Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз, отбасылық бақытқа кенеліңіз. Жұмыста еңбегіңіз бағаланып, медальмен, орденмен еленіңіз.
-
Тілек 4
Бақыттың баяндысын, дәулет-ырыстың сарқылмасын тілеймін. Табыс тартуларыңыз тау суындай таусылмасын.
-
Тілек 5
Жүрер жолыңыз ұзақ, асар асуларыңыз биік, көрер қызықтарыңыз мол болсын.
-
Тілек 6
Ақ ниетпен қартаймас жайдары көңіл, мәнді де мағыналы өмір, жемісті еңбек пен сарқылмас қуат тілеймін.
Топқа бөлу
Қатысушылар сурет қиындылары арқылы екі топқа бөлінеді. Әр суреттің артында ребус жасырылған.
1-топ
Қыс мезгілі
Қыс көрінісі салынған сурет қиындылары беріледі.
2-топ
Көктем мезгілі
Көктем көрінісі салынған сурет қиындылары беріледі.
Ребус жауаптары
Сабақтың басталуы
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері таныстырылады. Интерактивті тақта арқылы қосымша мәлімет көрсетіледі.
Білім сапасын көтерудің маңызды көрсеткіштерінің бірі — бағалау.
Бағалау — одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатында оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті білдіретін термин.
Критерийалды бағалау жүйесінің өзегі
Бұл жүйеде ең маңыздысы — оқу процесінің өзі. Оқушы өзін-өзі бағалауды үйренеді, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды және әрі қарай қалай дамуы керектігін түсінеді. Яғни, оқушының қалай жұмыс істегені және қалай ойланғаны бағаланады.
Критерийалды бағалаудың түрлері
Жиынтық бағалау
Оқытудың нәтижелерін жіктеу, сертификаттау және тіркеу мақсатында оқытудың қорытындыларын шығару.
Қалыптастырушы бағалау
Оқуды жетілдіру үшін мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа қатысушыларын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы.
Тақырып: «Критериалды бағалаудың тиімділігі» (коучинг материалы).