Сабақтың атауы

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже

Білімділік

Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын және айырмашылықтарын түсіндіру. Сөз құрамы туралы алған білімдерін пысықтау және жетілдіру.

Тәрбиелік

Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Тапсырманы өз бетінше орындап, нәтижеге жете білуге баулу. Әртүрлі мамандық иелеріне құрмет пен алғыс сезімін ояту.

Дамытушылық

Танымдық қабілеттерін, сауаттылықтарын және көркем жазу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі

Білім, білік, дағдыны жетілдіру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндірмелі-иллюстративті
  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау, салыстыру
  • Талдау-жинақтау, проблемалық әдіс
  • Ойын, ассоциация

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері (өлең)

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Ұйымдастыру

  • Амандасу.
  • Оқушыларды және құрал-жабдықтарды түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру.

Сабаққа мотивация

Балалар, бүгінгі сабақта Арман есімді жалқау балаға қазақ тілінен жаттығуларды орындауға көмектесейік. Келісеміз бе?

Мақсат: бірге жұмыс істеп, негізгі және туынды зат есімдерді ажыратуды үйрену.

Жаңа тақырып: негізгі және туынды зат есім

Негізгі зат есім

Негізгі түбірден жасалған зат есім негізгі зат есім деп аталады.

ыдыс кілем аяқ

Туынды зат есім

Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім туынды зат есім деп аталады.

жұмыскер ойыншық күйші

Есте сақтайық

Негізгі

Түбір күйінде қолданылады.

Туынды

Түбір + жұрнақ арқылы жасалады.

Ой толғаныс: оқулықпен жұмыс

1-топ: ребусты шешу

Суреттегі заттардың атын үлгіде көрсетілгендей жаз. Сұрақ қойып, мағынасын салыстыр.

Құрастыру Нәтиже
көз + ілдірік көзілдірік
балық + шы балықшы
ас + паз аспаз
дәрі + гер дәрігер

1-топ: 2-жаттығу — «Іскерлер» өлеңі

Өлең мәтіні

Дәрігер бала емдейді,

Жолшы жолды жөндейді.

Ұстаз сабақ береді,

Бағбан жеміс егеді.

Ұста темір соғады,

Балташы ағаш жонады.

Диқан тыңды тіледі,

Ісмер кесте тігеді.

Кенші жерді қазады,

Ақын өлең жазады.

Тапсырма

  • Туынды зат есімдерді теріп жазып, сөз құрамына талда.
  • Тағы қандай туынды зат есім болатын мамандық атауларын білесің?

Мысал (туынды зат есімдер)

дәрігер жолшы балташы ісмер кенші

2-топ: негізгі және туынды зат есімдерді ажырату

Негізгі зат есімдерді бір қатарға, туынды зат есімдерді екінші қатарға жаз. Туынды зат есімдердің түбірі мен жұрнағын белгіле.

Берілген сөздер

суретші, ойпат, сый, сыйлық, қалам, сызғыш, ағаш, өнер, қапшық, сусын, су, балық, үйшік, мұз, сиыр, құлыншақ, асхана, көл, коньки, суат

Негізгі зат есімдер

ойпат, сый, қалам, ағаш, өнер, су, балық, мұз, коньки, көл

Туынды зат есімдер

суретші, сыйлық, қапшық, сусын, үйшік, құлыншақ, асхана, суат

3-топ: жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасау

Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып, туынды зат есім жаса.

Түбір сөздер

кітап, дос, егін, орын, таза, адам, мал, шебер

Жұрнақтар

-шы -ші -лық -лік -дық -тық -хана

Үлгі жауап

кітапхана достық егінші орындық тазалық адамдық малшы шеберлік

Сергіту сәті

Көрікті далама қарашы,

Тізілген орман, тау, қаласы.

Алтай мен Атырау арасы —

Қазақтың кең байтақ даласы.

Қазақтың кең байтақ даласы.

Сабақты бекіту

«Ойлан, тап!» ойыны

Интерактивті тақтадан бірнеше сурет көрсетіледі. Сол суреттердің атауын атап, жұрнақ жалғап, туынды зат есім жаса. Туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра.

Суреттер (сөздер)

қой етік үй бес домбыра мүсін қобыз жылқы

Қорытынды

Бүгін біз негізгі және туынды зат есімнің айырмашылығын анықтап, туынды зат есімнің жұрнақ арқылы жасалатынын қайталадық.