Әбдібек ЖаманбаевДүниенің байлығы - Азаматтың аманы, Ауырған тәнге бәрібірСыр қостың жақсы - жаманы
Әбдібек Жаманбаев
Дүниенің байлығы -
Азаматтың аманы,
Ауырған тәнге бәрібір
Сыр қостың жақсы - жаманы.
Емханаға келіп ем,
Дімкәсім болып шамалы.
Іші суық қақаған,
Бір бөлмеге қамады.
Жата кеттім, қайтейін,
Болмады босқа амалы
Сөйтіп, шалың елемей
Суықтан болған жараны.
Арық қойдан жемдеген,
Бір күнде қолға қарадым.
Арпаның екен кашісі -
Беретін тәуір тамағы,
Қарныңды кептіріп,
Ішегіңді жарады.
Қартайғанда Құдайдың
Бұл не деген мазағы?!
Жыласаң тағы дегендей
Укол дейтін инесін
Тағы әкеліп салады.
Ішіндегі дәрісі
Шаяннан жаман шағады.
Қоярға өзін жер таппай,
Шыбын жан шырыл қағады...
Айтып - айтпай не керек,
Сақтағай Алла кәрінен.
Қайран менің өз үйім -
Артық екен бәрінен!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке
Телеарнадағы денсаулық бағдарламалары
Педагогика теориясы мен тарихында балалар тәрбиесі маңызды мәселе
Сәбит Дөнентаев поэзиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
Ұрпақ тәрбиесі - болашақтың тірегі
Өнеге от басынан басталады
Бала тәрбиесі - баршаның ісі
Балабақша тәрбиесі
Қазақ тіл біліміндегі антонимдердің зерттелуі
Шәкәрім және парсы әдебиеті
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ
Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік
Қазақ тілінің байлығы - қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы
Отан оттан да ыстық демекші мен өз елімді қатты жақсы көремін
Сендер мектепке жақсы дайындалыпсыңдар
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы
Қазір жақсы - жақсы киім бер
Жақсының көзі
Қазақстанның байлығы өте көп, қазынаға бай ел
Жақсылықтың мейірі