Білім кемесіндегі каюталар

Алгебра және анализ бастамалары

Сабақ тақырыбы

Туындыны табу ережелері тақырыбы бойынша есептер шығару.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Туындыны табу ережелерін қолдана отырып, функциялардың туындыларын табуға арналған есептер шығару; машықтандыру; алынған білімді тереңдету, жинақтау және жүйелеу.

2) Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту және пәнге қызығушылығын арттыру.

3) Тәрбиелік

Жылдам ойлауға, тез қорытынды жасауға, жауапкершілікке және өз бетінше білім алуға баулу; адамгершілікке және достыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Борт-журналдар (жұмыс парақтары)
  • Деңгейлік тапсырмалар
  • 12 балдық ашық журнал
  • Дербес компьютер

Ұйымдастыру және әдістеме

Сабақ түрі
Дәстүрлі емес
Сабақ типі
Бекіту сабағы
Сабақ әдісі
Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы
Жұмыс түрлері
Жұптық, топтық, ұжымдық
Пәнаралық байланыс
Тарих, физика, ән, әдебиет, геометрия

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

1 минут

II. Үй жұмысын тексеру

Үй тапсырмасы бойынша орындалған жұмыстар тексеріліп, негізгі қателер қысқаша талданады.

III. Қайталау — ілімнің анасы

Топқа бөлу

Әр оқушы үш түсті стикердің (қызыл, жасыл, көк) біреуін таңдайды. Стикерде берілген ауызша есепке жауап бергеннен кейін, оқушылар таңдаған түстері бойынша үш топқа бөлініп отырады.

Ойын-саяхат форматы

«Білім кемесімен» «Туынды аралына» саяхат ұйымдастырылады. Кемедегі каюталар тақырыптарға бөлінеді, әр топ өз бағыты бойынша жұмыс істейді.

Каюталар (топтардың бағыттары)

  • Функциялардың көбейтіндісі

    Көбейтінді туындысының ережелерін қолдану.

  • Функциялардың бөліндісі

    Бөлінді туындысының формуласын бекіту.

  • Дәрежелік функция

    Дәрежелік функцияның туындысын табу дағдылары.

Бағалау

Әр каюта капитанына бағалау парағы (борт-журнал) таратылады. Топ жұмысы барысында ұпайлар белгіленіп, қорытынды бағалау жүргізіледі.