Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Сөз және оның мағынасы

Сілтеме

Ғаламтор материалдары, қазақ тілін оқыту әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сөздік, үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

  • Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдануға үйрету.
  • Оқушылардың сөздік қорын молайту.
  • Зейінділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және күтілетін нәтиже

Сабақтың әдістері

  • Салыстыру
  • Жаттығу
  • Сұрақ-жауап
  • Дидактикалық ойындар

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар антоним, синоним, омоним ұғымдарын ажыратып, сөздерді мағынасына сай сөйлемде қолданады.

Ынтымақтастық атмосферасы

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» қағидасын негізге ала отырып, алдыма қойылған мақсатқа сай сабақты ұйымдастырамын.

Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шақ!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!

Осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру

Тест сұрақтары арқылы өткен тақырыпты пысықтау.

Мағынаны тану

Көркем жазу

жақсы жылы түзу бүлдіру күлкілі

Сұрақ

Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен?

Жауап

«Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Қалғандары — сын есімдер.

Қарама-қарсы мағыналы сөздер

жақсы — жаман

жылы — суық

түзу — қисық

бүлдіру — түзету

күлкілі — қайғылы

Сөз мағынасының түрлері

Антонимдер

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

Синонимдер

Мағынасы жуық, мәндес сөздер.

Омонимдер

Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер.

Топтық жұмыс (оқулық тапсырмалары)

1-топ

Сөйлем құрау

Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту.

Жолдасым желмен жарысты. Жарас — жақсы жігіт.
Досым допты домалатты.
Суық сумен сүртіндім.

2-топ

Жіктеу + сөйлем

Тапсырма

  • Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама-қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.
  • Қалаған 3–4 сөзбен сөйлем құрап жаз.

Мәндес сөздер

еріну — жалқаулану; есептеу — санау; қайталау — пысықтау.

Қарама-қарсы мағыналы сөздер

ақырын — шапшаң; апару — әкелу; бастау — аяқтау; тоңу — жылыну.

Үлгі сөйлемдер

  • Шаршы топта сөз бастау қиын.
  • Қайталау — білім анасы.
  • Тоңған кісілер үйге кіріп, жылынды.

3-топ

Жұмбақ + алмастыру

Тапсырма

Қарамен берілген сөздерді қарама-қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.

Жақыннан әкеп хабарды,
Ренжітер барлық адамды.
Алыстан әкеп хабарды,
Қуантар барлық адамды.

Жауабы: жеделхат

Жеңілдікпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар.
Қиындықпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар.

Жауабы: пияз

Үй тапсырмасы

Қайталау. Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау және кері байланыс

Бағалау

Бағалау парақшаларын толтыру арқылы жүргізіледі.

Кері байланыс

Оқушылардың түсіну деңгейі мен белсенділігі бойынша қорытынды пікір алынады.

Мұғалім туралы

Мұғалім: Асанова Марал Абдулхамитовна

Тақырып: «Сөз және оның мағынасы»