Сұраулы сөйлемді көрсет

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Тақырып

Сөйлем

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Топтық жұмыс
  • Ойын элементтері

Көрнекілігі

  • Слайд топтамалары
  • Сөзжұмбақ

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік:

    Оқушылардың сөйлем, оның түрлері және сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері туралы білімін пысықтау.

  • Дамытушылық:

    Сөйлем түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылығын арттыру.

  • Тәрбиелік:

    Өз елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық:

Қуан, шаттан! Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Мұғалімнің сұрағы: «Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай?»

II. Үй тапсырмасын тексеру

134-жаттығу

  1. Мәтінді түсініп оқы.

    Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мұнарланады... Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпи соққан салқын қоңыр жел қандай рахат! Осы желмен құлпыра толқып, су бетіндегі жыбыр қағып шалқып жатқан алкүрең көде мен селеу далалары қандай! Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды.

  2. Қарамен жазылған сөз тіркестерінің байланысын сызба арқылы көрсет.

  3. Бір сыңары күрделі сөзден жасалған сөз тіркесін ата.

III. Қайталау сабағы

Алдыңғы тақырыптар бойынша қысқаша қайталау жүргізіледі.

IV. Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақ шешу

  1. Қырық пен екінің көбейтіндісі: сексен
  2. Өз заманында «Қарлығаш би», «Қарлығаш әулие» атанған би: Төле би
  3. Етістіктің сұрағы: қайтті?
  4. Көбейтуге кері амал: бөлу
  5. Ең жақсы баға: бес
  6. Тау басына жиналған мұз: мұздық

Қорытынды сөз: «Сөйлем»

«Бәйге» ойыны (сұрақ-жауап)

Ұяшықтардың астында сөйлем тақырыбын қайталауға арналған сұрақтар жасырылған. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  • Сөйлем деген не? Сөйлем неден құралады?
  • Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
  • Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады? Соңына қандай тыныс белгі қойылады?
  • Сөйлемнің неше түрі бар? Оларды ата.
  • Жалаң сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
  • Жайылма сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.

Бүгінгі тақырып: «Сөйлем» (күннің жадын және тақырыпты жазу).

Келесі кезеңде экран арқылы тапсырмалар орындалады.

V. Оқулықпен жұмыс

137-жаттығу

Жұмбақты оқып, шешуін тап:

Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады.

Жауабы: бұлт

  • Жұмбақ неше сөйлемнен құралған?
  • Әр сөйлемде неше сөз бар?

138-жаттығу

  • Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.
  • Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жаз.
  • Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір.

VI. Сергіту сәті

Өлең жолдарын оқып, әр оқушы өз есімінің алғашқы әрпіне байланысты өзіне жақсы сөз айтады немесе өзін жақсы, әдемі нәрсеге теңейді.

Кел, балалар, келіңдер,

Мына мені көріңдер.

Мақтанды деп ойлама,

Мен атымa сай бала.

VII. Топтық жұмыс

Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.

1-топ

Берілген: Қойлар жайылды.

2-топ

Берілген: Асқар келді.

3-топ

Берілген: Дана ойнады.

Қосымша тапсырма: жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.

VIII. Жаттығу жұмысы

139-жаттығу

Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы:

Атамекен Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

  • Өлең не туралы?
  • Сөйлем соңына леп белгісінің қойылу себебін түсіндір.

IX. Өзіндік жұмыс

1-тапсырма. «Қандай сөйлем?» ойыны

Мұғалім сөйлемдерді оқиды. Оқушылар сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылатынын анықтап, қолдарындағы таңбаны көрсетеді ( . ? ! ).

  1. 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні ме?
  2. Алақай! Ауылдан әжем келді!
  3. Қыста аю не істейді?
  4. Анам дүкеннен келді.
  5. Мереке құтты болсын!
  6. Күн суытты ма?

2-тапсырма. «Адасқан сөздер»

Сөздердің орнын дұрыстап, мақал құрастырып жаз.

  1. Асырайды, тігіншіні, инесі.
  2. Шәкірт, озар, ұстаздан.
  3. Жан, жақсы, семірер, сөзге.

X. Сабақты қорыту

Тест сұрақтары арқылы ауызша жауап алынады.

1. Сөйлем дегеніміз не?

  • A) Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді.
  • B) Аяқталған ойды білдіреді.

2. Сөйлемнің неше түрі бар? Атауын көрсет.

  • A) 3 түрі: сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем.
  • B) 2 түрі: жалаң, жайылма сөйлем.

3. Сұраулы сөйлемді көрсет.

  • A) Сенде қарындаш бар ма?
  • B) Менде қарындаш бар.

4. Хабарлы сөйлем соңына қойылатын тыныс белгі.

  • A) (?) — сұрақ белгісі
  • B) (.) — нүкте

5. Лепті сөйлем дегеніміз не?

  • A) Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді.
  • B) Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем.

XI. Үй тапсырмасы

140-жаттығу

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар биік шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Әрқашан болсын бойыңда!

XII. Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланып, қорытынды пікір айтылады.