Жапырақтың ішкі құрылысымен танысу

Күнделікті жоспар (Биология, 6-сынып)

Сабақ

16

Тақырып

§17. Жапырақтың ішкі құрылысы

Сабақтың міндеттері

  • Білімділік: жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктер жапырақтарының құрылысындағы ерекшеліктерді, сондай-ақ барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән жапырақтың ішкі құрылысын түсіндіру.
  • Тәрбиелік: оқушының тұлғалық дамуына ықпал ету, ғылыми дүниетанымын кеңейту.
  • Дамытушылық: пәнге және тақырыпқа қызығушылықты дамыту.

Сабақ түрі

Түрлендірілген

Әдістер

Анықтау, зерттеу, салыстыру, суреттеу, жинақтау

Қолданылатын көрнекіліктер

  • Жапырақтың суреттері
  • Кеппешөптер
  • Электронды оқулық

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, оқу мақсаттарын қысқаша хабарлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып: Жапырақ

  1. 1) Жапырақтың атқаратын қызметтері:

    а)

    ә)

  2. 2) Анықтамалар:

    Жапырақ тақтасы деп , ал сағақ деп аталады.

    Сағағы жоқ жапырақ , ал екі немесе одан да көп тақташадан тұрса деп аталады.

  3. 3) Жай және күрделі жапырақтарды ажырату

    Кестеге өсімдіктерді орналастырып, сәйкес бағанға (+) немесе (–) белгісін қойыңдар.

    Өсімдік атауы Жай жапырақ Күрделі жапырақ
    1. Қауын
    2. Итмұрын
    3. Жоңышқа
    4. Қарбыз
    5. Жүгері
    6. Күнбағыс
    7. Қызыл мия
    8. Қияр
    9. Қараған
    10. Аткаштан (атбас талшын)

    Қосымша тапсырма

    Өзің күнделікті табиғаттан немесе бақшаңнан көріп жүрген өсімдіктердің күрделі жапырақтары қай түрге жататынын жаз.

III. Жаңа материалды түсіндіру

Жапырақтың ішкі құрылысымен толық танысу үшін жапырақ тақтасынан өте жұқа көлденең кесінді жасап, оны микроскоп арқылы қараймыз.

№10 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жапырақтың ішкі құрылысымен танысу

Мақсаты: өсімдіктің вегетативті мүшесі — жапырақтың ішкі құрылысын практикалық тұрғыда зерттеу.

Құрал-жабдықтар

  • Кез келген бөлме өсімдігі (традесканция, қазтамақ (герань) және т.б.)
  • Өткір ұстара
  • Микроскоп
  • Зат әйнек және жабын әйнек
  • Сапты ине
  • Қысқыш (пинцет)
  • Су

Жұмыстың барысы

  1. Бөлме өсімдігінің жапырағының астыңғы өңінен өте жұқа қабықшаны сылып алып, микропрепарат дайындап микроскоппен қарау. Өң (жабын ұлпа) жасушаларын және ондағы жанаспалы жасушалардың (саңылау аппараты) құрылысын бақылап, оқулықтағы суретпен салыстыру.
  2. Жапырақ тақтасынан өте жұқа көлденең кесінді жасап (дайын микропрепарат болса — қолдануға болады), микроскоппен қарау. Өңнің астындағы жұмсақ ұлпадағы бағаналы және борпылдақ жасушаларды, сондай-ақ хлорофилл дәндерін бақылау.
  3. Сол препараттан жасушааралық кеңістікті және жүйкелерді (өткізгіш шоқтарды) көру.

Нәтиже

Жапырақтың ішкі құрылысын сипаттап жазыңдар.

Ескерту: толық нұсқасын жүктеу (қажет болған жағдайда).