Критериалдық бағалаудың принциптері

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің мазмұндама жұмысын бағалауда критериалдық A–B–C жүйені қолдану

Ең алдымен, «критериалды бағалау дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берейік. Критериалды бағалау — білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген, оқушының оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастырудағы нәтижесін алдын ала белгіленген жетістік өлшемдерімен (критерийлермен) салыстыру үдерісі.

Критериалды бағалаудың басты ерекшеліктері

  • Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласының болуы
  • Талаптардың анықтығы мен айқындығы
  • Бағаның әділ қойылуына негізделуі
  • Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік берілуі

Ұстанымдарының негіздері

  1. 1 Баға оқушының тұлғасына емес, жұмысына қойылады.
  2. 2 Дескрипторлар оқушыға алдын ала таныс болуы тиіс.
  3. 3 Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
  4. 4 Бағалау нақты оқу мақсаттарына негізделуі керек.

Критериалдық бағалаудың принциптері

Нақтылық Әділдік Жүйелілік

Критериалды бағалауда критерийлер бойынша оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі айқындалып, нақты балл немесе баға қойылады.

Критериалдық бағалау жүйесі арқылы не анықталады?

Оқушыны дамытуға бағыттау

  • Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау
  • Тұлғаны нәтижеге жеткізуге ықпал ету

Оқу жетістігін өлшеу

  • Өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтау
  • Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы білім деңгейін айқындау

Критериалдық бағалау күнделікті меңгерілген білім деңгейін анықтауға көмектеседі, кездескен қиындықтарды түзетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ белгілі бір тарау бойынша қалыптасқан білім деңгейін көрсетеді. Жиынтық бағалауда алынған баға тоқсандық баға ретінде тіркеледі.

Оқушылардан алынатын жұмыстар (қазақ тілі мен әдебиеті)

Тест жұмысы
Шығармашылық жұмыс
Мәтінмен жұмыс
Диктант
Мәнерлеп оқу
Мазмұндама

Мазмұндаманы критериалдық бағалау

Әдебиет сабағында орындалатын жұмыстардың ішінде мазмұндама жазуды бағалауға арнайы тоқталайық. Мазмұндама — оқушының тіл мен әдебиеттен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы оқушының ойын жүйелі баяндау қабілеті, тіл байлығы және сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.

Бағалауда ескерілетін басты өлшемдер

  • Мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі
  • Тақырыптың толық ашылуы
  • Баяндаудың жүйелілігі
  • Сөздік қор деңгейі
  • Сөйлем құрылысы және мәтіннің стильдік біртектілігі
  • Тілдік шеберлік

Мазмұндама жазуға қойылатын талаптар

  1. 1 Сөздік қорды орынды әрі дәл қолдану.
  2. 2 Синоним, антоним, омоним және тұрақты тіркестерді тәжірибе жүзінде қолдана білу.
  3. 3 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтау.
  4. 4 Ойды грамматикалық тұрғыдан дұрыс, логикалық бірізділікпен жеткізу.
  5. 5 Өздігінен қорытынды жасай білу.

Мазмұндаманы бағалауда қолданылатын критерийлер

A критерийі
Жаңа ақпаратты түсіну және меңгеру
B критерийі
Жаңа ақпаратты талдау және мәтінмен жұмыс
C критерийі
Стиль және тілді қолдану
Автор туралы

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дәурен» облыстық оқыту-сауықтыру орталығы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Мұхамет Бағыжан