Мақалдар сайысы
Сабақ туралы мәлімет
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухаметжанова Индира Ерболатқызы. Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті, сыныбы: 9.
Тақырыбы
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Сабақтың түрі
Сайыс
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап
Мақсаты
- Мақал-мәтел мен жұмбақ айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге және қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
- Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
- Ата-баба өсиетін қадірлеуге, мақал-мәтел мен жұмбақ арқылы ауыз әдебиетін сыйлауға баулу.
Көрнекілігі
Мақал-мәтел мен жұмбақтар туралы нақыл сөздер.
«Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы».
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бүгінде қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. 22 қыркүйек — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Осы мерекеге орай 9-сынып оқушыларының «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты танымдық ойынына қош келдіңіздер!
Мақал-мәтел туралы
Мақал-мәтел — ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Көлемі шағын болғанымен, мазмұны терең. Уақыт өткен сайын қадірі артып, қымбат қазынаға айналады.
Жұмбақ туралы
Жұмбақтар адамның ойлау қабілетін шыңдайды, тапқырлыққа баулиды және тіл байлығын арттырады.
Қазылар алқасы
Әділ баға беріп, әр кезеңнің ұпайын есептеп, қорытындысын шығаратын қазылар: Темірғалиева И. О., Абенова М. Р.
Ойынның кезеңдері
- 1 Таныстыру. Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады.
- 2 Мақалдар сайысы. Екі бөлімнен тұрады: «Кім көп біледі?» және «Мақал — сөздің мәйегі».
- 3 Көрермендер сайысы.
- 4 Жұмбақтар сайысы. Бөлімдері: «Кім жылдам?» және «Кім тапқыр?».
- 5 Көрермендер сайысы.
- 6 Финал.
Негізгі бөлім
1-кезең. Таныстыру
Мұғалім: Олай болса, ортаға бүгінгі ойынның мақалшыларын шақырамыз. (Қатысушылар өздерін таныстырады.)
2-кезең. Мақалдар сайысы
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы
Мұғалім мақал мен мәтелдің айырмашылығын сұрайды. Мақалда ой анық, тұжырымды түрде беріледі, ал мәтелде ой көбіне тұспалдап жеткізіледі.
«Кім көп біледі?»
Мұғалім мақалдың бірінші сыңарын айтады, оқушылар екінші сыңарын жалғастырады.
1
Оқу – білім бұлағы,
білім – өмір шырағы.
2
Ексең егін –
ішесің тегін.
3
Үйрене алмаған –
ұстазынан көреді.
4
Көп ақылды жиналса, қиын істі бітірер.
Көп ақымақ жиналса, оңай істі бүлдірер.
5
Білген кісі тауып айтады,
білмеген кісі қауып айтады.
6
Жігітке жеті өнер аз,
жетпіс өнер көп емес.
7
Өнер – ағып жатқан бұлақ,
білім – жанып тұрған шырақ.
8
Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,
жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.
9
Еменнің иілгені – сынғаны,
ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
10
Саналы адам сағыңды сындырмас,
санасыз адам жағыңды тындырмас.
11
Болат қайнауда шынығады,
батыр майданда шынығады.
12
Айнаға үйір бойын түзейді,
халыққа үйір ойын түзейді.
13
Еңбек етсең ерінбей,
тояды қарның тіленбей.
14
Жат елдің қаршығасынан,
өз еліңнің қарғасы артық.
15
Қолың ұста болсын,
сөзің қысқа да нұсқа болсын.
Ескерту: Ұпайы ең аз қатысушы келесі айналымға өтпейді.