Бұхар жырау
Ақтөбе облысы • Мұғалжар ауданы • Жаңажол орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі: Абдуллина Шара
Сабақ тақырыбы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Көрнекіліктер
- Қазақстан картасы
- Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
- Плакаттар
Сабақтың мақсаты
1) Танымдық мақсат
Тәуке ханның Қазақ хандығы тарихындағы тәжірибелі қолбасшы, білікті саясаткер ретінде қалыптасуын және ел үшін атқарған игі істерін түсіндіру.
2) Дамытушылық мақсат
Оқушыларды жүйелі ойлауға, топта бірлесе жұмыс істеуге, өз пікірін негіздеп айтуға дағдыландыру.
3) Тәрбиелік мақсат
Тәуке хан тұлғасы арқылы елге, жерге, Отанға сүйіспеншілікті нығайту.
Сабақтың әдістері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа назарын аудару.
- Сыныпта жағымды жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сынып оқушылары топтарға бөлінеді. Әр топқа өткен тақырып бойынша сұрақтар ұсынылады.
1-топ сұрақтары
-
Тәуекел хан қай қаланың түбінде қайтыс болды?
Жауабы: Бұхара қаласы.
-
Есім сұлтанның Тәуекелге қандай туыстық жақындығы болды?
Жауабы: Інісі.
-
Есім хан кімдерден қолдау тапты?
Жауабы: Әскер мен қазақ сұлтандарынан.
-
Есім хан тұсындағы ел астанасы қай қала болды?
Жауабы: Түркістан.
-
Тұрсын өзін қай қаланың тәуелсіз ханы деп жариялады?
Жауабы: Ташкент.
-
Қазақ хандығының бытыраңқылығын өз пайдасына шешкен хан кім?
Жауабы: Бұхар ханы.
-
Есім хан Бұхар ханымен қай жылы келісімге келді?
Жауабы: 1611 жыл.
2-топ сұрақтары
Моғол хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы одақтық қатынастар қай ғасырда орнады?
Жауабы: XVII ғасырда.
-
Есім хан қай жылы және кімдерге қарсы жорыққа аттанды?
Жауабы: 1627 жылы, қалмақтарға қарсы.
-
Есім хан жорықта жүргенде Түркістанда қандай жағдай орын алды?
Жауабы: Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасады.
-
Елдің жағдайы қандай болды?
Жауабы: Көп адам қырғынға ұшырап, балалар мен аналар тұтқынға түсті.
-
Есім хан Тұрсын ханмен бірге қай руды жазалады?
Жауабы: Қатаған руын.
-
Бұл оқиға тарихта қандай атпен белгілі болды?
Жауабы: «Қатаған қырғыны».
-
Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы қай жыраудың өлеңдерінен көрініс тапты?
Жауабы: Марғасқа жырау.
-
Моғол хандығында Есім ханның жақтасы болған кім?
Жауабы: Әбд-ар-Рахым хан.
3-топ сұрақтары
-
«Қасым ханның қасқа жолы» кімнің заңдар жинағы еді?
Жауабы: Қасым хан.
-
Қасым ханның заңдар жинағын ел басқару ісінде тиімді пайдаланған хан кім?
Жауабы: Есім хан.
-
«Сенен бұрын жеті ханды жебедім, кешегі Еңсегей бойлы ер Есімді де білемін» деген жолдарды айтқан кім?
Жауабы: Бұхар жырау.
-
Есім ханды «Еңсегей бойлы ер Есім» деп дәріптеген қазақ шежірешісі кім?
Жауабы: Құрбанғали Халид.
-
Қай ханның қызыл туы Есімнің қолында қалған?
Жауабы: Ұрыс хан.
-
«Есім ханның ескі жолында» қандай мәселелер қаралды?
Жауабы: Қоныс-тұрақ, мал-мүлік, даулы мәселелер.
-
Жаугершілік заманда Есім ханға қандай баға берілді?
Жауабы: Ірі қайраткер.
Үй тапсырмасын қорытындылау
- Топтар «Есім ханның елі үшін еңбегі» тақырыбында ассоциациялар құрады.
Картамен жұмыс
- Есім хан билік құрған аймақтарды анықтау.
- Тұрсын хан билік құрған аймақты көрсету.
- Есім хан қай елдермен/жерлермен бейбіт қарым-қатынас орнатқанын белгілеу.
- Қалмақтардың Қазақстанның қай өңірлеріне енгенін көрсету.
III. Жаңа сабақ
Жоспар 1
Тәукенің хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы
Жоспар 2
Тәукенің хан тағына отыруы және хандықтың ішкі-сыртқы жағдайы
Жоспар 3
«Жеті жарғы» заңдар жинағы
Топтық жұмыс форматы
Әр топқа тапсырмалар бөлініп беріледі. Дайындалуға 8–10 минут уақыт белгіленеді. Оқушылар берілген уақытта дайындалып, жұмыстарын тірек-сызбалар арқылы қорғайды.
IV. Жаңа сабақты бекіту
-
1) Тәуке ханның ел билеген жылдары қандай?
-
2) «Жеті жарғы» деген не? Ол қоғамның қандай мәселелерін шешті?
-
3) Тәуке хан тұсында жасалған заңдар жинағы қалай аталады?
V. Бағалау
Оқушылардың жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.