Егінші мен қасқыр

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

«Егінші мен қасқыр» (3-сынып)

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Әдісі

Әңгімелеу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, бейнелеу өнері

Көрнекілігі

Ертегі мазмұнына байланысты суреттер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

«Ас атасы — нан» ұғымын түсіндіру, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екенін және оның оңайлықпен келмейтінін ертегі мазмұны арқылы ұғындыру.

Дамытушылық

Халық ауыз әдебиетіне қызығушылықты арттыру, ой-өрісті кеңейту, өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» мақалын негізге ала отырып, еңбексүйгіштікке және имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақты Қадыр Мырзалиевтің өлең жолдарымен бастау ұсынылады:

Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

II. Үй тапсырмасын сұрау және тексеру

Үйге берілген тапсырма: «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңін рөлге бөліп оқу.

III. Өткен сабақты бекіту

Сұрақтар

  • Сабақта қандай өлең өттік?
  • Құмырсқа қандай жәндік?
  • Шегіртке қандай жәндік?

Қорытынды сипаттама

Құмырсқа

Еңбекқор, ұйымшыл

Шегіртке

Еріншек, жалқау

IV. Жаңа сабақ

Кітаппен жұмыс: 1-тапсырма

Суретке зер салыңдар. Суреттегі тағамдар туралы білетіндеріңді айтыңдар. Осы тағамдардың дастарханға қалай келетіні туралы әңгімелеңдер.

Кітаппен жұмыс: 2-тапсырма

«Егінші мен қасқыр» (Литва ертегісі) мәтінін түсініп оқып, мазмұнын айту.

Ертегіге сүйене отырып, нанның дастарханға қандай жолмен келетінін талқылаңдар.

Еңбектің басталуы

  • Жер жыртылады, қопсытылады.
  • Тұқым дайындалып, себіледі.
  • Көктемде көк шығып, егін күтіп-бапталады.

Нанға дейінгі жол

  • Бидай піседі, орылады, бауланады.
  • Кептіріліп, маяланады, бастырылады.
  • Ұн тартылып, қамыр иленеді, нан пісіріледі.

Нанның дастарханға келуі — ұзақ та ауыр еңбектің нәтижесі. Сондықтан нан — қадірлі, дәмі де еңбектің дәміндей бағалы.

Нанды дастарханға жеткізетін негізгі маман иесі — егінші. Егіншінің еңбегі қиын әрі аса маңызды.

Дәптермен жұмыс

Сызбадағы сөздерді істің орындалу ретіне қарай атаңдар және жазыңдар:

  1. Жер жырту
  2. Жер өңдеу
  3. Тұқым себу
  4. Жайқалған егін
  5. Егін жинау

V. Сабақты бекіту (Ой толғаныс)

«Егінші мен қасқыр» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

Жауап: Тұрмыс-салт ертегісі. Себебі ертегіде адамның күнделікті өмірінен алынған іс-әрекет, яғни нанның дайындалу жолы баяндалады.

Ертегі мазмұнына сай мақал-мәтелдер:

  • 1) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
  • 2) Ас атасы — нан.
  • 3) Дастарханда наны жоқтың, тағамының сәні жоқ.
  • 4) Нанға құрмет — елге құрмет.

VI. Үй тапсырмасы

  • «Егінші мен қасқыр» ертегісін түсініп оқып, мазмұндап келу.
  • Ертегі мазмұнына сәйкес сурет салу.

VII. Қорытынды және бағалау

Сабақты төмендегі өлең жолдарымен аяқтауға болады:

Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.