Ток жұмысы
Сабақтың тақырыбы
Электр кернеуі. Вольтметр
Сабақтың түрі
Жарыс сабағы
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Әңгіме
- Кітаппен жұмыс
- Демонстрация
- Жаттығулар орындау
Көрнекіліктер
- Плакаттар
- Суреттер
- Үлестірме қағаздар
- Электронды оқулық
Сабақтың мақсаты
Білімділік мақсаты
Электр кернеуі ұғымын қалыптастыру, өлшем бірліктерін енгізу, вольтметрдің жұмыс істеу принципімен таныстыру және сызба бойынша электр тізбегін құрастыру дағдыларын дамыту.
Дамытушылық мақсаты
Практикалық жағдаяттарда жедел шешім қабылдай білуге баулу.
Тәрбиелік мақсаты
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды отырғызу, түгендеу.
- Сыныпты 3 топқа бөлу.
- Әр топтың өзін таныстыруы.
II. Үй тапсырмасын тексеру және қайталау
Теориялық сайыс: әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
- Ток күші дегеніміз не?
- Электр тогы дегеніміз не?
- Ток күшінің формуласы қандай?
- Ток күшін өлшейтін құрал қалай аталады?
- Ток көздерін ата.
- Токтың қанша әрекеті бар?
- Бөгде күш дегеніміз не?
- Амперметр өткізгішке қалай жалғанады?
- Токтың жылулық әрекетін түсіндір.
III. Жан-жақты білімді тексеру
2. Физикалық құбылысты түсіндіру
- 1-топ: Гальвани элементін ашқан кім?
- 2-топ: Вольта бағанасын ашқан кім?
- 3-топ: Электр тогын ашқан кім?
3. Тұрақтылар мен өлшем бірліктер
- Элементар электр заряды
- Ток күшінің өлшем бірлігі
- Амперметрдің шартты белгісі
- Ток көзінің шартты белгісі
- Зарядтың өлшем бірлігі
- Пропорционалдық коэффициент шамасы
Бүгінгі сабақта электр кернеуі ұғымымен және оны өлшейтін құрал — вольтметрмен танысамыз.
IV. Жаңа материалды меңгерту
Электр кернеуі деген не?
Электр тогы — зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы. Бұл қозғалысты жұмыс атқаратын электр өрісі тудырады. Электр өрісінің тізбек бойымен істейтін жұмысы ток жұмысы деп аталады және A әрпімен белгіленеді.
Ток жұмысы тізбектің әр бөлігінде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ ол сол бөліктен өтетін зарядқа пропорционал. Тізбек бөлігінде зарядты тасымалдауға жұмсалған жұмыстың «бірлік зарядқа шаққандағы» мөлшерін көрсететін физикалық шама электрлік кернеу (қысқаша — кернеу) деп аталады.
Белгіленуі
Кернеу U әрпімен белгіленеді.
Формуласы
Тізбек бөлігінің кернеуін табу үшін ток жұмысын осы бөліктен өтетін зарядқа бөлеміз:
U = A / q
Мысал
Егер тізбек бөлігінде q = 2 Кл зарядты тасымалдау үшін A = 10 Дж жұмыс жасалса, онда кернеу:
U = 10 Дж / 2 Кл = 5 В
Кернеудің өлшем бірлігі
Ең алғаш ток көзін жасаған А. Вольтаның құрметіне кернеудің өлшем бірлігі ретінде вольт (В) қабылданған.
1 В
1 Кл зарядты тасымалдауға 1 Дж жұмыс жасайтын кернеу
1 кВ = 1000 В
Еселік бірлік
1 мВ = 0,001 В
Бөліктік бірлік
Мысалы, егер тізбек бөлігінің кернеуі 10 В болса, онда 1 Кл зарядты тасымалдау үшін 10 Дж жұмыс жасалады.
Вольтметр: кернеуді өлшеу құралы
Кернеуді өлшейтін құрал вольтметр деп аталады. Вольтметрлердің құрылысы әртүрлі болуы мүмкін, ал мектептегі демонстрациялық вольтметр — соның бір үлгісі.
Вольтметрді тізбекке қосу ережелері
- Вольтметр клеммаларын кернеуі өлшенетін тізбек нүктелеріне қосады, яғни қажетті тізбек бөлігіне параллель жалғанады.
- «+» клеммасы ток көзінің оң полюсі жалғанған нүктеге, ал «–» клеммасы ток көзінің теріс полюсі жалғанған нүктеге қосылады.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы зейінді қалпына келтіру және келесі тапсырмаларға дайындалу.
V. Сабақты бекіту
«Бүлдірген теру» стратегиясы: негізгі ұғымдарды ретімен атап, мағынасын қысқаша түсіндіру.
1) Кернеу
2) Вольтметр
3) Ток көзінің теріс полюсі
4) Ток көзінің оң полюсі
5) 1 В
6) Ток көзін жасаған (А. Вольта)
7) Зарядқа пропорционал
8) Ток жұмысы
9) Электр тогы
VI. Қорытындылау
Шығармашылық тапсырма
«Алдар көсе» мультфильмінен қимыл-қозғалысқа байланысты көріністерді пайдаланып, сабақ мазмұнын түсіндіру.
Бағалау өлшемі: 15 ұпай
VII. Үй тапсырмасы
- Оқулық: §37 — оқу, түсінігін айту.
- Реферат: «Вольтметрдің шығу тарихы».
VIII. Бағалау
Топтық және жеке жауаптар жинаған ұпай саны бойынша бағаланады.