Inkscape векторлық графикасының редакторы

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды Inkscape векторлық графика редакторымен таныстыру және бағдарламада жұмыс істеуді үйрету.

Дамытушылық

Ой-өрісін кеңейту, білім-білік дағдыларын дамыту, тапсырмаларды жүйелі орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Жауапкершілікке, жинақылыққа және жан-жақты дамуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Төмендегі құрылым сабақтың кезеңдерін ретімен өткізуге арналған: ұйымдастыру, топқа бөлу, білімді тексеру, жаңа материал, бекіту және кері байланыс.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Психологиялық дайындық: «Мен кіммін, қандаймын?» тренингі.

«Шаттық шеңбер»

Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Дүйсенбінің сәті
Сәттілікке толы болсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!

II. Топқа бөлу

«Орыны ауысқан» әріптер арқылы сөздерді құрастыру:

Берілген сөздер

  • СЙЕФРЕТНИ
  • РЕТТЕИСАҚ

Топтар

  • 1-топ: Интерфейс
  • 2-топ: Қасиеттер

III. Үй тапсырмасын қайталау (жабық тест)

Оқушылар төмендегі сұрақтарға қысқаша жауап береді.

  1. 1. Компьютерлік графика неше түрге бөлінеді?
  2. 2. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата.
  3. 3. Растрлық графиканың басты элементі.
  4. 4. Векторлық графиканың басты элементі.
  5. 5. Мәліметтерді енгізу операторы.
  6. 6. Мәліметтерді шығару операторы.
  7. 7. Пернетақтаның қызметі.
  8. 8. Пиксель дегеніміз не?
  9. 9. Жад дегеніміз не?
  10. 10. Жад неше түрге бөлінеді?

IV. Ой қозғау

Венгр сөзжұмбағы арқылы алдыңғы білімді еске түсіру және жаңа тақырыпқа кіріспе жасау.

Жаңа сабақ: Inkscape

Inkscape — тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өңдеуге арналған редактор. Кейбір тегін графикалық редакторлар сияқты, ол компьютер ресурстарын көбірек талап етуі мүмкін, сондықтан кей жағдайда баяу жұмыс істейді. Дегенмен, Inkscape арқылы сайт батырмаларынан бастап баннерлерге, визиткалардан кітап иллюстрацияларына дейін әртүрлі кескіндерді жасауға болады.

Интерфейс параметрлерін баптау

Тілді, құралдар батырмаларының өлшемін және өзге де параметрлерді келесі жолмен баптауға болады:

Файл → Inkscape баптау → Интерфейс

Редактор терезесінің негізгі элементтері

Inkscape терезесі шартты түрде 9 элементтен тұрады:

  1. 1. Бас мәзір
  2. 2. Құралдар параметрлері
  3. 3. Құралдар панелі
  4. 4. Таңбалау элементтері
  5. 5. Жұмыс аймағы
  6. 6. Бұйрықтар панелі
  7. 7. Жабысу параметрлерінің панелі
  8. 8. Түстер үлгілері (бояу палитрасы)
  9. 9. Қалып-күй жолы

Құжат қасиеттері

Жұмысты бастамас бұрын құжаттың қасиеттерін анықтау маңызды: өлшемі, фоны, бағыттауыш параметрлері, торлар және т.б.

Постермен жұмыс

1-топ: Интерфейс

Inkscape интерфейс элементтерін постерде жүйелеп көрсету, қызметін қысқаша түсіндіру.

2-топ: Қасиеттер

Құжат қасиеттері мен баптауларын (өлшем, фон, тор, бағыттауыш) мысалмен көрсету.

Түйін

  • Векторлық суреттер нысандардан (объектілерден) тұрады.
  • Құжат қасиеттерін баптау Файл → Құжаттың қасиеттері бұйрығы арқылы ашылатын сұхбат терезесінде орындалады.
  • Терезе элементтерін Түр мәзірінен «Көрсету/жасыру» пәрмендері арқылы басқаруға болады.
  • Бағыттауыштар мен тор нысандарды дәл орналастыруға көмектеседі.
  • Inkscape-та сақталатын файлдың стандартты түрі — Inkscape SVG.
  • Дайын суреттерді басқа редакторлар қолдайтын пішімдерге экспорттауға болады.
  • Құралдар параметрлері панелінде құрал параметрлерінің нақты мәндерін дәл орнату ыңғайлы.

Компьютермен тәжірибелік жұмыс

Inkscape-та құжат құру, қасиеттерін баптау және қарапайым векторлық нысандармен жұмыс орындау.

Сергіту сәті

Көзге арналған жаттығулар: көзді демалдыру, назарды қашық/жақын нүктеге ауыстыру.

Үй тапсырмасы

«Inkscape — векторлық графика редакторы» тақырыбында эссе жазып келу.

Бағалау және кері байланыс

Бағалау

Тапсырмаларды орындау сапасы, топтық жұмысқа қатысуы және практикалық бөлім нәтижесі бойынша бағаланады.

Кері байланыс

Оқушылар Inkscape-та не үйренгенін, қандай тұстар қиын болғанын және келесі сабақта нені қайталағысы келетінін қысқаша жазады.

Қосымша: Inkscape векторлық графика редакторы туралы материалды интернеттен жүктеп, келесі сабаққа қысқаша шолу жасап келуге болады.