Жұлдыз тобы

ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы • Б. Момышұлы атындағы орта мектеп (КММ)

Бастауыш сынып мұғалімі: Байсугурова Алия Кабаевна

Сабақтың құрылымы мен мазмұны

Бұл жоспар бастауыш сынып оқушыларына ғарыштан Жердің көрінісі, Күн және Жер туралы түсінік беруге бағытталған. Сонымен қатар ғарышты зерттеудегі Қазақстанның үлесін негізге ала отырып, оқушылардың мақтаныш сезімін ояту көзделеді.

Сабақтың тақырыбы

Ғарыштан Жердің көрінісі. Күн. Жер.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдістері

  • Топтық жұмыс
  • Жеке жұмыс

Күтілетін нәтиже

  • Ойлау жүйесін жандандыратын тапсырмаларды орындайды
  • Шығармашылық қабілеті артады
  • Сөздік қоры кеңейеді

I. Ұйымдастыру кезеңі

Старт

Оқушылармен амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, психологиялық дайындық жүргізу.

II. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың назарын шоғырландыру үшін жұмбақтар ұсынылады. Жауаптарына қарай оқушылар топтарға бөлінеді.

Жұмбақтар

  1. Жылт-жылт етіп төбемде, түсе алмай тұр төменге.

    Жауабы: Жұлдыз

  2. Үлкен алтын табақтан, әлемге нұр таратқан.

    Жауабы: Күн

  3. Орақ болып туады, табақ болып тынады.

    Жауабы: Ай

  4. Алып кілем — гүлге толы, үсті кілең.

    Жауабы: Жер

Топқа бөлу және жұмыс тәртібі

  • 1-топ: Жұлдыз
  • 2-топ: Күн
  • 3-топ: Жер
  • 4-топ: Ай

Ұйымдастыру қадамдары

  1. 1.Топтық жұмыс ережесін қайталау
  2. 2.Топ басшысын сайлау
  3. 3.Бағалау парағымен танысу

III. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы тест арқылы тексеріледі. Оқушылар өзін-өзі бағалау жүргізеді.

Тест сұрақтары

  1. Өзінен жарық шығармайтын, түнде жұлдыз сияқты жарқырап көрінетін не?

    A) Ғарыш • B) Планета • Ә) Галактика • В) Метеорит

  2. Жерге ең жақын жұлдыз?

    A) Ай • B) Шолпан • Ә) Күн • В) Марс

  3. Жұлдыздар жүйесі неге бірігеді?

    A) Галактика • B) Жердің серігіне • Ә) Күн жүйесіне • В) Жер шарына

  4. Ғарышқа жол қай жылы ашылды?

    A) 1961 ж. 12 сәуір • B) 1991 ж. 2 қазан • Ә) 1957 ж. 4 қазан • В) 1945 ж. 9 мамыр

  5. Күн жүйесіндегі планеталарды толықтыр: Жер, Марс, Меркурий, Плутон, …, …, …, …, …

Өзін-өзі бағалау шкаласы

  • 5 — қате жоқ
  • 4 — 1 қате
  • 3 — 2–3 қате

IV. Ой қозғау

Талқылау сұрағы: «Ғарыш дегеніміз не?»

Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, назарды экрандағы материалға аудару ұсынылады.

V. «Стоп-кадр» әдісі

Бейнеүзінді көрсетіледі.

Талқылау сұрақтары

  • Бейнеүзіндіден нені көрдік?
  • Бұл не деп ойлайсыңдар?
  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?

Қорытынды: сабақтың тақырыбы — «Ғарыштан Жердің көрінісі. Күн. Жер.»

Тақырыптың мазмұнын ашу үшін оқулықтың 97-бетін ашып оқу ұсынылады.

VI. Оқулықпен жұмыс

Мәтін абзацтарға бөлініп, әр топқа бөліктер бойынша оқытылады.

1-топ: «Жұлдыз»

1-бөлім: Жерден басқа Күн жүйесіндегі ... Жер бетін қара түнек басар еді.

2-топ: «Күн»

2-бөлім: Ғаламат суықтың салдарынан ... сан алуан табиғат құбылыстары тоқтап қалар еді.

3-топ: «Жер»

3-бөлім: Күн Күн жүйесіндегі орталық жұлдыз екенін ... осы ілімді одан әрі зерттеп жалғастырады.

4-топ: «Ай»

4-бөлім: Адамдар ерте кезден-ақ Күн қуатын ... (соңына дейін оқиды).

VII. Сергіту сәті

Музыкалық әуенмен қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

VIII. Шығармашылық тапсырмалар

1) Постермен жұмыс

  • 1-топ: Жер туралы
  • 2-топ: Күн туралы
  • 3-топ: Ғарышты не үшін зерттейді?
  • 4-топ: Ғарышкерлер туралы не білеміз?

2) «Синквейн» әдісі

Әр топ өз тақырыбы бойынша бес жолды өлең құрастырады.

Нұсқа

  1. 1.1 сөз — тақырып
  2. 2.2 сөз — сипаттау (сын есім)
  3. 3.3 сөз — әрекет (етістік)
  4. 4.4 сөз — сөйлем/ой
  5. 5.1 сөз — қорытынды

IX. Бағалау

Әр топтың басшысы топ мүшелерінің жұмысын бағалап, қойылған бағаларды жариялайды және қысқаша талдайды.

X. Рефлексия

«Жетістік сатысы» арқылы оқушылар өз түсіну деңгейін белгілейді.

1-деңгей

Түсіндім

2-деңгей

Түсіндім, бірақ әлі де оқу керек

3-деңгей

Дұрыс түсінбедім

XI. Үй тапсырмасы

  • Жұмыс дәптерін толтыру
  • Мәтінді түсініп оқу