Жолыменен Елбасының жүрейік, Жемқорлыққа жол жоқ - деген ұранмен

Атырау облысы • Қызылқоға ауданы • Миялы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Салықова Гүлбарам

Тақырып

Жемқорлық — індет, жою — міндет

Түрі

Тәрбие сағаты

Көрнекілігі

Суреттер, слайдтар, «Жемқорлық — қоғам дерті» материалдары

Мақсаты

1) Құқықтық түсінік қалыптастыру

Оқушылардың адам құқықтары туралы түсінігін кеңейту, сыбайлас жемқорлықтың мәнін түсіндіру.

2) Ойды еркін жеткізу

Өз ойын сенімді әрі сауатты жеткізе білу қабілетін дамыту, дүниетанымды кеңейту.

3) Патриоттық тәрбие

Елге қызмет ету, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Жүрісі

  1. 1

    Ұйымдастыру

    Сыныпты сабаққа дайындау, мақсат-міндеттерді қысқаша айқындау.

  2. 2

    Кіріспе сөз

    Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру, оның қоғамға тигізетін зиянын талқылау.

  3. 3

    Тәрбие сағаты

    «Жемқорлық — індет, жою — міндет» тақырыбында оқушылардың хабарламалары мен өлең жолдары.

Жүргізуші сөзі

Құрметті оқушылар мен ұстаздар! 4 «А» сыныбының «Жемқорлық — індет, жою — міндет» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Оқушылардың хабарламалары

1-оқушы • Жайдарлым

1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күрес туралы конвенцияға қол қойды.

2-оқушы • Камшат

Қазақстан осы конвенцияға қосылып, 1998 жылғы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады.

3-оқушы • Наурызгүл

Жемқорлық сөзі латын тіліндегі «сатып алу» ұғымымен байланыстырылады. Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды тұлғалардың өзіне берілген өкілеттігін жеке пайдасы мен мүддесі үшін пайдаланып, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасауы.

4-оқушы • Наргиза

Жамандыққа тосқауыл қояйық,
Пара алғанның жолы жабық — анық.
Қазақстан – 2050 — айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.

5-оқушы • Айнамкөз

Әр ата-ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанбағаны.
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас — ар болған соң санада.

6-оқушы • Айкөркем

Пара алғандар темір тордан әрі аспас,
Алса да оны мойындамай санасар.
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар?

7-оқушы • Айкөркем

Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз.
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.

8-оқушы • Шынаргүл

Егеменді өсер елде тұрам мен,
Білдіремін сезімімді жыр-әнмен.
Елбасымыз салған жолмен жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ!» деген ұранмен.

9-оқушы • Арнұр

2001 жылы Мексикада БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған дүниежүзілік конференция ашылды.

10-оқушы • Әли

БҰҰ 2003 жылғы 9 желтоқсанды Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні деп жариялады.

11-оқушы • Айнамкөз

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданды. Ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы жақсарып, Қазақстан әлем мемлекеттері арасында өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге біртұтастығы мен ажырамас бірлігі арқылы танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған түрлі кеселдерден айығуды мақсат етті. Бұл жол — сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

12-оқушы • Гүлнұр

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу — Қазақстан Республикасы азаматтарының әрқайсысының азаматтық борышы деп білеміз.

Қорытынды

Негізгі ой

Жемқорлық — қоғамның дамуын тежейтін қауіпті індет. Оған қарсы тұру — әр азаматтың жауапкершілігі.

Құндылық

Адалдық, әділдік және заңға құрмет — елдің берекесі мен болашағын баянды ететін тірек.