Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру

Батыс Қазақстан облысы • Шыңғырлау ауданы

Аудандық «Шұғыла» балабақшасы • ІІ санатты тәрбиеші — Қожамұратова Гүлім

Білім беру саласы

Денсаулық

ҰОІӘ түрі

Дене шынықтыру

Тақырыбы

Орманға саяхат

Мақсаты

Балаларды бір тізбекпен жүруге, жыланша ирелеңдеп жүгіруге және шашырап жүгіруге жаттықтыру. Гимнастикалық отырғыштың үстімен қолды екі жаққа созып жүруді, тұрақты тепе-теңдікті сақтауды үйрету. Екі аяқпен жеңіл секіруге дағдыландыру.

Негізгі дағдылар

  • Бір тізбекпен жүру
  • Жыланша ирелеңдеп жүгіру
  • Шашырап жүгіру
  • Тепе-теңдік сақтау
  • Екі аяқпен жеңіл секіру

Әдіс-тәсілдер және құралдар

Әдістер: түсіндіру, көрсету.

Көрнекіліктер: текшелер, гимнастикалық таяқшалар.

I бөлім — Мотивациялық-қозғаушы

Ұйымдастыру

  • Қатарға тұру, сап түзеу.
  • Сәлемдесу.

Қимыл-қозғалысқа енгізу (жануарлар арқылы)

  1. 1. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру — «Күнге жет».

  2. 2. Өкшемен жүру — «Балапан, әтеш».

  3. 3. Аяқтың сыртымен жүру — «Аю».

  4. 4. Екі аяқпен алға секіру — «Қоян».

  5. 5. Жыланша ирелеңдеп жүру және жүгіру — «С-с-с» дыбысын салып.

  6. 6. «Орманға барайық!» — «Поезд» болып сапқа тұрып қозғалу.

II бөлім — Іздену-ұйымдастырушы

Сюжеттік кіріспе: «Орманға келдік»

Тәрбиеші: «Міне, балалар, біз орманға келдік. Орманнан қандай дыбыс естіліп тұр?»

Балалар: «Құстардың дауысы естіледі».

Тәрбиеші: «Тағы нені көріп тұрсыңдар?»

Балалар: «Ағаштардың жапырақтары қурап, жерге түскен».

Тәрбиеші: «Бұл үйде кім тұрады екен?»

Кейіпкер: Дәрігер

Дәрігер шығып, балалармен амандасады.

Диалог

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер маған емделуге келдіңдер ме?»

Жалпы дамытушы жаттығулар (гимнастикалық таяқшамен)

1) Бастапқы қалып

Аяқ — иық кеңдігінде. Таяқшаның екі ұшын ұстап, қол төменде.

Қимыл: таяқшаны кеуде тұсына әкелу.

2) Қолды көтеру-түсіру

Аяқ — иық кеңдігінде.

  1. Таяқшаны жоғары көтеру.
  2. Шынтаққа түсіру.
  3. Қайта жоғары көтеру.
  4. Бастапқы қалыпқа келу.

3) Тепе-теңдікке жаттығу

Аяқ — иық кеңдігінде.

  1. Таяқшаны жоғары көтеріп, оған қарау; оң аяқты артқа қойып, аяқтың ұшымен тұру.
  2. Бастапқы қалыпқа келу.

4) Тізені көтеру

Негізгі тұрыс: аяқ — иық кеңдігінде, таяқша кеуде тұсында (ортасынан ұсталады).

Тізені бүгіп көтеріп, тізеге тигізу.

Ескерту: денені тік ұстау.

Қайталану: екінші аяқпен де орындау.

Ескерту: қозғалысты баяу әрі бақылаумен.

5) Отыру

Негізгі тұрыс.

  1. Қолдағы таяқшаны алға созып, отыру.
  2. Бастапқы қалыпқа келу.

6) Иілу

Еденде отырып, аяқ — алшақ, қолда — таяқша.

Алға иіліп, таяқшаны аяқ ұшына тигізу.

7) Сергіту

Секіру — жүру — секіру.

«Жарайсыңдар, балалар! Шыныққан, шымыр екенсіңдер!»

Оқиға жалғасы: жеделхат

Тоқылдақ ұшып келеді де, дәрігермен амандасады. Ол дәрігерге жеделхат әкелгенін айтады. Жеделхат аң патшасы — арыстаннан: ормандағы аңдар ауырып қалған, тез жету керек.

Негізгі қимылдар (кедергілер)

  • Көпірден өту

    Тепе-теңдікті сақтап жүру.

  • Таудан асып өту

    Кедергіден сенімді өту.

  • Теңізден өту

    Қимылды үйлестіру.

Дәрігер аңдарға жетіп, оларды емдейді. Қимылды ойын: «Қасқыр — қақпан».

Дәрігер Айболит: «Жарайсыңдар, балалар! Ойын ұнады ма? Енді мен сендермен қоштасайын, басқа жануарларды да емдеуім керек».

«Қош сау болыңдар, балалар!»

Қорытынды ойын

«Поезд» ойыны.

III бөлім — Қорытынды

Балалар бір-бірлеп тізбектеліп қатармен жүреді. Демалу жаттығулары орындалады.

Күтілетін нәтиже

Сабақ соңында балалардың қимыл дағдылары мен тепе-теңдік қабілеті нығаяды.

Білу

Жыланша ирелеңдеп жүгіре біледі.

Игеру

Гимнастикалық отырғыштың үстімен қолды жанға созып жүруді, тепе-теңдікті сақтап жүруді меңгереді.

Жасай білу

Қолды серпу, аяқтың ұшымен секіру қимылдарын орындай алады.