Туған өлкем
Тақырыбы: «Туған өлкем» (Өтебай Тұрманжанов)
Бұл сабақта оқушылар ақын Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқиды; туған жердің қадір-қасиетін сезіне отырып, ұлттық құндылықтар туралы түсінігін кеңейтеді.
- Сабақ типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақ түрі
- Кіріктірілген сабақ (әдебиеттік оқу – өзін-өзі тану)
- Көрнекіліктер
- Қазақстан туралы слайд, «Туған өлкем» сөзжұмбағы, ән
- Әдіс-тәсіл
- Сыни тұрғыдан ойлау (СТО) технологиясының стратегиялары
Сабақтың мақсаттары
1) Өлеңді меңгерту
«Туған өлкем» өлеңінің мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; ұлттық құндылықтар туралы түсінікті кеңейту.
2) Ойлау және жазу дағдысы
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, дәлелді жауап беруін және қысқа жазба жұмысын дамыту.
3) Тәрбиелік бағыт
Отанға, туған өлкеге сүйіспеншілікті арттыру; туған жерді қадірлеуге және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру: «Түс таңда» ойыны
Мақсаты — түстер арқылы оқушыларды топқа бөлу және әр түстің мағынасын түсіндіру.
Жасыл
Қуанышты көңіл күй, жастық.
Көк
Таза су, ашық аспан, бейбітшілік.
Сары
Жарық күннің нышаны.
Қызыл
Жеңістің нышаны.
Күн, су, аспан, бейбітшілік — адам тіршілігінің негізгі тіректері. Табиғат бояулары арқылы өмірдің қайнар көзі мен құндылығы танылады.
Топтарды таныстыру
1-топ: Білімділер
2-топ: Тапқырлар
3-топ: Алғырлар
4-топ: Ізденімпаздар
Тыныштық сәті: Отанның болашағын елестету
Балалар, ыңғайланып отырып, терең тыныс алыңдар. Көз алдарыңа Қазақстанның жарқын болашағын елестетіп көріңдер: биік ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, қуанышқа кенелген аналар, жетістігімен мақтанған ұстаздар, білім мен ғылымға ұмтылған дана ағалар, ақылды немересіне сүйсінген аталар.
Қазақстанның қай өңірінде жүрсеңдер де өздеріңді бұлтсыз аспан, қалықтаған құс, жайқалған гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күндей сезініңдер. Қай жерде тұрсаңдар да өздеріңді сол өлкенің толыққанды мүшесі әрі иесі ретінде қабылдаңдар. Өйткені ол — біздің Отанымыз.
Осындай бейбіт, бақытты елде өмір сүріп жатқанымыз үшін Отанымызға іштей алғыс айтып, бұрынғы қалпымызға келейік.
Қызығушылықты ояту: Ассоциация
«Қазақстан» туралы не білеміз? «Қазақстан» сөзін басқаша қалай айтуға болады?
Атамекен
Ата-бабамыз қоныс тепкен, халық үшін қасиетті мекен.
Туған жер
Әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері.
Туған өлке
Туған жердің табиғат көрінісі мен ата-баба қонысының кең мағынадағы бейнесі.
Адам үшін туған жер мен өскен орта әрдайым ыстық, қадірлі.
Мағынаны тану: Өтебай Тұрманжанов және «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов — қазақтың көрнекті ақыны. Оқулықпен жұмыс барысында «Туған өлкем» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқимыз.
Талдау сұрақтары
- Өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді ата: қуаныш, мақтаныш, шаттық (қажет болса, дәлел келтір).
- Ақын туған жердің күні мен гүлі туралы не айтады?
- «Алтын дәнді дала», «ақ күмістей қала» тіркестерін қалай түсіндің?
- Туған өлке тағы несімен көрікті?
- Туған жерді көркейту үшін сен қандай үлес қоса аласың?
Дәйексөз
«Атамекен аясы — адамның жан саясы»
Халық даналығы
Атамекеннің тамаша табиғаты, кең даласы, толқыған теңізі, жасыл орманы, ұшқан құстары мен жүгірген аңдары — бәрі де адамға қуат беріп, сағынышын басады. Сондықтан жанға сая болатын мекеннің табиғатын аялау — әрқайсымыздың борышымыз.
Шығармашылық жұмыс
Ақынның сөз өрнегін үлгі етіп, туған өлкең туралы шағын өлең құрастыр.
Ұсынылатын бастау:
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы — менің туған өлкем.
......................................
......................................
«Поэзия минуты»
Топ басшылары Отан туралы өлеңді жатқа оқиды.
Топтық тапсырмалар
1-топ
Қазақстанның табиғаты
2-топ
Қазақстанның қазба байлығы
3-топ
Қазақстандағы халықтар достығы
4-топ
Қазақтың салт-дәстүрі
Ойын: «Бақыт ағашы»
Мақсаты — Отанға деген тілекті білдіру, жүрек жылуын бөлісу.
Шарты:
Жапырақшаға өз тілегіңді жазып, «ағашқа» орналастыр.
Бекіту: Ой толғаныс
- Өлең қалай аталады?
- Өлеңнің авторы кім?
- «Туған өлкем» сөзжұмбағын шеш.
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары
Рәміз: Ту
Киелі құс: Аққу
Сені оқытып, білім берген кім? Мұғалім
Мейірімді жан: Ана
Қасиетті ай: Наурыз
Біз тұратын қала: Ақтөбе
Алып жануар: Піл
Ақтөбедегі өзен аты: Елек
Киелі сан: Жеті
Бұрынғы Астана: Алматы
Қосымша сұрақ
Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің? (Оқушылар өз жауаптарын айтады.)
«Жүректен — жүрекке»
«Отаным, мен саған ризамын, өйткені …»
Оқушылар сөйлемді жалғастырып, өз алғысын және тілегін білдіреді.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
«Туған өлкем» өлеңін жаттау.
Бағалау
Топтық жұмыс нәтижесі бойынша бағалау жүргізу.
Қорытынды тыныштық сәті
Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Тыныс алуларыңды бақылап, таза әрі шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ол ауа бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы екенін елестетіңдер. Енді көздеріңді ашыңдар.