Мұхтар Әуезовтің қызы
Сайыс сабақ жоспары (9-сынып)
Тақырыбы
«Ұлы ғасырдың ұлы тұлғасы»
Түрі
Сайыс сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап
Көрнекілігі
- М. Әуезов және өзге де ұлы тұлғалардың нақыл сөздері
- Қабырға газеті, эмблемалар
Эпиграф
Ақыл-ойдың данышпаны, ұланым,
Шөлдегенде сусындайтын жыр-әнім.
Қазағымның маңдайына жаралған,
Ұлы Мұхтар — көгімде ұшқан қыраным.
Сабақтың мақсаты
1) Танымдық мақсат
Кемеңгер жазушының даналығы мен даралығын таныту, шығармашылығымен тереңірек таныстыру.
2) Дамытушылық мақсат
Сұрақ-тапсырмалар мен сөзжұмбақтар арқылы оқушылардың тапқырлығын, алғырлығын дамыту; ұйымшылдық пен белсенділікке тәрбиелеу.
3) Тәрбиелік мақсат
М. Әуезов шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке үндеп, елдің саналы азаматы болып қалыптасуына ықпал ету.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Сайысқа қатысатын екі топтың сайыскерлерін ортаға шығару.
II. Таныстыру және сәлемдесу
Әр топ өздерін ұранымен, әнімен таныстырады. Топтың атауы, эмблемасы және қабырға газеті қорғалады.
Сәлемдесу ұстанымы
«Білгенге — маржан, білмеске — арзан»
I топ: «Шамшырақ»
Ұраны
Қыран құстай қалықтаймыз,
Көк аспанның төрінде.
Шамшырақтай жарқыраймыз,
Жер-жаһанның бәріне.
II топ: «Арай»
Ұраны
Сайысамыз сіздерменен қалыспай,
Дүбір десе жұлқынамыз тұлпардай.
Бойда жігер, ойда — білім біздерде,
Бұл өнерді паш етпелік біз қалай?
III. Сұрақ-жауап бөлімі
Екі топтың сайыскерлеріне сұрақтар беріледі. Әділқазылар алқасы жауаптарға сәйкес бағалап отырады.
1) Мұхтар кімнің қолында тәрбиеленеді?
Жауабы: Мұхтар атасы мен әжесі Дінәсілдің қолында тәрбиеленеді.
2) Мұхтардың ең алғашқы туындысы қандай және ол қайда қойылды?
Жауабы: «Еңлік—Кебек» драмасы. Театр болмағандықтан, пьеса ауылда киіз үйде қойылды.
3) Мұхтартану ғылымына үлес қосқан кімдерді білесіңдер?
Жауабы: Керімбек Сыздықов.
4) «Көксерек» әңгімесінің жазылу тарихы
Жауабы: Әуезовтің естелігі бойынша, «Көксерек» әңгімесінің жазылуына оның жұмыс бөлмесіндегі қабырға күнтізбесіндегі қысқы пейзаж себеп болған.
5) «Абай жолы» шығармасының ең алғашқы атауы қандай және қай жылы жарық көрді?
Жауабы: Алғашқы атауы — «Ақын аға». I томы — 1950 ж., II томы — 1952 ж.
6) «Қилы заман» повесі қай жылы және қай баспадан жарық көрді?
Жауабы: 1928 жылы шілде айында Қызылорда қаласында, «Қазақстан» баспасынан жарық көрді.
IV. Үй жұмысы: әдеби көрініс
«Өнерліге өріс кең»
«Шамшырақ» тобы «Абай жолы» роман-эпопеясынан көрініс көрсетеді.
Көпке түсініксіз күйде біраз үнсіз тұрған Абай бір кезде денесін бұрмай, оң қолымен ғана ишара жасап, артына қарай қарады да, жігіттерге белгі етті. Барлығы көрнексіз молаға таңырқай қарап, Абайдың қасына келді. Ат тұяқтарының тықыры басылып, жұрт тегіс тыныштыққа ауысқанда ғана Абай сөз қатып, ақырын қоңыр үнмен сөйлей бастады.
Бұл — жалғыз мола, осы иесіз жотаға пайда болғалы биыл жүз рет жадырап жаз, кірбің тартқан күз келді. Сол бір тіршілігімнің үнсіз куәсі — осы мола. Бұл қос мола ішінде аса бір ауыр сыр бүккен молалар. Шаң да осы тұсқа соғып өткенде, әлдебір қарызым бардай боламын. Ақындық қарызым сияқты. Мұнда жатқан бірі — қыз, бірі — жігіт. Жігіті — Кебек, қызы — Еңлік еді.
Еңлік пен Кебек қуғыннан қашып, аңдай болып мына Орда тауын паналап, азғантай ғана дәурен сүрді. Сол бұйырмаған махаббаттан туған екеуінің баласы — жөргектегі нәресте Жасұлан — әкесі мен шешесінен айырылған күні жөргегінде жылаған күйінде мына шеткі Ақшоқының ессіз биігінің басына апарып тасталды. Дәл сол қаза күні күн батқанша шыдамы таусылып, жылап жатты. Суық дүние, тылсым дүние ортасында тасбауыр адамнан алыс, жалғыздықтан үні өшті! Мәңгі өшті!
V. «Цифрлар сөйлейді» ойыны
Мақсаты: алдын ала дайындалған ерекше жылдар арқылы оқушылардың жылдам ойлауын, тапқырлығын дамыту.
Жыл
Маңызы
1897
Бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысында (қазіргі Семей обл., Абай ауданы) дүниеге келді.
1908
Семейде орыс мектебіне алғаш оқуға барды.
1917
Тұңғыш туындысы — «Еңлік—Кебек» пьесасын жазды.
1921
Кеңес мекемелерінде жауапты қызмет атқара жүріп, баспасөз жұмысына да араласты; бірнеше әңгіме жазды. Соның бірі — «Қорғансыздың күні».
1930-жылдар
«Манас» эпосын зерттеумен шұғылданды.
1961
Дүниеден өтті.
1997
Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.
VI. Сергіту сәті
Сергіту сәті ретінде қысқа «жарнама» немесе шағын шығармашылық үзіліс ұйымдастырылады.
VII. «Қиыннан қиыстырар…» (сөзжұмбақ)
Айдары: «Жас ойшылдар әлемінде». Мақсаты — оқушылардың дүниетанымдық қабілеті мен ой-өрісін кеңейту. Сөзжұмбақ дұрыс шешілсе, Мұхтар ағамыздың ең жақын адамының есімі шығады.
- Мұхтар Әуезов аударған атақты комедия.
- «Қорғансыздың күні» әңгімесінің басты кейіпкері.
- Мұхтар Әуезовтің қызы.
- М. Әуезовтің балаларға арналған әйгілі әңгімесі.
- Мұхтардың әжесінің аты.
- Пьесасының атауы.
- Мұхтар сомдаған ұлы тұлға.
- Мұхтардың зерттеген шығармасы.
- «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасының басты кейіпкері.
VIII. «Таныс бейне, таныс есім» сайысы
Белгісіз бір шығармадан шағын үзінді оқылады. Тапсырма: үзінді қай шығармадан алынғанын және кейіпкердің кім екенін анықтау.
Үзінді 1
Жолаушының бірінің торғын тасты жаңа түлкі тымағы бар, қалың киімінің сыртынан киген мол сұр шапанының жағасы қара барқыт. Аяғында байпағының қонышын барқытпен көмкерген жаңа қара етік. Алғаш көргеннен-ақ «мынау мырза екен» дегізгендей. Жасы отыздар шамасында. Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау мұртты, шоқша сақалды, сұрғылт жүзді. Суық қарайтын өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар. Күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғанын аңғартады.
Жауабы: М. Әуезов, «Қорғансыздың күні» — Ақан мырзаның бейнесі.
Үзінді 2
Бақтығұл інісінің қасына жамбастай жақындай отырып, жаңа ғана айтқан «арысым» деген сөзін қайта-қайта ойлап, қатты қобалжып қалды. Інісі — бойы биік, кеудесі талыстай, қол-сирағы ұзын, сом біткен атан жілік азамат еді. Бақтығұлдың өзі де кесек, балуан денелі болғанмен, інісі бұдан биіктеу, сүйегі балғын болатын.
Түсіндірме: Тектіғұл бейнесі («Қараш-қараш оқиғасы»).
IX. Сабақты қорытындылау
Айналайын, қазағымдай халықтан,
Бойларына жыр-күйлерін дарытқан.
Дана Мұхтар, ұлы тұлға Абайды,
Шіркін, қалай бар әлемге танытқан.
Қуат беріп Абай—Мұхтар бойыма,
Жырдан шашу ала келдім тойыңа.
Мұхтар десем, Абай тұрар жүректе,
Абай десем, Мұхтар келер ойыма.
X. Бағалау
Сабақ соңында әділқазылар алқасы топтарға әділ бағасын береді. (Мәтіндегі нұсқаға сәйкес: «Шамшырақ» және «Жас ұрпақ» топтары аталады.)