Оқыту нәтижелері
Қазақ әдебиеті • 5-сынып
Сабақтың мақсаты
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына сүйене отырып, «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің идеялық мазмұнын ашу. Оқушылар еңбек етудің пайдасын түсінеді, мамандық таңдаудың маңызын ұғынады және еңбектен қашатын адамның қандай күйге түсетінін пайымдайды.
Оқыту нәтижелері
- Жазушы туралы біледі.
- Әңгіменің мазмұнымен танысады.
- Мазмұнын өмірмен байланыстырады.
- Пікір алмасып, ойталқыға қатысады.
- Еңбек етуге қызығушылығы артады.
Түйінді идея
Ақылды тыңдай білу де — өнеге.
Қолданылатын модульдер
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- АКТ
- Жас ерекшеліктер
- ОҮБ
- Дарынды және талантты балаларды оқыту
Қолданылатын әдістер
Сабақ барысында оқушыны белсенді ойлауға, болжауға, салыстыруға және өз пікірін дәлелдеуге жетелейтін стратегиялық тәсілдер қолданылады.
Көрнекілік пен дереккөздер
- Ақынның портреті
- Интербелсенді тақта
- Тірек-сызбалар
- Қағаз, стикер, кеспе қағаздар
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Шамамен 1 минут
«Шаттық шеңбері» (20 секунд)
— Әрбір адам?— Туысым, досым, жұрағат.
— Әрбір сабақ?— Үйрену, ұғу, ұлағат.
— Әрбір ісім?— Тірлік, тірек, адамдық.
— Әрбір сөзім?— Шындық, бірлік, адалдық.
Амандасу
Сыныппен жылы амандасу, жағымды ахуал орнату.
Психологиялық дайындық
Оқушыларды ортаға шақырып, шеңберге тұрғызу.
Ой шақыру: «Сендер білесіңдер..., бірақ білмейсіңдер..!»
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Миға шабуыл» және «Топтастыру» әдістері арқылы өткен тақырып пысықталады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып, бағалау парағы таратылады.
Сұрақтар мен бағыттаушы тапсырмалар
- Биыл мемлекетіміз қандай атаулы мерейтойларды атап өтіп жатыр?
- Олардың бірі — 2 қарашада ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуы.
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ақын-жазушы туралы не білесіңдер?
- «Өзен» өлеңі не туралы?
- Көз алдарыңа не елестейді?
- Өздерің өзенді көргендерің бар ма?
- Өзеннің табиғатқа және адам баласына тигізер пайдасы қандай?
Оқу материалы: Ыбырай Алтынсарин — «Дүние қалай етсең табылады?» (жүктеу)