Еттің бәрі

Сынып: 5

Тәрбие сағаты

Мың бір мақал (слайдтар арқылы)

Жалпы мақсаты

Мақал-мәтел айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, ойды қиыннан қиыстыра жеткізуге, сөздік қорын молайтуға және пікірін мазмұнды түрде білдіруге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар мақал-мәтел арқылы тапқыр ой айтып, ұтымды сөйлеп, сөзді орнымен қолдануға дағдыланады; ойды жүйелі құрастырып, мағынасын аша білу қабілеті қалыптасады.

Негізгі идеялар

Мақал-мәтел — ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналады.

Мақал-мәтел — тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ол адамды ойға жетелейді, сөздің қадірін ұқтырады, өмірлік ұстаным қалыптастырады.

Жұмыс түрлері (тапсырмалар)

  • Ұжымдық жұмыс

    «Дөңгелек үстел»

  • Ұжымдық жұмыс

    «Екі жақты түсіндірме күнделігі»

  • Топтық жұмыс

    «Жасырын тақырып»

  • Топтық жұмыс

    «Суреттер сөйлейді»

  • Ұжымдық жұмыс

    «Қандай сөз?»

Сабақ барысы (мұғалім жазбалары)

I. Ұйымдастыру

  1. 1

    Жағымды ахуал қалыптастыру (1 минут)

    Оқушылар көңіл күйін смайликтер арқылы көрсетеді.

  2. 2

    Топқа бөлу (2 минут)

    Мақал-мәтел қиындыларын құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді. Негізге алынатын мақалдар:

    • «Тойдың болғанынан, болатыны қызық»
    • «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды»
    • «Інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың жағасы бар»

    Қорытынды тілек: сыныптың бірлігі мен топтық ынтымақтастығын нығайту.

II. Ұжымдық жұмыс: «Дөңгелек үстел» (3 минут)

Сұрақ: «Кім қандай мақал-мәтелдерді біледі?»

Әр топ ортадағы ақ параққа сағат тілі бағытымен кезекпен 3–4 мақал-мәтелден жазады. Бір айналым ғана жасалады. Соңғы оқушы топтың жазғандарын дауыстап оқиды.

Бағалау: жауаптар мадақтау және қошеметтеу арқылы формативті бағаланады.

«Екі жақты түсіндірме күнделігі» (2 минут)

Тапсырма: әр топ бұрын естімеген бір мақал-мәтелді таңдап, оның мағынасын ашады. Тақтаға екі бағаннан тұратын кесте түрінде толтырылады: мақал-мәтел және мағынасы.

Топ Мақал-мәтел Мағынасы
I «Қараңғыда тапқаныңды ханға берме, жарықта тапқаныңды жанға берме.» Еңбекпен тапқаныңды орынсыз шашпа, қадірін біл.
II «Өзін-өзі сыйлаған ер бақытты, өзін-өзі билеген ел бақытты.» Адам өз қадірін білгенде ғана ел мен жердің қадірін терең түсінеді.
III «Шын ер жеңсе — тасымас, жеңілсе — жасымас.» Кез келген жағдайда сабыр сақтап, өзіңді ұстай білу керек.

III. Мағынаны тану (3 минут)

Мақал-мәтел — ата-бабадан қалған рухани мұра. Уақыт өте келе мағынасы тереңдеп, құндылығы арта түседі. Ол — тәрбиелік мәні зор, ұрпаққа жол көрсететін асыл қазына.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы

Мақал
Қорытынды, тұжырымды түйін айтылады; ой нақты әрі толық беріледі. Мысал: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.» — елді, жерді қорғау ер-азаматтың парызы екенін білдіреді.
Мәтел
Ой тікелей айтылмай, тұспалдап, жанамалап жеткізіледі. Мысал: «Көппен көрген — ұлы той.» — қандай жағдай болса да, халықпен бірге бол, тек өз басыңды ғана ойлама дегенді меңзейді.

IV. Топтық жұмыс: «Жасырын тақырып» (20 минут)

  • 1

    Әр топқа жасырын тақырып беріледі. Топ мүшелері сол тақырыпқа байланысты плакатқа сурет салады.

  • 2

    Плакатты қарама-қарсы топқа береді. Ол топ тақырыпты анықтап, сәйкес мақал-мәтелдермен толықтырады.

  • 3

    Постер қорғалады: әр топқа 1,5 минуттан.

  • 4

    Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» тәсілі арқылы өзара формативті бағалау.

I топ

Отан

II топ

Достық

III топ

Білім

V. Топтық жұмыс: «Суреттер сөйлейді» (3 минут)

Әр топқа слайд арқылы суреттер көрсетіледі. Оқушылар суретке сәйкес мақал-мәтелді табады. Жауаптар мадақтау және қошеметтеу арқылы формативті бағаланады.

I топ

«Батыр туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы.»

II топ

«100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.»

III топ

«Мектеп — кеме, білім — теңіз.»

VI. Ұжымдық жұмыс: «Қандай сөз?» (6 минут)

Әр топтан бір оқушы шығып, әріп жазылған белгілерді киеді. Берілген сұрақтарға сәйкес сөз құрастырады.

О З Ы Қ А С Т А

1) Пәк, кіршіксіз...

Жауабы: таза

2) Жеке, дара, қатарынан...

Жауабы: озық

3) Қойдың төлі

Жауабы: қозы

4) Ең үздік оқушы

Жауабы: озат

5) ... ойнаған азар, доп ойнаған тозар

Жауабы: асық

6) Еттің бәрі ... емес, иттің бәрі тазы емес

Жауабы: қазы

Қорытынды: бүгінгі сабақта барлығыңыз белсенділік танытып, ортақ мақсатқа бірге жұмыс жасадыңыздар. Достығымыз берік болсын деген тілекпен «Дос болайық бәріміз» әнін ұжым болып орындаймыз. (2 минут)

Кері байланыс (3 минут)

Оқушылар параққа бүгінгі сабақтан алған әсері мен үйренгенін қысқаша жазып тапсырады.

Кейінгі тапсырма

Ата-әжелеріңізден бұрынғы ескі мақал-мәтелдерді тыңдап, жазып алып, жаттап келіңіздер.