Оқушыларға қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек туралы мәлімет беру

Тақырыбы

Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек

Аралас сабақ Ойын элементтері Түсіндіру · сұрақ-жауап

Мақсаты

Білімділік

Оқушыларға қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек туралы нақты мәлімет беру.

Тәрбиелік

Бір-біріне көмектесуге, ынтымақтастықта жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Қан тамырларының түрлері бойынша қан кетудің түрлерін (артериялық, веналық, капиллярлық, паренхиматозды) ажырату дағдыларын тереңдету және өз бетінше іздену қабілетін дамыту.

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту және өткенді қайталау.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ, ойын сабақ (сәйкестендіру тесті, жасырын сөз).

Сабақтың әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайдтар, алғашқы жедел көмек қобдишасы.

Пәнаралық байланыс

Салауаттану пәні.

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II

Оқушы білімін жан-жақты тексеру: «Алтын қақпа» ойыны

Тас қақпа

1) Ағзаның ішкі ортасы

Қан.

2) Қан жасушаларын ата

Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер.

Темір қақпа

3) Қанның құрамы

Альбуминдер, глобулиндер, фибриногендер.

4) Олардың қызметі

  • Альбуминдер: майға ұқсас заттарды тасымалдауға қатысады.
  • Глобулиндер: иммунитетпен байланысты, қорғаныш қызметін атқарады.
  • Фибриноген: қанды ұйытуға қатысады.

Күміс қақпа

5) Қанның түзілетін орны

Сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфа түйіндерінде.

6) Агглютинация мен резус-факторды анықтаған ғалым

Австриялық ғалым Карл Ландштейнер.

Алтын қақпа

7) Қан айналым мүшелері

Жүрек, қан тамырлары.

8) Үлкен қанайналым қай жақтан басталып, қай жақтан аяқталады?

Сол жақ қарыншадан басталып, оң жақ жүрекшеде аяқталады.

«Алтын сандық» сұрағы: тест тапсырмасы

Оқушылар нұсқа бойынша тест орындайды, соңында жауап кілтімен салыстырып, ұпайын есептейді.

I нұсқа

  1. 1. Ересек адамдағы артериялық қан қысымының қалыпты көрсеткіші

    а) 90/70    в) 100/60    с) 200/140    д) 120/80

  2. 2. Үш қабатты, қабырғасы қалың бұлшықетті тамыр

    а) артерия    в) венула    с) капиллярлар    д) жауап жоқ

  3. 3. Газ алмасуды жүзеге асырады

    а) артериялар    в) веналар    с) капиллярлар    д) қолқа

  4. 4. Жүрек қуысының саны

    а) 2    в) 3    с) 4    д) 5

  5. 5. Қарыншалардың жиырылу уақыты

    а) 0,1 сек    в) 0,4 сек    с) 1 сек    д) 0,3 сек

  6. 6. Жүрек орташа есеппен 1 минутта қанша рет жиырылады?

    а) 0,3 рет    в) 60–80 рет    с) 30–60 рет    д) 40–50 рет

  7. 7. Кіші қанайналым шеңбері қайдан басталады?

    а) сол жақ жүрекше    в) оң жақ қарынша    с) сол жақ қарынша    д) оң жақ жүрекше

  8. 8. Қан алатын адам

    а) агглютинді қан    в) донор    с) реципиент    д) I топ

  9. 9. Қандағы эритроциттердің бір-біріне жабысуы

    а) кроссинговер    в) конъюгация    с) агглютинация    д) жауап жоқ

  10. 10. II топтағы қанды қай топқа құя алады?

    а) тек I топқа    в) тек II мен III топқа    с) тек II мен IV топқа    д) барлығына

II нұсқа

  1. 1. Венадағы қан қысымын көрсет

    а) 90/70    в) 100/60    с) 0-ге дейін    д) 200/140

  2. 2. Үш қабатты, қабырғасы жұқа бұлшықетті тамыр

    а) артерия    в) вена    с) капиллярлар    д) жауап жоқ

  3. 3. Ең ірі артерия

    а) артериялар    в) веналар    с) капиллярлар    д) қолқа

  4. 4. Жүрек қабырғасы неше қабаттан тұрады?

    а) 2    в) 3    с) 4    д) 5

  5. 5. Жүрекшенің жиырылу уақыты

    а) 0,1 сек    в) 0,4 сек    с) 1 сек    д) 0,3 сек

  6. 6. Жүрек бұлшықетінің өздігінен жиырылуы

    а) синусты    в) систола    с) диастола    д) автоматизм

  7. 7. Үлкен қанайналым шеңбері қайдан басталады?

    а) сол жақ жүрекше    в) оң жақ қарынша    с) сол жақ қарынша    д) оң жақ жүрекше

  8. 8. Қан беретін адам

    а) агглютинді қан    в) донор    с) реципиент    д) I топ

  9. 9. I топтың қаны қандай топқа құйыла алады?

    а) тек I топқа    в) тек II топқа    с) тек III топқа    д) барлық топқа

  10. 10. Жүрек қабы қалай аталады?

    а) перикард    в) эпикард    с) миокард    д) эндокард

Жауап кілті

I нұсқа

1–Д, 2–А, 3–С, 4–С, 5–Д, 6–В, 7–В, 8–С, 9–С, 10–С.

II нұсқа

1–С, 2–В, 3–Д, 4–В, 5–А, 6–Д, 7–С, 8–В, 9–Д, 10–А.

Бағалау ескертуі

Оқушылар жауап кілті бойынша ұпай санын есептеп, тапсырманы өзін-өзі бағалау парағы арқылы бағалайды. Бағалау парағы сабақтың бастапқы кезеңінде таратылып беріледі.