Ыбырай Алтынсарин өлеңдеріӨнер - білім бар жұрттарӨнер - білім бар жұрттарТастан салай салғызды
Ыбырай Алтынсарин өлеңдері
Өнер - білім бар жұрттар
Өнер - білім бар жұрттар
Тастан салай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті - ау алысқа - ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.
Ыбырай Алтынсарин өлеңдері, өмірбаяны
Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орны
Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлының үндестігі
Ыбырай Алтынсариннің әдеби мұрасының мағыналық, көркемдік, ағартушылық құндылығы
Қазақ халқының ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889ж.)
Ыбырай Алтынсарин (Ибраһим)
XIX ғасыр қазақ ағартушыларының дүниеге көзқарасы
Ы.Алтынсарин шығармаларының тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері
Ыбырай Алтынсарин өмірбаяны туралы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
БАРАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК
ҚР-дағы мұнай нарығының даму заңдылықтары және тенденциясы «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
Есет Көтібаровтың хиуалықтарға қарсы күресі
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесі
Қаржылық лизингті жүзеге асыру барысында қатысушы субъектілер анықталып,міндеттері және құқықтары белгіленеді
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама