Жоба терезесі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Visual Basic тілінде программалаудың негіздері

Сабақтың түрі мен типі

  • Түрі: теориялық сабақ
  • Типі: көрсете түсіндіре баяндау

Сабақтың көрнекілігі

Компьютер Интерактивті тақта

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Visual Basic-та бағдарламалау негіздері туралы түсінік қалыптастыру.
  • Базалық компоненттердің тағайындалуын, қасиеттерін, оқиғаларын және әдістерін меңгерту.
  • Компоненттерді қойылған есептерді шешуде тиімді қолдану жолдарын үйрету.

Дамытушылық

  • Жүйелі жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Алгоритмдік және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

  • Оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі
  2. II. Үй тапсырмасын тексеру
  3. III. Жаңа сабақты түсіндіру
  4. IV. Тапсырмалар орындау
  5. V. Сабақты бекіту
  6. VI. Бағалау
  7. VII. Үйге тапсырма

Үй тапсырмасына шолу сұрақтары

  1. 1 Visual Basic ортасын қалай ашамыз?
  2. 2 Visual Basic ортасы неше бөліктен тұрады?
  3. 3 Форма неден тұрады?
  4. 4 Оқиға, қасиет, әдіс дегеніміз не?
  5. 5 Формаға сызық салу үшін қандай компонент қолданылады?
  6. 6 Форманың негізгі қасиеттері қандай?

Жаңа сабақты түсіндіру

Visual Basic — инструменттердің кең жиынтығын пайдалана отырып, пішіндер мен графикалық объектілерді көрнекі түрде құрастыруға мүмкіндік беретін графикалық орта.

Visual Basic тілі туралы

Visual Basic-тағы бағдарламалау тілі — көпшілікке таныс BASIC стандартты тілінің кеңейтілген нұсқасы. Ол алгоритмдеу негіздерін меңгеруге және Windows қолданбаларының ерекшеліктерін үйренуге өте қолайлы.

Сонымен қатар Visual Basic кез келген типтегі қуатты қолданбалар жасауға жеткілікті мүмкіндік береді. Жасалып жатқан бағдарламаларда Windows API құралдарын қолдану қолданбаның мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Project Wizard және жоба таңдау

Visual Basic іске қосылғанда экранда Project Wizard жобалар менеджері New Project терезесімен бірге ашылады. Терезе үш қосымша беттен тұрады:

  • New
    Жаңа жобалар. Жаңа қолданбаға арналған шаблон таңдалады.
  • Existing
    Қолданыстағы жобалар. Бұрын дискіге сақталған жобаны таңдауға болады.
  • Recent
    Жақында қолданылған жобалар. Соңғы жұмыс істеген жобалар тізімі.

Жұмысты кез келген қосымшамен бастауға болады. Біз жаңа жоба жасайтын болғандықтан, New бетінде Standard EXE таңбашасын екі рет шертіңдер — осы әрекет Project Wizard менеджерінің жұмысын аяқтап, жаңа жобаны ашады.

IDE және оның негізгі бөліктері

Экранда жаңа жобаның әдепкі атауы ретінде Project1 көрінеді (қажет болса, оны кейін өзгертуге болады). Бұл орта терезелерден, мәзірлерден және құралдар панельдерінен тұратын IDE (Integrated Development Environment) — яғни бағдарламаны әзірлеудің жинақталған ортасы.

IDE құрамына кіретін элементтер
  • Басты мәзір
  • Инструменттер панелі
  • Жоба терезесі
  • Қасиеттер терезесі
Қосымша құралдар
  • Пішін макетінің терезесі
  • Элементтер панелі
  • Пішіндер конструкторы
  • Объектілерді қарау терезесі

Басты мәзір (Main Menu)

Басты мәзір — Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолы. Құрылымы жағынан ол Windows-тағы басқа қолданбалардың мәзірлеріне ұқсайды. Сол жақта орналасқан File мәзірі қолданбаны құрайтын файлдармен жұмыс істеуге арналған: жоба жасау, ашу, басып шығару және сақтау сияқты әрекеттер осы жерден орындалады.