Тегіс қойған аямай

Қадыр Мырза Әли

Дала дастарханы

Жолдастарға
Достарға
Қажеті жоқ дауыңның.
Қонаққұмар дастарқан
Картасындай ауылдың.
Енесі көз алмайды
Елпілдеген келіннен.
Майда құрттар аумайды
Мәліш қойдан бөлінген.
Сары ірімшік түйірі
Сары алтындай шайылған
Сиырлардай Бүйірі
Шыққанша бір жайылған.
Талқаным - ай!
Тарым - ай!
Тегіс қойған аямай.
Жанындағы сары май
Жазда үйген маядай.
Шұғылалы, арайлы
Шоқ қыздырып астынан
Шыны аяққа қарайды
Шөккен нардай тасқұман.
Қозы етінің жанында
Қандай ғажап сұр етің....
Дастарқанға салынған
Бүкіл ауыл суреті.



Ұқсас жұмыстар

Жыраулар поэзиясының қазақ елінің тарихындағы маңызы, жаңа қоғамға тигізетін әсері
Ахмет байтұрсынов – оқымысты, аса дарын иесі, аудармашы
Файзолла ақын және алаш қайраткерлері
Өзбек хан зекіп
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Абай Құнанбаев – реалистiк, гуманистiк жаңа әдебиеттiң негiзiн қалаушы
Абай Құнанбаевтың ғұмырнамасы
А.Байтурсынов өмірінің негізгі кезеңдері мен қоғамдық өмірге араласуы
АБАЙ ЖОЛЫ
Қытайдың ұлттық діні
Индуктивті – сыйымдылықты тегістеуші фильтрдің принциптері
Аяз ата аямай
Тегіс эндоплазмалық тор жарғақты түтікшелерінің ені гранулалы эндоплазмалық тордың жарғақты түтікшелеріне қарағанда кендеу (50 - 100 нм) келеді
Жас кезінен алдына қалайда ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған
Денің сауда жетерсің арманыңа, Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Қысастықпен екі қойғанын қайтерсің
Ешкімді аямай, біреуді шақсам екен деп жорғалай бересің
Патриот - Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам
Қызыл телпек ертегісіндегі Қызыл телпек
D. Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін