Ұрпақ мақтанышы

Ғани ерлігі — өшпес өнеге

Ғани Мұратбаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы.

Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп Ғылыми-практикалық формат Мерейтойлық іс-шара

Кіріспе көрініс

Сахналық бөлім

  • Сахна сыртында күй ойналады.
  • Сахнада Н. Аманжоловтың «Мен — Ғанимын» монологы.

Жүргізушілердің сәлемдесуі

1-жүргізуші

Армысыздар, қадірменді қонақтар!

2-жүргізуші

Армысыздар, ұстаздар!

1-жүргізуші

Армысыңдар, бүгінгі айтулы күннің куәсі болар жас ұрпақ! Өздеріңізге белгілі, Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарын ұйымдастырушы қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың есімі елге ғана емес, әлемге де таныс.

2-жүргізуші

Ендеше, Ы. Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте өтетін «Ғани ерлігі — өшпес өнеге» ғылыми-практикалық конференциясына қош келдіңіздер!

Тұлғаға тағзым

Арнау

Тайсалмай тура салып тасқа түрен,
Жолынан жауыздықтың таспа тілген.
Ардақтап әділдіктің әліппесін,
Қақ жарған қара қылды қас батыр ең!

Өз ұлтының патриот перзенті, ХХ ғасырдың ірі тұлғасы, киелі Қазалы топырағынан нәр алған Ғани Мұратбаевтың 110 жылдық мерейтойы аталып өтуде.

Қысқаша ой

Ғани — Қазалыда туған қазақтың жарық жұлдызы. Ол кейінгі ұрпаққа ұлағатты іс қалдырған, жастықтың, патриотизм мен батырлықтың айнасы.

Құрметті қонақтар

Бүгінгі айтулы күннің қонақтарымен таныс болыңыздар:

  • О. Бекпанов

    Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

  • Тайпақова Катира Ниязқызы

    Қазалы аудандық бөлімінің тарих бірлестігінің әдіскері

  • Б. Рысқұлов

    Ғанидің өнегелі істерін ұрпаққа жеткізуші, ұрпағы

Конференцияның ашылуы

Құттықтау сөз

«Ғани ерлігі — өшпес өнеге» ғылыми-практикалық конференциясын ашу үшін мектеп директоры Шермаханов Төребай Айдарбекұлына сөз беріледі.

Музыкалық номер

Хор: «Мұратбаевшылар маршы».

Негізгі ой өзегі

Ғани — ел қамқоры

Ғани Мұратбаев — алмас қылыштай жарқылдап өткен Алаш арыстарының бірі. Ол 18 жасынан бастап қазақ халқын аштықтан арашалауға, сауатсыздықты жоюға белсене кіріскен. Қысқа ғұмырын жастардың келешегіне арнады.

Тәуелсіздікке бастар жолдың бір парағы

Ғани өмірі — бүгінгі Тәуелсіздігімізге жетер жолдағы күрес тарихының қастерлі бір парағы. Ол жеке бастан халық мұратын жоғары қоя білген парасаттың, тарыққанды демеп, жабыққанды жебеген ізгіліктің үлгісі. Сондықтан Ғани рухын құрметтеу — ұрпақ парызы.

Зерттеу баяндамалары

Оқушылар ғылыми-зерттеу конференциясы нәтижесі

Ғани Мұратбаевтың 110 жылдығына арналған іс-шаралар аясында мектебімізде 24 ақпанда оқушылардың ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Үздік деп танылған жұмыстардың бірі — 10 «А» сынып оқушысы Өтеген Гүлсаяның «Ғани — қазақтың жарық жұлдызы» атты іздену жұмысы.

Жүргізушілер тілегі: Гүлсая, талап-тілегің өркендеп, Ғани ізбасары бола беруіңе тілектеспіз.

Мұражай және рухани тәрбие

Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, құнды дүниелерімізді зерттеп, жинақтап сақтап, халыққа жеткізетін орын ретінде музейдің маңызын атап өткен.

Мектебіміздің үздік оқушысы, тарих пәні олимпиадасының жүлдегері Жүсіпбек Ырысбектің «Ғани мұражайы — рухани тәрбие орталығы» атты баяндамасына кезек беріледі.

Марапаттау және сұхбат

Жас зерттеушілерді марапаттау

Ғани ісін бүгінгі ұрпаққа жеткізу жолында атқарылып жатқан еңбекті бағалау мақсатында жас зерттеушілерді марапаттау сәті құрметті қонақтарға беріледі.

Тілшілер сұхбаты

«Жас Алаш» газетінің тілшісі Қ. Телеуова және 10-сынып оқушысы, жас тілші Н. Қаламбай Ғани ісін жалғастырушы ізбасарлармен сұхбат жүргізеді.

Әдеби бөлім

Арнау жыр

Жанып өткен жаралған жас жанынан,
Аты ұмытылмай келе жатқан ғасырдан.
Жастарға үлгі боларлықтай іс еткен,
Болашақты жақсы етем деп тер төккен.
Жанарың жүр бірінде жарқылдаған,
Дауысың жүр бірінде саңқылдаған.
Жігерің жүр бірінде жасымаған,
Ғұмырың жүр ұрпағында сарқылмаған.

Әдеби монтаж

Ғанидың ізін жалғастырып, жарқын істерін жалғап жүрген мектебіміздің мақтаныштары сахна төрінде. (7-сынып оқушыларының әдеби монтажы)

Естелік және бейнематериал

Замандастарынан озық туған Ғани Мұратбаев қарапайымдылығы мен іскерлігі арқылы соңына сөнбейтін жарықтай өшпес із қалдырды. Ол туралы серіктес замандастары естеліктер жазып, қолжазбаларында сақтап қалдырған.

Ілияс ағамыздың Ғани туралы естеліктері бойынша бейне көрініске назар аударайық.

Тарихи дерек және монолог

Тарих беттерінен

«Жылдар, жылдар зымырап қаншама өткен, мен тарих беттерін ашам еппен…» — деп жырлағандай, мына дерекке назар аударайық: 1924 жылы қазан айында Ғани Мұратбаев Қазалының қызы Бақытжан Танауоваға үйленеді.

Бақытжан апаның естелігі

Ғанидың жары Бақытжан апаның естелігінен монолог оқылады. Орындаушы: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ. Телеуова.

Үш тіл және шығармалар байқауы

Тіл саясаты туралы ой

Елбасы Жолдауында Қазақстан халықтарының рухани дамуы мен «Үш тұғырлы тіл» саясатының маңызы айтылды: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдалана алатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс.

Байқау жеңімпаздары

Осы бағытты басшылыққа ала отырып, Ғани Мұратбаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылған оқушылардың үш тілдегі шығармалар байқауының жеңімпаздары сахнаға шақырылады. Оқушылар өз туындыларын көпшілікке ұсынады.

Өнер және жыр

Мүшайра жеңімпазы

Ғани — әдеби көркем туындыға арқау болған тарихи тұлға. Олай болса, Ғаниды жүрегімен жырлайтын өрендеріміз де өсіп келеді. Ғани Мұратбаевтың 110 жылдығына арналған аудандық оқушылар мүшайрасының жеңімпазы, 8 «А» сынып оқушысы Досмағамбетова Назгүл «Ғани аға» өлеңін оқиды.

Ән

«Жаса, Қазақстан!»

Қорытынды

Тағылым

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған.

Ғани — бүгінгі күнге де өнеге болар бейне. Оның тұлғасы елдікті қастерлеп, ерлікті ұлықтаған азаматтың үлгісі, ұрпақ мақтанышы.

Қоштасу сөздері

1-жүргізуші

Келесі кездескенше! Еліміз тыныш болсын.

2-жүргізуші

Жүзіміз жарқын, күніміз ашық болсын!