Өткен материалды қайталау

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы «Сымбат» жеке мектебі

Мұғалім

Курмалова Асель Агисовна

Сабақтың тақырыбы

«Қайталау – білім анасы»

Сабақ түрі

Қайталау, пысықтау сабақ

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сабақтың негізгі мақсаты — оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімін бекітіп, қайталауға арналған есептер арқылы дағдыларын нығайту.

Білімділік

Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімін тиянақтау.

Дамытушылық

Логикалық ойлауды, ой-өрісті және есте сақтауды дамыту.

Тәрбиелік

Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері және көрнекілігі

Әдіс-тәсілдері

  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Салыстыру

Көрнекілігі

  • Сөзжұмбақ
  • Тірек сигналдары
  • Магнитті тақта
  • Мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың орындаған жұмыстары тексеріліп, жіберілген қателер қысқаша талданады.

III. Өткен материалды қайталау

1) Геометриялық ұғымдарды еске түсіру

Сабақ 1-сыныптан таныс жаттығумен басталады. Мұғалім өлең жолдарын оқып, оқушылардан қандай ұғымдар меңзеліп тұрғанын анықтауды сұрайды:

Қане, түзу тұрайық,
Кесіндіні құрайық.
Сәуле болып созылып,
Нүкте бола қалайық.

Оқушылар суреттегі түзу, кесінді, сәуле, нүкте туралы ой қозғап, берілген фигураларды талдайды:

Түзулер

AD, BC

Кесінділер

OE, OK

Сәулелер

OA, OC, OB, OD

Нүктелер

O, E, K

2) Кестені толтыру (ауызша есептеу)

Ауызша есептеу өзіндік жұмыс түрінде беріледі. Оқушылар ұзындық, ен, аудан және жарты периметр бойынша кестені толтырады.

Ұзындығы Ені Ауданы Жарты периметрі

3) Тірек сигналдары арқылы ауызша жұмыс

Тақтаға тірек сигналдары ілініп, олар арқылы теңдеулерді түрлендіру және белгісізді табу жұмысы жүргізіледі.

Қосу және азайту

  • x + b = a ⟶ x = a − b
  • a − x = b ⟶ x = a − b
  • x = a + b ⟶ x = b + a

Көбейту және бөлу

  • a · x = a ⟶ x = 1
  • x = a : b ⟶ a : x = b
  • x : a = b ⟶ x = b · a

Тапсырма

x-тің мәнін табыңыз. Әр жауаптан кейін берілген сөздер арқылы мақал құрастырыңыз.

Теңдеу x Сөз
x − 40 = 120 160 Ішпеген
x : 7 = 70 490 шылым
x − 40 = 50 90 шекпеген
x : 10 = 93 930 жасайды
a · 10 = 400 : 2 20 жылдар
12 + x = 72 : 2 24 көптеген

Мұғалім оқушыларға салауатты өмір салты туралы мағлұмат береді: Қазақстан–2030 стратегиясының басым бағыттарының бірі — жас ұрпақты нашақорлықтан, темекі мен ішімдіктен қорғау. Денсаулықты нығайту үшін спортпен жүйелі түрде шұғылдану қажеттігі атап өтіледі.

IV. Сабақты жан-жақты пысықтау (оқулықпен жұмыс)

№2 тапсырма

Есеп оқылады, оқушылар талдайды, теңдеу құрып, шешімін тақтада көрсетеді.

x + 2 = 13
x = 13 − 2
x = 11

Тексеру: 11 + 2 = 13
Жауабы: 11

№3 тапсырма

Берілгендері бойынша теңдеу құрылады және шешіледі.

S

300

V₁

60 км/сағ

t

2 сағ

2x + 60·2 = 300
2x + 120 = 300
2x = 180
x = 90

Жауабы: V₂ = 90 км/сағ

V. Сабақты қорытындылау

Қорытынды бөлімде оқушылар сөзжұмбақ шешіп, негізгі ұғымдарды бекітеді.

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы.
  2. Ұзындық, ен және биіктіктің көбейтіндісі нені табады?
  3. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны қалай аталады?
  4. Ұзындық пен еннің көбейтіндісі нені табады?
  5. Сандар мен амалдардан құрастырылған жазу.
  6. Құрамындағы әріптің мәнін табатын теңдік қалай аталады?

Жауап сөздер

периметр көлем шеңбер аудан өрнек теңдеу

Сұрақ-жауап арқылы бекіту

  • 1)Периметр: P = (a + b) · 2
  • 2)Көлем: V = a · b · c
  • 3)Шеңбер сызу (нүктеден бірдей қашықтықтағы нүктелер жиыны).
  • 4)Аудан: S = a · b
  • 5)Өрнек құру: 5 + x
  • 6)Теңдеу шешу мысалы: 2x = 20, 30 − x = 15

VI. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

№8 есепті шығару.

Бағалау

Оқушылар өз жұмыстарын бағалау өлшемдері бойынша өзін-өзі бағалайды.