Құрастыру нұсқау картасы
Сабақ тақырыбы
Сәндік-қолданбалы өнер. Шығармашылық жұмыс.
Сабақтың типі
Тарау бойынша білімді қорытындылау.
Сабақтың түрі
Аралас (теориялық және сарамандық).
Өту форматы
Топпен жұмыс, әңгімелеу, теориялық және практикалық тапсырмалар.
Көрнекілік
Бұйымды өңдеу бойынша нұсқау картасы.
Сабақтың мақсаттары
Жалпы мақсат
Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізінде конструкциялық материалдарды көркем өңдеу тәсілдерін түсіндіру.
Білімділік
Бұйымды көркем өңдеу барысында техникалық сызбаларды орындауға және өлшем бірліктерін дұрыс түсіруге үйрету.
Дамытушылық
Бұйымды шығармашылық бағытта қайта жабдықтау: өңдеу, құрастыру және әрлеу жұмыстарын жоспарлап орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Топпен және жеке жұмыс барысында жауапкершілікке, өзара қолдауға және шығармашылық бастамаға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, қатысымды түгендеу.
- Сынып тазалығын және оқу құралдарының дайындығын тексеру.
- Оқушыларды топтарға бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар)
- 1.Геометриялық ою элементтері.
- 2.Сәндік-қолданбалы өнер ұғымы.
- 3.Ою-өрнектің түрлерге бөлінуі.
- 4.Композиция туралы түсінік.
III. Жаңа сабақ (теория)
1) Шығармашылық жұмысқа бұйым таңдау
Бұйым оқушылардың жас ерекшелігі мен деңгейіне сай таңдалады. Мысал ретінде оқушы бойына лайық шағын мінбе (тұғырша) дайындау ұсынылады.
Қойылатын талаптар
- Өте биік емес, оқушы бойына сай ықшам болуы.
- Қалдық материалдардан жасалуы.
- Шығынның көп болмауы.
- Өңдеу және құрастырудың қарапайым болуы.
2) Техникалық сызбаны дайындау
Бұйымның толық нұсқасы өлшем бірліктерімен бірге техникалық сызба түрінде көрсетіледі.
3) Өңдеу нұсқау картасы
Әр бөлшектің өлшем бірліктері нақты көрсетілуі тиіс.
4) Құрастыру нұсқау картасы
Бұйымды құрастырудың реттілігі кезең-кезеңімен беріледі.
Сарамандық бөлім (топтық жұмыс)
Оқушылар 3 топқа бөлініп, тапсырмаларды параллель орындайды.
1-топ
Әрлеу нұсқау картасын дайындау
Әр бөлшекке қанша әрлеу материалы қажет екенін анықтайтын нұсқау картасын құрастыру.
2-топ
Экономикалық есептеу
Бұйымды дайындауға кеткен материалдық шығындарды есептеу.
- ДСП материалы (өлшем бірліктері бойынша).
- Бұрама шегелер.
- Электр энергиясы.
- Жапсырма қағаз.
- Жалпы шығын (қорытынды сома).
3-топ
Нұсқау картасы бойынша құрастыру
Өңделген бөлшектерді реттілікпен құрастырып, бұйымды жинақтау.
- 1.Өлшемге сай белгі түсіру.
- 2.Бұрама шегелердің орындарын белгілеу.
- 3.Электр бұрғымен тесу.
- 4.Бұрама шегелерді бекіту.
IV. Жинақтау және қорытындылау
Шығармашылық жобаға алынған бұйым жан-жақты зерттелуі керек: қандай бөлігі, қалай және қандай мақсатпен өзгертілетіні нақты көрсетіледі.
Тарау бойынша меңгерілген білім, әдіс-тәсілдер жобаны орындау барысында қолданылып, нәтижесі бағаланады.
Құрастыру және әрлеу топтарының жұмысы аяқталғаннан кейін, экономикалық есептеу тобының қорытындысы бойынша бұйымның құны белгіленеді.
V. Үй тапсырмасы
Өз бетінше жоба сызбасын дайындау.