Ант ішіп күнде берген жаны құрысын, Арын сатып тіленген малы құрсын
Абай Құнанбаев
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.
Бай алады кезінде көп берем деп,
Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп.
Би мен болыс алады күшін сатып,
Мен қазақтан кегіңді әперем деп.
Жарлы алады: қызметпен өткерем деп,
Елубасы – шар салып , леп берем деп.
Жалаңқая жат мінез жау алады
Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп.
Дос алады, бермесең, бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға сырт берем деп.
Бұзылған соң мен оңай табылмаспын,
Не қылып оңайлықпен ырқ берем деп.
Сұм-сұрқия – сұмдықпен еп берем деп,
Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп.
Жүз қараға екі жүз аларман бар,
Бас қатар бас-аяғын тексерем деп.
Ел жиып, мал сойыңыз ет берем деп,
Мал берсем мен мендік бол деп берем деп.
Қара қарға сықылды шуласар жұрт:
Кім көп берсе, мен соған серт берем деп.
Бұзыларда ойламас, бет көрем деп,
Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп.
Қабаған итше өшігіп шыға келер,
Мен қапсам, бір жеріңді бөксерер деп.
Орыс айтты: өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем деп.
Бұзылмаса, оған ел түзелген жоқ,
Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп.
Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп,
Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп.
Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен,
Құдайдың өз бергенін жеп көрем деп?
Атаны бал аңдиды, ағаны іні,
Ит қорлық немене екен сүйткен күні?
Арын сатқан мал үшін антұрғанның
Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні.
Алыс, жақын қазақтың бәрі қаңғып,
Аямай бірін бірі жүр ғой аңдып.
Мал мен бақтың кеселін ұя бұзар,
Паруардигәр жаратқан несін жан қып!
Ант ішіп күнде берген жаны құрысын,
Арын сатып тіленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын.
Бір атқа жүз құбылған, жүзі күйгір,
Өз үйінде шертиген паңы құрсын.
Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой- пікірлері. «Қарамола ережесі»
Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пiкiрлерi
Абайдың этикалық көзқарасы
Абай шығармашылығы жайлы
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ СИПАТЫ
ХIХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-құқықтық ойлар
Антропология – адам туралы ілім
Абай философиясындағы адам мәселесі
Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы. Абай шығармалары тілінің лексикасы
ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген Ақтайлақ бидің әдеби мұрасын жинақтаумұрасын жинақтау
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
СЕЙІТҚҰЛҰЛЫ ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР
Қазақстандағы саяси PR технологияларының сайлау кампанияларындағы қолдану
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы
НАЙМАНТАЙҰЛЫ БАЙҒОЗЫ
Қазақ Жоңғар қатынастарының шиеленісуі
XIXғ. аяғ – XXғ. бас. Францияда ІІІ республиканың саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы